7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Өз мүмкіндігімізді таниық

Сабақтың тақырыбы: Өз мүмкіндігімізді таниық

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзiн-өзiтану сабағының жоспары

Мектеп №36 қазақ орта мектебі № 5Тақырып Өз мүмкіндігімізді таниық

Құндылық Сүйіспеншілік Қасиеттерадалдық,мейірім, адамгершілік. Класс 6 Оқушылар саны 20 МерзiміСабақ мақсаты: әр оқушының өзіндік мүмкіндіктерін танып, оларды қабілеттеріне орай дамытуға жағдай туғызу.

Міндеттері:

  • Оқушыларға адам мүмкіндіктері туралы түсінік беру;

  • Әр оқушының өз мүмкіндігін танып, дамытуына ықпал ету;

  • Өз мүмкіндіктерін бағалай және әске асыра білуге

тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi.(Нұрға бөлену)

5-сабақта берілген Ш.Әміралиев пен Л.С.Рувинский мәтіндерін оқу, әңгімелеу..

  • Адамның мүмкіндігін білеміз бе?

  • Адамның мүмкіндіктері мен қабілеттерін дамытуына қандай қасиеттер ықпал етеді?

  • Адам мүмкіндіктерін ашудағы берік күштердің мәне неде?



Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

«Жақсы адамның сөзі де, ойы мен ісі де-ізгі».

(Лао-цзы)



(оқушылар талдап болғасын 2 рет қыздарға айтқызу 2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге 4рет айтып шығады)Дәйексөзді дәптерге жазу.







  1. Әңгiмелеу

Екідос және қария

Аңыз

Бір ауылда Арман және Сауран деген екі дос тұрыпты.

Бір күні олар бірге отырып ұлы ерліктер жасау туралы армандайды, соның арқасынада олардың есімдері ғасырлар бойы жоғалмайды деп отырған да, сырқат кәрі көрші әйел оларға су әкеліп беруін өтінеді.

Арман маңызды іспен айналысып отырғандықтан ұсақ-түйекпен айналысуға уақытым жоқ дейді. Ал Сауран болса, үнсіз орнынан тұрадыда су әкеліп береді.Осы әңгімеден соң көмекберу үшін күнде кедей әйелдің үйіне баратын болыпты.

Тағы бірде достар төбе басында отырса, оларға қайыршы қария келеді де тамақ сұрайды.

  • Бөгет жасама, - дейді оған Арман, сен бар болғаны қайыршы қариясың, ал мен болсам, жарық дүниедегі адамдардың бәрін қалай тамақтандыруды ойлап отырмын.

Ал оның досы болса, орнынан тұрып, киіз үйден нан әкеліп, оны қарияға берді. Қария Сауранға алғысын айтады да былай дейді:

  • Қалтасы тесік жан ғана қайыршы емес. Кімнің жан дүниесі бос болса сол қайыршы. Өзі туралы осылай ойлаған адам ұлы емес, айналасындағыларға көп жақсылық жасаған адам ғана ұлы адам бола алады.

Сірә, Арман сияқты жігіт қайдағы бір қанғыбастың сөзін тыңдаушы ма еді? Ол күні бойы қайткенде жақсы және ұлы адам болатыны, қайырымдылығы мен қамқорлығына қалай алғыс айтатыны жайында айтумен болды.

Ал Сауранның бос сөйлеп уақыт кетіруге мұршасы болмады.Ол қарттар мен ауруларға көмтесті, әлсіздерді жұбатты.

Уақыт өтіп жатты. Достардың біреуі мылжың, саран болды. Ал екіншісі өзінің жастығына қарамастан ауылдағы қарттармен ақылдасып отыратын ең сыйлы адамдардың бірі болды. Қайырымды да ақылды жас жігіттің даңқы алысқа тарады. Адамдар тіпті оның құрметіне орай бір тауды соның атымен атаған дейді, ал екіншісі туралы ешкімнің есіне алмағына көп уақыт өтті.

Сұрақтар:

-Неліктен адамдар екіншісі туралы естеріне алмадыдеп ойлайсыңдар?

-Екі достың әрекетіне дегшен көзқарастарың қандай?





  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Адамның бойындағы мүмкіндіктерді ашуға көмектесетін қаиеттерді атап, оны дамытудың жолдарын ұсынып өз ұсыныстарыңды жүйелеу.



  1. Топпен ән айту.

«Армансызкунымболмайды»



1)Бақытты жанмын сонда да бірақ

Көңілім кейде толмайды

Алаңсыз күліп жүрген кезде де

Армансыз күнім болмайды

Аспандакүндеайналартүнге

Арманымөлсесолқайғы

Бақытқасенемін

Армандайберемін

Армансызкүнімболмайды



2) Армандапғұмыркешемінкүнде

Бірүмітқалсынішімде

Арманменбіргеөсемінменде

Адам болыпқалуүшін де

Аспандакүндеайналартүнге

Арманымөлсесолқайғы

Бақытқасенемін

Армандайберемін

Армансызкүнімболмайды



  1. Үй тапсырмасы.

6-сабақта берілген Г.Потанин «Шоқан» естелігін оқу және әңгімелеу .

Дәптермен жұмыс 4 - сабақтағы тапсырма орындау.



  1. Соңғы тыныштық сәтi.Баяу музыка ырғағымен көздерімізді жұмып,бүгінгі сабақта қандай құндылықтар көргеніміз жайлы жүрегіміздің түбіне сақтап қояйық. Сабаққа қатысқандарынызға көп рахмет. Көздеріңді ашуға болады.





</







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал