7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы Табиғатқа қамқорлық ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы Табиғатқа қамқорлық ашық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзін өзі тану сабағының жоспары

Күні:

Сынып: 4 А

Тақырып: Табиғатқа қамқорлық

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Қамқорлық, қайырлық, жақсылық

Мақсаты: Оқушылардың табиғат құндылығы және қамқорлық адами қасиеті туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-табиғатқа қамқорлық жасау түсінігін қалыптастыру

-табиғатқа қамқорлық жасау қарым қатынасын дамыту

-табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Ресустар: оқулық, үнтаспа, дәптер, суреттер

Сабақ барысы

1Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, түгелдеу, 5Т )

Топқа бөлінеді. Жер, Су, Ауа, Ағаш

Тыныштық сәті

-Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Табиғаттың сұлулығы соншалықты, қараған сайын қарай бергің келеді. Ондағы сұлу да нәзік гүлдерге, самғай ұшқан құстарға қызыға қараймыз. Бір сәт қасымызда мүлгіп тұрған тауға қарап, оның ұшар басына шыққымыз келіп кетті. Сол сәтте Табиғат анамыз естіп тұрғандай, бізді әр түрлі түстерімен әсем көрінетін кемірқосаққа айналдырып, аспан аясына орналастырды. Қандай керемет! Биіктен сан түрлі шашақ шашып, нұрға бөленген қандай ғанибет! Біздің түрлі түсті сәулелерімізге қуана қарап, мәз мейрам болған балалар. Көктен қарағанда табиғат сұлулығы бұрынғысынан да құлпырып кеткендей! Осындай сұлулыққа шын тамсанған, қызыға қараған сезімізден бойымыз сұлулық пен жылылыққа бөленгендей. Осы сұлулық пен жылылықты ұзақ сақтауға іштей уәде етіп, бұрынғы қалпымызға келейік.

Үй тапсырмасын тексеру

Ә. Табылдиевтің "Атаның өнегесі" әңгімесін оқып келу.

Мұғалім : Балалар, біздің жанымызға жомарттық, кеңпейілділік, қиялымызға ұшқырлық, сезімімізге асқақтық, көңілімізге мөлдірлік сыйлап отырған Табиғат ана.Оның сұлулығымен көркемдігін айтып жеткізу мүмкін емес.Ата бабамыздан бізге жеткен осындай жасыл желекті, ну орманды ғажап жерлерді сақтап, қорғап, аялап, күтіп баптап кейінгі ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз.

Дәйексөз

"Көзіңді қалдыр- бұлақ көзін аша жүр, ізіңді- қалдыр жақсы істен мұра шаша жүр, өзіңді қалдыр- бақша өсіріп жаса нұр".

Халық даналығы

- Хормен оқу, ұлдар 1 рет, қыздар 1 рет

- Дәптерге жаздыру

- Не түсіндің?

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Оқушылар 4 топқа бөлінеді.

- Бірінші топ Актерлер деп аталады. Осы мәтіннен немересі мен атасының ата жұртына барған жерін сахналау шағын көрініс көрсетеді.

- Екінші топ Журналистер тобы болады. Бұл топ мәтін бойынша сұрақтар қояды, сол сұрақтар бойынша жауаптар алады.

- Атасы немересін неліктен жол үстінде тоқтатты?

- Жол жүрсең, жоралғыңды сақта дегенді қалай түсінесіңдер?

- Атасы мен немересінің бұлақ көзін ашуын табиғатқа қамқорлық деп айтуға бола ма?

- Атасы мен немересінің табиғатқа қамқорлығы тағы қандай істерінен көрінеді?

- Үшінші топ Суретшілер тобы. Осы әңгіме мазмұнына сәйкес атасы мен немересінің еккен ағаштарының бес жылдан кейінгі суретін салып жария етеді.

- Төртінші Жас ақындар тобы. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып өлеңді оқы.

Қандай болып өсемін?

Табиғатты білемін,

Ауа, су, жер, күн, аспан,

Жан жануар,

Гүл, егін,

Көкжиекке ұласқан.

Насекомдар,

Тау, дала,

Аң, құс, өзен, көл, теңіз.

Табиғат ол айнала,

Қасиетті өлкеміз.

Әңгімелеу.

Мұғалімнің сыйы.

Мұғалім оқушыларға А. Мырзағулованың "Табиғат- ана" мәтінін үнтаспадан тыңдайды.

- Табиғаттағы көгілдір нелер? ( аспан, өзен, көл, теңіз,)

- Табиғаттағы жайқалған нелер?( ағаштар, гүлдер, )

- Табиғаттағы ән салған нелер?( құстар)

- Сыбырлаған нелер?( жапырақтар )

- Сыңғырлаған нелер?(құстар )

. Осының бәрін бір сөзбен айтқанда не дейді?

Дәптермен жұмыс.

1-тапсырма. Табиғатқа тіл бітсе........Бос жолақтарға "Егер табиғатқа тіл бітсе......" онда ол адамдарға қандай өтініштер айтуы мүмкін? деген сұраққа өз ойларыңды жазыңдар.

2-тапсырма. Қазақстан қорықтарын қалай жақсартуға болатыны туралы ойларыңды жазыңдар.

Ойын -жаттығу.

Бүгін бізге қонақ келіп отыр. Мен оның кім екенін жасырып көрейін, сендер оны шешуге тырысыңдар.

- Ол өте нәзік, әдемі;

- Ол ешкімге жамандық ойламайды;

- Гүлдерді өте жақсы көреді;

- Ол әдемі алқаптарға ұшып жүреді;

-Иә, бұл көбелек.

Мұғалім балаларға түрлі түсті қағаздан қиылған гүлдерді таратып беремін және оларға мынадай сұрақ қойыладыЖ

-Табиғаттағы неге ұқсағыларың келеді?

Балалар жауаптарын гүлге жазады.Мұғалім гүлді алқапқа көбелекті қондырады.

Мұғалім : Біздің ата -бабамыз біздің жақсы өмір сүруіміз үшін табиғатты қорғап, күтіп баптап, сақтап бізге жеткізіп отыр. Ал енді осы мұраны жоғалтып алмай өзімізден кейінгі болашақ ұрпаққа тапсыру біздің мойнымыздағы қарыз. Ол үшін өз ауылымыз бен қаламыздағы ағаш бұталарды кеспей, санын молайтып, көктем сайын ағаш егіп, су көздерін тазалап отыру, ауаны таза ұстау біздің міндетіміз

Топпен ән айту.

"Бақытты балалық шақ" әнін айтады

Үйге тапсырма:

- Табиғат туралы өлеңдер жаттап келу;

- Табиғат туралы жұмбақтар жазып жазып келу.

Соңғы тыныштық сәті

- Балалар, бүгінгі сабақтан алған құндылықтар мен қасиеттерді есімізге түсіріп жүрегімізге сақтап алайық.

Сабақ аяқталды.Рахмет!





























































Қандыағаш қалалық №4 орта мектебі









Сабақтың тақырыбы :





Табиғатқа қамқорлық





Өткізген : А.Т.Бекмурзаева

















2015-2016 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал