7


«Ердің даңқы мәңгі өшпейді»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала
  • Сәлеметсіздер ме! Қош келдіңіздер!

  • Тарих көші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі- әлемді дүр сілкіндірген ІІ дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетті батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22-нде болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 мамырда бұл оқиға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай өткізілейін деп отырған «Ердің даңқы мәңгі өшпейді» атты ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!

«Ердің даңқы мәңгі өшпейді»

Дәл осындай жадыраңқы жай күйі,

Болса-дағы қай ғасырдың қай жылы

Ұлы Отаным басын иіп бір минут

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны



(Бір минут үнсіздік)



І. Көрініс: Соғыс дыбысы, бомба талталған ұшақтардың үні.

Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Кеше біздің ұлан- байтақ жерімізге неміс-фашистері тұтқиылдан басып кірді. Герман елшісі соғыс басталғанын таңғы сағат 7-де ресми түрде жариялады.

Үй іші. Әжей ұршық иіріп отыр. Үйге немересі жүгіріп кіреді.

-Әже,әже соғыс басталыпты.

-Не дейді, ойбай. Кеше ғана әскерге шығарып салған баламның халі не болды екен. Енді қайттім? Кімнен сұраймын, кімге барамын?

-Әже жүріңіз, жұрт алаңға жиналып жатыр, сонда барайық.



1-оқушы: Гүлжайна

Бұлт түнеріп аспаннан

Талай көзден жас тамған.

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталған.



2-оқушы: Ғалым

Соқ, жас ұлан, соқ қуатпен,

Соқ, солқылдат барабанды

Жылда есіңе ал шабытпен,

Жеңіс үшін аққан қанды.



3-оқушы: Зарина

Соғыстың алдында елімізде 6,2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 млн.196 мың 164 адам қару асынып, майданға аттанды. Республикамыздан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн 900 мыңдай адам сапқа тұрды.



4-оқушы: Ринат

Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан-тәнімен Отанды қорғады. Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен дұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.

Соғыс жалмап аға-іні бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы.



ІІ. Көрініс: Хат келу. Үй іші.

Немересі жүгіріп кіреді:

-Әже,әже, пошташы апа келе жатыр. Ағамнан хат әкеле жатқан шығар.

-Құдайым-ай, өзің құлыныма жар бола гөр. Аман қыла көр.

Пошташы қыз кіреді.

-Әже, сүйінші, балаңыздан хат келді.

Әжесі: Айналайын қалағаныңды ал. «Қане, қызым не жазғанын өзің оқып берші»

Пошташы қыз хатты оқи жөнеледі. Майданнан сәлем! Амансыңдар ма апа, көке, менің барлық туған-туыстарым, ағайын жекжаттарым, ауылым! Жағдайларыңыз қалай? Ел басына төнген жағдай сіздерге де қиын тіип жатқан шығар. Қазір соғыстың қызу ортасында жүрмін. Аз күннің ішінде қаншама достарымның кегін алу үшін жаумен қызу айқастар жүргізудемін. Отанды қорғауға, өзіңіз сеніп аттандырып едіңіз ғой, сол сеніміңізді ақтаймын. Өз Отаныма, ауылыма, туған-туыстарыма еш кір келтірмей абыроймен елге ораламын. Мен әлі-ақ ауылға жеңіспен ораламын. Мені жеңіспен күтіңіз.

Сәлемнен, балаңыз- Қарамырза.

17 сәуір.1942 жыл

«Ердің даңқы мәңгі өшпейді»«Ердің даңқы мәңгі өшпейді»

-Айналайын, құлыным! Тілегіңе жет. Біз сені жеңіспен күтеміз.

5-оқушы: Нұрнияз

Жеңіс. Иә, оны сан млн-даған адамдар 4 жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла, күтті емес пе? Ақыры олардың сенімі ақталды. Тілектері орындалды.



