- Учителю
- Разработка урока казахского языка в 7 классе на тему: 'Қазақстан қорықтары'
Разработка урока казахского языка в 7 классе на тему: 'Қазақстан қорықтары'
ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан қорықтары.
МАҚСАТЫ:
Білімділік: Қазақстанның қорықтары туралы танымдық білімін арттыру және білетінін сөйлеу арқылы еркін жеткізу, сол білімдерін әрі қарай мәтін, сұхбат арқылы қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.Есімдікті қайталау.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаға деген көзқарастарын қалыптастыра отырып, табиғатты қорғауға , аялауға,сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, баяндау әдісі,сұрақ-жауап
Пәнаралық байланысы: жаратылыстану, география,орыс тілі
Көрнекіліктері: Интербелсенді тақта,сызба,Қазақстанньң қорықгар картасы, слайд-фильм, реферат.
САБАҚ БАРЫСЫ.
I..Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу.
ә) кезекшімен сөйлесу.
Б)сыныпқа сәттілік тілеу.
II..Өткен сабақты қайталау:
А) Есімдіктер мағьшасына қарай неше түрге бөлінеді?
1) Жіктеу (личные); 2) Сілтеу (указательные); 3) Сұрау (вопросительные) 4) Өздік (возвратные); 5) Белгісіздік (неопределенные); 6) Болымсыздық (отрицательные); 7) Жалпылау (определительные). Үш балаға карточка беремін:
1 - жіктеу есімдігін септе: Сіз;
2 - сілтеу есімдігін тәуелде: Мынау;
3 - сұрау есімдігін жікте: Кім.
Ә) Қазақстанның таулары. 1) Диалог (екі оқушы).
2) Мазмұны (бір оқушы).
Сабақ барысында үй тапсырмасын қайталаймыз. Табиғат туралы білімімізді тереңдетіп, Қазақстанның мемлекеттік қорықтарын қазақша оқып, түсінік аламыз.
III..Жаңа сабақгы түсіндіру:
Балалар табиғат - адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы мейірін, шұғылалы шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы ана.
Қазіргі уақыттағы экологиялық жағдай барша адамзатты алаңдатуда.
Табиғат туралы мына бір өлең жолдарына көңіл аударайық:
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дарқандықгы қазаққа дала берген секілді
Еркелікті, ерікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.
(Қадыр Мырзалиев)
- деп ақын ағамыз жырлағандай, біздің Қазақстан жері қазақгың өзінің мінезіндей көсіліп жатыр.
Табиғаттың қандай тамашаларымен таныстық: Көкшетау өңірі, Үлкен Алматы көлі, өзендер, таулар. Бүгінгі сабақга табиғат тамашаларының бірі қорықгармен танысамыз.
Қазақстанда неше мемлекеттік қорық бар?
Тақгаға шығып атын жазады, картадан көрсетіп, нөмірді іледі.
-
Ақсу-Жабағылы
-
Алматы
-
Қорғалжын
-
Марқакөл
-
Барсакелмес
-
Батыс Алтай
-
Наурызым
-
Алакөл
-
Үстірт
Осылардың ішіндегі Ақсу-Жабағылы қорығымен танысамыз. Кітапты ашыңдар - 56 бет. Алдымен жаңа сөздермен танысамыз.
Жаңа сөздерді интербелсенді тақгадан көрсету:
Сан алуан - бесчисленное множество
Ағады - течет
Тіркеу - регистрировать
Сілеусін - рысь
Лашын - коршун
Көкқұс - синяя птица
Қарақұс - могильник
Шіл - куропатка.
-
Жаңа сөздерді мұғалім оқып шығады
-
Екі оқушы оқиды (қазақша - орысша).
-
Сөздермен сөз тіркесін,сөйлем құрайды.
-
Мәтінді мәнерлеп тізбекпен оқып шығады.
-
Мәтін бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.
IV.Жаттығу жұмыстары:
-
топ: Мәтіннен бір сөйлемді теріп жазып, сөйлем мүшесіне талдау: Ақсу-Жабағылы қорығында түрлі жануарлар мекендейді.
-
топ: Сөз құрамына талдау: Өзендерінде.
-
топ: Жіктейді: Табиғат қорғаушысы.
Ақсу-Жабағылы қорығымен таныстық. Енді әрі қарай басқа қорықтармен жұмысымызды жалғастырамыз.
V.Жобалау әдісі бойынша жұмыс.
-
Барсакелмес қорығы - слайд-фильм.
-
Марқакөл қорығы - газет шығару.
-
Батыс Алтай - реферат жазу.
Қорғап тұрған оқушылар, отырғандарға сұрақ қояды.
-
Барсакелмес: Қандай өсімдіктер сиреп барады? (Жусан, сексеуіл).
-
Маркакөл: Қандай аңдар қорғауға алынған? (Қоңыр аю, елік, алтай суыры, қоян, жабайы шошқа, борсық, таутеке, арқар, маралдар).
3.Батыс Алтай: «Қызыл кітапқа» қандай аңдар тіркелді?
VI. Қорытындылау, бағалау:
-
Рефлексия жазу (таратып беремін).
-
Сызба. Тоғыз қорықгың ортақ мақсаты не? (Үш мақсатты тақгаға жазады)
-
Табиғат байлықгарын бастапқы қалпына келтіру.
-
Табиғатты келешекке сақтап калу.
3) Табиғат өзгерістеріне бақылау жасау.
3. Қазақстан қорықтары қандай мақсатпен ашылған?
-
Қалпына келтіру
-
Сақтап қалу
-
Бақылау жасау