- Учителю
- Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар сыныптан тыс іс-шара (5-7 сыныптар)
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар сыныптан тыс іс-шара (5-7 сыныптар)
«Павлодар қаласының №6 жалпы орта білім беру мектебі» ММ
ГУ «Средняя общеобразовательная школа №6 города Павлодара»
Тақырыбы:
«Жүзден жүйрік,
Мыңнан тұлпар»
Мақсаты: балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру,білімді,жан-жақты болуға үйрету,бірнеше тіл білуге,үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру,ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту,балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу
Көрнекілігі:интерактивтік тақта,слайд көрмелері
Жоспары
1 бөлім: «Суреттер сөйледі»
2 бөлім: «Тіл-өнер»
3 бөлім: «Қызықты ұйқастар»
4 бөлім: « Мықты болсаң тауып көр»
5 бөлім: «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы».
Кіріспе:
Тіл- адамзат баласына тән ғажайып құбылыс.Адамзат қоғамының аясында халық,ұлт және оның тілі жүздеген ,мыңдаған жылдар бойы қалыптасады.Әр ел өз тілі арқылы әлемді ,дүниені ,өмірдің құнды таңылымдарын таниды да ,келешек ұрпақтарына жеткізеді.Тіл -халық тарихы,тіл- ұлттық қазына,тіл -біздің намысымыз, арымыз,байлығымыз,барымыз.
Қайырлы күн,құрметті көрермендер,қонақтар,сайыскерлер.Бүгін біздің «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» атты сайысымыз «Ана тілім-тәуелсіздік тірегі» апталығы аясында өткізіліп отыр.Сайысымызға екі топ оқушы қатысып отыр.
І кезең: «Суреттер сөйлейді»
Екі топқа сурет беріледі, әр топ сол сурет бойынша сөйлемдер құрастырады.( 5 -7 минут беріледі)
ІІ кезең Тіл өнер
Мақалдың жалғасын табу керек.Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
Ең тәтті де тіл,...( ең ащы да тіл)
Оқу -білім бұлағы,...( білім-өмір шырағы)
Өнер алды ... (қызыл тіл)
Ашу дұшпан ,...(ақыл-дос)
Тіл қылыштан ...(да өткір)
Отан ...(оттан да ыстық)
ІІ топ
Шебердің қолы ортақ,...(шешеннің тілі ортақ)
Отансыз адам-... (ормансыз бұлбұл)
Ер жігіт елі үшін туады , ... (елі үшін өледі)
Мектеп кеме, ...(білім -теңіз)
Жақсы жолдас жанға серік, ...(жаман жолдас малға серік)
Қыз елдің көркі ,...(гүл жердің көркі)
1топқа:
Оқу білім бұлағы, (білім -өмір шырағы)
Өнер алды (қызыл тіл)
Ашу-дұшпан, (ақыл- дос)
Тіл қылыштан (да өткір)
Қыз елдің көркі, (гүл жердің көркі)
2топқа:
Отансыз адам- (ормансыз бұлбұл)
Ер жігіт ел үшін туады, (ел үшін өледі)
Шебердің қолы ортақ, (шешеннің тілі ортақ)
Отан (оттан да ыстық)