ІІІ. Көрініс:Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!Сөйлеп тұрған Москва! 1945 жылы 8 мамырда Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгендігін мойындап Актіге қол қойды. 9 мамыр-Жеңіс күні!

Әже: Сүйінші! Халқым, жұртым сүйінші! Неміс фашистері кеше тізе бүгіп, жеңіліпті.



6-оқушы: Индира:

Бірақ, сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп млн-ған азаматтар мерт болды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгінгі арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға, апаларымызға басымызды иіп, тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.

Ән: Аталарға ант



7-оқушы: Расул

Отанға жаулар қаптады,

Опасыз жаулар тапталды.

Қасиетті жер үшін,

Қастерлеп батыр елі үшін,

Әлия, Мәншүк, Төлеген

Жаулардың көзін жойды олар.



8-оқушы: Ержан

Бақытты болсын балалар,

Соғысты сүймес адамдар.

Өркендей берсін қалалар,

Гүлдене берсін далалар!



9-оқушы: Айзада

Ер есімі- ел есінде. Кір жуып, кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген. Елі үшін жанған отқа түсіп, жалын кешкен ер-азаматтар ешқашан ұмытылмайды.



10-оқушы: Қазына

Халық тыныштық үшін бақытты өмір үшін күресті. Сондықтан да, әділетсіз соғысты бастаған фашистік Германияны жеңіп шықты.



11-оқушы: Ақниет

Жеңіс деген-жақсылықтың сыңары,

Жігерленген құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұланы.



12-оқушы:Ақылбек

Тыныштық! Жаса тыныштық!

Осы сөз бізге тым ыстық.

Көркейе берсін еліміз,

Көркейе берсін ырыс-құт.



13-оқушы: Бану

Қазақтың атын,

Халықтың атын самғаттық!

Жасасын Жеңіс!

Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Болмасын!



Ән: Аталарға ант



14-оқушы: Зере

Мейрам күні бүгінгі құтты болсын!

Өміріміз қуаныш пен шаттыққа толсын!

Бейбітшілік татулыққа қол жеткізген,

Тірі тарих қарттарым аман болсын!



15-оқушы: Нұрислам

Жеңіс туы, жеңіс туы

Желбіресін мәңгілік

Жеңіс жыры, жеңіс жыры

Асқақтасын жаңғырып



16-оқушы: Нұрталап

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтардың амандығын ойлайды.



17-оқушы: Айдана

Бүгін жеңіс, бүгін той шаттан әлем

Көңілдердей кіршіксіз аппақ әлем

Жеңісіңнің жемісін тойлап бүгін

Жеңіс жырын шырқаймыз ақтара мен

Аналарға жұтқызып зар-қасірет

Соқпай қалды сен үшін қанша жүрек

Жеңіс, жеңіс қымбатсың сондықтан да

Сондықтан да бейбіт күн барша тілек.



Гүлжайна: Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық отан ұғымын терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті. Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов. Өз жерлестеріміз: Жаңбырбай Алиев, Ибаш Қойлыбаев, Бұхар Өтесінов, Байпақ Құдайбергенов, Иса Жанәділов, Түйеші Шалабаев, Бисенбі Әріпов, Адайхан Әбдіқадіров. Ол кісілерге құрметпен бас иеміз.



Расулдың орындауында: «Соғыстан қайтқан солдаттар»

















Хор: «Ақ көгершін»

«Ердің даңқы мәңгі өшпейді»

Би: «Катюша»

«Ердің даңқы мәңгі өшпейді»

Жас ұрпақ тілегі

Бейбіт күн асқары.

Ашық боп тұрсын де

Әлемнің аспаны

Тәуелсіз еліміздің туы биік желбірейін берсін! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын! Тәрбие сағатымызды Көмек Ыбыраевтың «Менің Қазақстаным» әнімен аяқтаймыз.



«Ердің даңқы мәңгі өшпейді»





























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал