- Учителю
- Разработка программы факультативного курса по казахскому языку (7 класс)
Разработка программы факультативного курса по казахскому языку (7 класс)
Красноармейская средняя общеобразовательная школа
Павлодарского района
Программа
курса по выбору
«Қазақ халқының салт- дәстүрлері»
7 сынып
(34 сағат)
Автор составитель: Акпарова З.Б.
учитель казахского языка и литературы
Красноармейской СОШ
Павлодар 2015
Бағдарлама (факультатив)
7- сынып
Қазақ тілі (орыс тобы)
Қазақ халқының салт - дәстүрлері
Түсініктеме хат
Курстың мақсаты мен міндеттері:
Мектепте «Қазақ халқының салт - дәстүрлері» курсын оқытудың негізгі мақсаты - жалпы қазақ халқының салт - дәстүрлерін тереңдетіп жүйелі түрде меңгерту, игертумен сабақтас. Сондай - ақ, бұл сала бойынша білімдерін жинақтап отырып, қазақ салт - дәстүрлеріне қатысты мәселелерді әрі қарай қарастыру, айқындау. Ата - бабаларымыз қалдырған мұраны негізге ала отырып, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті негіздеріне сүйене отырып, оқушылардың тілін жаттықтыру, сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамыту, санасын ояту, еліне, жеріне құрмет көрсетуге, салт - дәстүрлерін сақтап орындау негізгі міндет болып табылады.
Курстың қызметі: тыңдаушыларға қазақ халқының салт - дәстүрлері курсын таныту.
Басқа пәндермен байланыс: тарих, география.
Мазмұны
1- бөлім
Танысу
Өзі - өзін таныстыру, отбасы туралы мағлұмат беруге, өмірбаянын жазып беруге үйрету.
2 бөлім
Қазақ - қонақжай халық
«Қазақ» - сөзінің шығу төркін туралы. Табақ тарту, шашу дәстүрлерімен таныстыру.
3 бөлім
Қазақ музыкасы
Музыка өнерінің тарландары Құрманғазы, Дина, Тәттімбет, Дәулеткерей мен қазіргі қазақ эстраданың жұлдыздарын таныту.
4 бөлім
Ұлттық тағамдары
Ұн, сүттен жасалатын тағамдардың атаулары, құрамы туралы түсінік беру.
5 бөлім
Аңшылық
Құсбегі, аңшылық туралы мақал - мәтелдермен таныстыру.
Бағдарламаны меңгертудегі міндетті деңгей:
-
Қазақ халқының салт- дәстүрлерінің бөлімдерін меңгерту.
-
Қазақ халқының салт - дәстүрінің алатын орнын, өзінідік сыр сипаты мен ерекшеліктерін айқындау.
Әдебиеттер тізімі:
-
Сейіт Кенжеахметұлы. Қазақ халқының салт - дәстүрлері. Алматы кітап, 2004ж.
-
Сейіт Кенжеахметұлы. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. Алматы кітап, 2006ж.
-
Энциклопедия. Қазақтың ою - өрнектері. Алматы кітап, 2003 ж
-
А.Ф. Ковтарь. «Животный мир Казахстана», Алматы кітап, 2001ж.,
-
А.А. Ивашен. Қазақстанның әсімдіктер әлемі, энциклопедия, , Алматы кітап, 2004ж.
-
К. Ахметбекұлы.Қазақтың мақал - мәтелдері, Алматы «Раритет», 2004ж.
Тақырыптық жоспар
7 - сынып (орыс тобы)
Кәусар бұлақ. (Қазақ халқының салт - дәстүрлері) апталық сағат саны 1 сағ.
№ р/с
Сабақтың тақырыбы
Сағат саны
Өтілетін мерзімі
І тоқсан
1
Кіріспе . Танысу
1
2
Сұхбат, Отбасы туралы
2
3
Өмірбаян жазу
1
4
"Қазақ" сөзінің шығу төркіні
1
5
Қазақ - қонақжай халық.
2
6
Табақ тарту дәстүрі
1
7
Шашу дәстүрі
1
Тоқсандағы сабақ санының қосындысы
9
ІІ тоқсан
1
Қазақ музыкасы
2
2
Музыка өнерінің тарландары
1
3
Құрманғазы, Дина, Тәттімбет, Дәулеткерей
2
4
Қазіріг қазақ эстрадасының жұлдыздары
2
Тоқсандағы сабақ санының қосындысы
7
ІІІ тоқсан
1
Қазақ халқының ұлттық тағамдары
2
2
Ұн тағамдары
1
3
Нан - қасиетті тағам
1
4
Сүт тағмдары туралы
2
5
Қымыз
1
6
Наурыз мейрамында дайындалатын тағам түрлері
2
7
Наурыз көже
1
Тоқсандағы сабақ санының қосындысы
10
ІV тоқсан
1
Аңшылық туралы
2
2
Құсбегі
2
3
Аңшылыққа байланысты мақал - мәтелдер, тұрақты тіркестер
2
4
Аңшылық ұсақ құстар
2
Тоқсандағы сабақ санының қосындысы
8