7


  • Учителю
  • ӨЗiн-өзi тану сабағының жоспары. ӨЗіңді де, өзгені де аяла

ӨЗiн-өзi тану сабағының жоспары. ӨЗіңді де, өзгені де аяла

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

№10 сабақ
Мектеп:Ақсай қаласы № 4 ЖОББМ Мерзiм 3а(13.10.15) ә(12.11.15)б(18.11.15)

Тақырып:Өзіңді де, өзгені де аяла Құндылық:Дұрыс әрекет

Қасиеттер: әдептілік, сыпайылық, кішіпейілділік
Мұғалiм:Жандосова.А.Ж Сынып- 3

Сабақ мақсаты:

Балалардың «махаббат» ,«сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:
- өзіңді, өзгені аялаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру
- өзіне, өзгелерге аялы, сыйлы қарым-қатынастарын дамыту
- сүйіспеншілікке, қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін.

Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.


2.Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық


адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға
таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.


3.Үй тапсырмасын тексеру.
№10 сабақ. Жанашыр


4.Мұғалімнің сыйы. Асығыс үкім
Бір кісінің үйінің төменгі қабатында ағаш өңдейтін шеберханасы бар екен. Ол есік пен терезе жасап күнелтеді. Бір күні жұмыс істеп жатқанда электр қуаты өшеді. Ұзақ уақыт бойы күтсе де жанбайды. Қасарысқандай, сол кеште тапсыруы керек болған бірнеше терезе бар еді. Біраз демалу үшін үйіне көтеріліп бара жатып сақтандырғышқа көзі түседі. Біреу сақтандырғышты өшіріп қойған екен.
Ажыратқышты (рубильник) қосқанда цехта жарық жанады. Бірақ мұның мәнісін түсіне алмайды. Жұмысқа қайта кіріскенінде сол нәрсе тағы қайталанады. Бірақ бұл жолы кінәлі адамды көрді. Баласы үй мен цех арасындағы сатыдан дыбыссыз, ақырын түсіп, сақтандырғышты өшіріп жатқан кезінде әкесін дәл алдында көреді.
Әкесі он жасқа енді толған баласының мұндай опасыздығын кешіре алмайды. Соның кесірінен бір күні босқа кетті. Бір рет қана істеген болса, бәлкім, үн қатпас еді. Шаштарынан ұстап шапалақпен тартып жібереді. Мүмкін бұл ұрған шапалағы енді қайта опасыздық етуіне кедергі болар. Баласының көз жастарына қарамастан үйіне кіріп, әйеліне былай дейді:
- Мына баланың мектепте кімдермен араласатынын білуіміз керек! Егер бос жіберетін болсақ, басымызға бәле болуы мүмкін!
Кейін ең оңай жолын табады. Баласының еш қалдырмай ұстап жүретін күнделігінде достарына қатысты мәлімет бар еді.
Баласы күнделігін көрсеткісі келмесе де тыңдамай, оны оқи бастайды. Баласының ең соңғы бетте былай жазғанын көреді: «Бүгін түнде жаман түс көрдім... Цехта жұмыс істеп жатқан кезде әкемді тоқ ұрған екен. Әкем қауіп - қатерден аман болса екен! Мен қолымнан келгеннің бәрін істеймін!»
- Осы аңыздағы әкенің әрекетін қалай атауға болады?
- Баласы неліктен осындай әрекетке барды деп ойлайсыңдар?
- Мұндай әрекеттерге жол бермеу үшін не істеу керек?
- Өз өмірлеріңде мұндай жағдай болды ма?


5.Дәйексөз.
«Аялауды табиғаттан үйрен »
Халық даналығы


6.Шығармашылық жұмыс.
Жағдаяты талдау.
1.Аружанның кішкентай сіңілісі Алтынай дүниеге келді .

Үйдегілер қуанышты . Туыстары жақсы тілектер айтып, Алтынайға әкелген сыйлықтарын беріп жатыр. Аружан бұған өкпелі.


Алтынай өмірге келгенге дейін анасы өзінің алдына алып , құшақтап аялайтын. Барлық сыйлық та , жақсы тілектер де тек өзіне айтылушы еді. Енді өзіне көңіл бөлінбегеніне ренішті.

2.Мұхит сабақтан келе жатып, шөп арасынан қыбырлаған бір нәрсені байқап қалды. Қараса, кіп - кішкентай мысық, үсті - басы су - су. Мұхитқа аянышты көзбен қарап, мияулап тұр. Мұхит мысықты аяп, үйіне алып келді. Оны орап, пештің жанына жатқызды. Жылы үйге кірген мысық маужырап ұйқыға кетті. Сәлден кейін есік қоңырауы сылдырлады. Ашса, көршісі Асылхан екен. Ол мысығын жоғалтып, таппай Мүхитқа келген еді. Пештің түбіндегі ораулы өз мысығын көріп, Мұхитқа күдікті көзбен қарап, мысығын құшақтап шығып кетті.
Сөзжұмбақ шешу
1. Ағаш кесетін құрал.(ара)
2. Темекі адам денсаулығына.....(зиян)
3. Ризашылық білдіру дегеніміз не?(алғыс)
4..... - тіршілік иесі. (адам)
5. Өте күшті жел. (дауыл)


7.Топпен ән айту. Бөпем менің Е. Ашықбаев
«Ашуланды - ау» , сірә, тағы,
Жұбатамын бөпемді енді.
Бөпем менің ұнатады
Тербеткенді, көтергенді.
Қызығады - ау ел де, тегі,
Дейді;
- Бөпең ержетті ме?
Ержетеді, ер жетеді.
Отырмын мен тербеп, міне.
Тербеттім де таң қалдым мен,
Тыңдап жатып өлеңімді,
Ұйықтап қалып, аңғардым мен
Күлді бөпем, неге күлді?
Сұрақтарым көп әлі,
Бөпем жауап қайтармайды - ау,
Тілі шыққан жоқ қой әлі,
Көрген түсін айта алмайды - ау.


8.Үй тапсырмасы.
№11 сабақ. Сүйіспеншілік


9. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал