- Учителю
 - урок казахского языка в 7 классе на тему 'Тіл ұстарту сабағы. Күлімде, Наурыз, күлімде!'
 
урок казахского языка в 7 классе на тему 'Тіл ұстарту сабағы. Күлімде, Наурыз, күлімде!'
 
 
Ивановка орта мектебі
Қазақ тілі және эдебиет аптасында өткен ашық сабақ
Тақырыбы
Тіл ұстарту сабағы.
Күлімде, Наурыз, күлімде!
Мұғалім: Хусаинова К.К.
 
2013-2014 уч. год
Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту: Наурыз - думан.
Сабақтың мақсаты: Наурыз мерекі туралы мағлұмат беру.
Міндеттері:
білімділік - оқушыларға көктемде болатын табиғат құбылыстары, адамдардың тіршілік әрекеті, көктемдегі мерекелердің тойлану ерекшеліктерімен танысу;
дамытушылық - оқушылардың тілін дамыту, еске сақтау, ойлау, сөздік қорын молайту;
тәрбиелік - Қазақстан мерекелеріне, тіліне, тарихына деген сүйіспеншілікті арттыру, қоршаған ортаны сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: мәнерлеп оқу, сөзжұмбақ шешу.
Көрнекіліктер: интерактивтік тақта, слайдтар.
Сабақтың барысы:
-  
Ұйымдастыру кезеңі
 
а) сәлемдесу;
Кезекшімен cұхбат
-  
Балалар, бүгін кім кезекші?
 -  
Сабақта кім жоқ?
 
Оқушыларды сабаққа бейімдеу.
-  
«Ой шақыру» стратегиясы
 
Н
А
У
 
Р
 
Ы
 
З
 
-  
Бала үшін ең қымбат адам
 -  
Сүттен ұйытып жасайтын тағам
 -  
Жаз мезгілінің ай атауы
 -  
Көктем мезгілінің ай атауы
 -  
Мергендікке, тездікке үйрететін балалардың ұлттық ойыны
 -  
Бие сүтінен ашытатын сусын
 
-  
Балалар, біз сұрақтарға жауап беріп сөзжұмбақтан «Наурыз» сөзін шығардық.
 
 
-  
Оқушылармен сұхбат
 
-  
Балалар, қай жыл мезгілі келді?
 -  
Көктемде күн қандай болады?
 -  
Көктемде не ериді?
 -  
Көктемде не жауады?
 -  
Көктемде нелер ұшып келеді?
 -  
Құстарға қандай көмек көрсетуіміз керек?
 -  
Балалар, көктем айларын атаңдар?
 -  
Қазір қай ай? (Наурыз)
 -  
Бүгін наурыздың нешесі?
 
-  
Дәптермен, тақтамен жұмыс (оқушылар дәптерге күн, айды жазады)
 
-  
Балалар, «Наурыз» дегенде, ойға қандай сөздер келеді? (кластер жасайық)
 

 
 
-  
Ал, балалар, сендердің алдарыңда сөздер.
 
Бір қатарда жазылған сөздерден сөйлем құрастырайық
а) Басы, жыл, Наурыз
ә) Бәйшешек, Наурызда, өседі, астынан, қардың
б) Дайындалады, наурызға, адамдар
в)Арық, көше, тазалайды, аула, адамдар
- Балалар, баяндауыш сөйлемде қай жерде тұрады?
-  
-Жақсы, келесі жұмысымыз.
 
-  
Сұрақтар: Наурыз айында қандай үлкен мейрамдар бар?
 
-  
Халықаралық әйелдер күні
 -  
Наурыз тойы
 -  
Наурыз тойын қай күні мерекелейміз?
 -  
Қазақ елі наурызды қалай қарсы алған? (жауаптар)
 
 
-  
Мұғалімнің сөзі. Мәтін «Наурыз - жаңа жыл». Мәтінмен жұмыс: мәтіннен сан есімдерді табыңдар.
 
Қазақ елі наурызды қалай қарсы алған? Жаңа жыл таза үйге кірсе ол үй аурудан, пәле - жаладан аман болады деп, Наурызға дейін үй-ішін тазартып қойған. Жыл бойы ақ мол болсын. Жауын - шашын мол болсын деген тілекпен ыдыстарды сүтпен суға толтырып қойған.
Қазақ халқы (Наурызды) жаңа жылды наурыздың 22-сі күні таңғы сағат 3-те қарсы алған. Сол күні даланы Қыдыр Баба аралап, Самарқанның көк тасын жібітсе керек. Ескі жыл есірке! - деп үйдегі ескі ыдысты сындырып, «қабақ сынды, қайғы кетті» - деп ырым жасаған.
Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша Наурыздың 21-і түні даланы Қыдыр аралайды екен. Сол себепті осы түнді «Қыдыр түні» деп атайды. Қыдыр адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын ақсақал, көзге көрінбейтін қиял - ғажайып бейне. Жақсылықтың жаршысы Қыдыр ата даланы кезіп жүріп жерге түссе, тоңды ерітеді, ал тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен.
-  
Сөздікпен жұмыс:
 
-  
Парсы - персидский
 -  
Наурыз -тойы - праздник Нового года
 -  
Қадірлеу - уважать
 -  
Мереке - праздник
 -  
Ынтымақ мерекесі - праздник единения
 -  
Құттықтау - поздравлять
 -  
Тілек - пожелание
 -  
Бата - благословение
 -  
Теңеледі - приравнивается
 -  
Ұлы -великий
 -  
Береке - благо
 -  
Тағам - пища
 
-  
Топпен жұмыс «Наурыз - жаңа жыл» (мәтіннен сан есімдерді табыңдар)
 
Наурыз көже су мен тұздан басқа кемінде жеті түрлі азықтан ( бидай, тары, құрт, ет, сүт, күріш, май) пайдалану арқылы пісіріледі. Наурыз көжеге ауылдағы әр үй бірін - бірі кезекпен шақырған. Әрбір келген кісі сол үйден бір кеседен қөже ішуі тиіс деп есептелген. Көже ішіп болған соң, үлкендер ақ тілек айтып, бата берген.
Біздің елімізде 130- дан астам әр түрлі ұлтты халық тату тұрады. Олар Наурыз тойын мерекелейді.
Тапсырма: 1. Мәтіннен сан есімді тауып, сипаттама беріңдер.
2. Азықтарды орысшыға аудару.
Наурыз - жыл басы. Наурыз айының 22- де күн мен түн теңеледі. Наурыз - «жаңа күн», «жаңа жыл» дегенді білдіреді. Наурызда ұлттық тағамдар әзірленеді. Көп ұлттық киім киіп, бір - біріне алғыс айтқан. Көшелер, ауланы тазалайды. 1991 жылы наурыздың 15-де Н.Ә.Назарбаевтың ұсынған жарлығымен 22- наурыз - Наурыз мерекесі күні деп аталды.
Тапсырма: 1. Мәтіннен сан есімді тауып, сипаттама беріңдер.
-  
Мұғалімнің сөзі (мәтін).
 
Сұрақтар: таңғы сағат нешеде қарсы алған? Қадыр Баба кім? Ол не таратқан халыққа?
-  
Қазақ халқының ұлттық ойындарын айтыңдар.
 -  
Мұғалім балаларға ақ тілегін айтып: Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтайды. Балалар бір - біріне, қонақтарға, мұғаліміне ақ тілек айтып, ынтымақтарын көрсетеді.
 -  
Бағалау.
 -  
Қоштасу.