7


Әдеби кеш Жыр алыбы-Жамбыл

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ЖЫР АЛЫБЫ - ЖАМБЫЛ

Мақсаты: Жамбыл өлеңдерін шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге баулу; оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру; ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ақын портреті, ақын-жазушылар пікірі, ақын өлеңдерінен үзінділер, Жамбыл мұражайы, Жамбыл әлемі (фотосуреттер).

Барысы

Кітапханашы: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаев 170 жасқа толып отыр.



1-оқушы Нуржан: Жүзге кеп бақыт тапқан - ақын Жамбыл,

Дүниеге түгел кеткен - атың Жамбыл.

Тілекке көп аңсаған бүгін жеттің,

Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл.

Халқы үшін төрге төсеп төсек етер

Ағарған сақалы мен шашын Жамбыл.

Көтерген көкке төбе тірелгенше

Иеді көпшілікке басын Жамбыл.



2-оқушы Нурлыбек: Жамбыл қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы 28-ақпанда көшпелі кедей отбасыңда туған. Жастайынан өлеңді қолма-қол жанынан шығарып айтатын болған. Қаршадай баланың өнеріне сүйінген атақты Сүйінбай ақын оған ақ батасын берген.



Кітапханашы: Екі ғасырдың куәсі, жыршы-жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын, «Халық поэзиясының алыбы», «ХХ ғасырдың Гомері», «Жамбыл - менің жай атым, халық - менің шын атым» деген ұлы тұлға. 1938 жылы «Ленин» орденімен, 1939 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1941 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Бақтыбай, Сарбас, Досмағамбет, Құлмамбет, Шашубай т.б. айтысқан, 1881 жылы Құлмамбетті жеңіп Жетісудың атақты ақыны аталды. Жамбылдың бізге қалдырған өлеңдері, дастандары бар. Шын жүректен шыққан сөз. Ақын-жазушылардың Жамбылға берген бағасы.

3-оқушы Талант: Жамбыл - ақыл ойдың алғыры, өзгеге ұқсамайтын дара, оқшау бет-бейнесімен аса зор құбылыс. Оның бір өзі әрі эпик ақын, әрі айтыс ақыны, әрі азаматтық әуеннің де ақыны.

Мұхтар Әуезов.

4-оқушы Ақбота: Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып халқының қолына беру - біздің әрқайсымыздың азаматтық боршымыз.

Сәкен Сейфуллин.

5-оқушы Назар: Жамбыл жырлары Бұғымүйіз, Бесмойнақ жайлауларының гүліндей алуан түрлі. Хош иісі күншілік жерден аңқып тұрады. Ақын жырын тыңдаған сайын көк жайлауға әсер аласың.

Ілияс Жансүгіров.

6-оқушы Рустем: Жамбыл - жүз жасаған адам,соның 85 жылы ақындықпен өтті. Ол әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі.

Сәбит Мұқанов.

«Жамбыл әлемі» Жамбыл мұражайына шолу.

7-оқушы Ерей: «Халық - менің шын атым» өлеңі.

8-оқушы Мереке: «Балаларға» өлеңі.

9-оқушы Гүлден: «Шындық туралы» өлеңі.

10-оқушы Расул: «Қайта келген жастық шақ» өлеңі.

11-оқушы Сұнғат: «Балама хат» өлеңі.

12-оқушы Динара: «Ленинградтық өренім» өлеңі.

13-оқушы Айшагуль: «Алатау» өлеңі.

Кітапханашы: Сиынып аруағына бабамыздың,

Киесін ұққандаймын даламыздың.

Жырлары - шежіресі еліміздің,

Сырлары - сағынышы санамыздың.

Осымен жыр алыбы - Жамбылдың 170 жылдығына арналған әдеби-кешіміз аяқталды. Ынта қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал