7


  • Учителю
  • Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ тақырыбы 'Фонетика. Тіл дыбыстары' 5 сынып

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ тақырыбы 'Фонетика. Тіл дыбыстары' 5 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ тақырыбы "Фонетика. Тіл дыбыстары" 5 сыныпҚазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі; Камзанова Назым СерикжановнаМұнда әртүрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы барлық оқушыларды сабаққа қатыстырып және пәнге деген қызығушылықтарын оятуға болады.
предварительный просмотр материала

№ 27 «ЖОББМ» КММ


САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:


Өткізген: Камзанова Назым Серикжановна




Семей қаласы

Сынып: 5 Күні: Пән: қазақ тілі


Сабақтың тақырыбы: Фонетика. Тіл дыбыстары.


Сабақтың мақсаты: Лексикадан өткенді еске түсіру.Тіл дыбыстары туралы бастауышта алған білімдерін еске түсіре отырып, тіл дыбыстары туралы жалпы түсінік беру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Алынған білімді есте сақтауға дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін, нақты, дәлелді сөйлеу дағдыларын дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Орындалатын тапсырмалар арқылы бір-бірін тыңдауға, сыйлауға дағдыландыру. Өз еңбегін әділ бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Лексикадан -өткенді қайталау.




ІІІ.Жаңа сабақ: - Балалар, лексика тарауы бойынша өткен тақырыптарды біледі екенсіңдер. Енді бүгін жаңа үлкен сала фонетика тақырыбын өткелі отырмыз.

-Тіл дыбыстары дегенде қандай түсініктер ойларыңа келеді? Бастауыш сыныпта өткендеріңді естеріңе түсіріңдерші.

Оқушылардан күтілетін жауап: дауысты дыбыстар, дауыссыз дыбыстар т.б.


Сөздік жұмыс (дәптерге жазғызу)

Фонетика гректің «фоне» деген сөзі негізінде қолданысқа енген. Фоненің мағынасы -дыбыс, үн, дауыс. Фонетика - тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала.

Адамның тілі- дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары болмаса, тіл өмір сүре алмайды. Егер сөз дыбыстардың тіркесі түрінде айтылмаса, тіл қатынас құралы да, пікір алысу құралы да бола алмас еді.


Проблемалық сұрақ қою арқылы жаңа сабақты түсіндіру.

Мына сөздерге назар аудартып, сөздердің қандай өзгеріске ұшырап тұрғанын айтқызу:

Бас, тас, жас, қас, нас

Ескек, кек, ек

Қал- лақ, түс- сүт, кел- лек


  • Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады. Бір дыбыс әлденеше сөздің құрамында қайталанып қолданыла береді.

  • Біріншісі - оның сапалық сипаты.

Мысалы: мал, тал, қал.

  • Екіншісі - сөздердегі дыбыс санының әртүрлі болып келуі (бала, ала, ал).

  • Үшіншісі - сөздегі дыбыстардың орын тәртібі (тас-сат; қас-сақ т.б.).

Интерактивті тақта арқылы кестелерді пайдалана отырып, оқушылармен бірге жаңа сабақты меңгеру.


Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Сөйлеу мүшелеріне өкпе, дауыс шымылдығы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, таңдай, тіл, ерін жатады. Әр дыбыстың жасалуына сөйлеу мүшелерінің қатысы да әр түрлі болады.

Тіл дыбыстары кестедегі сөйлеу мүшелері арқылы жасалатынына назар аударту.


ІҮ. Сабақты бекіту. Оқулықпен жұмыс.

233-жаттығу. Төмендегі сөздердің дыбыстарын мүмкіндігінше өзгерте отырып, олардың сөз мағынасына тигізетін әсерін бақылаңдар.

Сал, жат, тас, тық, қаш, жан.

235-жаттығуды ауызша шарты бойынша орындау.


Егер т-дан бастасаң -

Биіктердің биігі.

Егер д-дан бастасаң -

Қиындардың қиыны.

Екеуін де алып тастасаң,

Балықшының бұйымы.

(... , ... , ..)

Егер б-дан бастасаң -

Түтіндей боп көшемін.

Егер н-дан бастасаң -

Жап-жасыл боп өсемін.

Жеке өзімді тастасаң -

Ішкен жанға кеселмін.

(.., .., .)




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал