- Учителю
- 'Білімді мыңды жығар' тақырыбындағы мақал сайысы (8 сынып)
'Білімді мыңды жығар' тақырыбындағы мақал сайысы (8 сынып)
Аудандық оқушылар үйінде өтетін «Білімді мыңды жығар» тақырыбындағы үйірмеішілік сайысының
с ц е н а р и й і
Өтілетін орыны: Аудандық оқушылар үйі
Өтілетін уақыты: 16.02.2015 жыл
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар және өнегелі де тәрбиелі, білімді шәкірттер! «Шешендік өнер» үйірмесінің ұйымдастыруымен өткелі тұрған «Білімді мыңды жығар» атты үйірмеішілік сайысына қош келдіңіздер! Үйірмеішілік сайыстың мақсаты - оқушыларды сөз шеберлігіне баулу, тіл көркемдігін сезініп, оның қадір - қасиетін ұғындыру, сүйіспеншіліктерін арттыру; шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу, мақал - мәтелдерден ғибрат ала білуге, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Сайыс 6 кезеңнен тұрады, олар:
-
Сәлем - сөздің анасы.
-
Білімді биікке ұмтылар.
-
Қызықты ойын.
-
Көп ойла!
-
Суретке қара, мақалдар құра!
-
Қырық өтірік.
Жүргізуші: Бірінші кезеңде өз-өздеріңізді таныстыратын боласыңдар. Олай болса, кезек өздеріңде.
Жүргізуші: Екінші кезеңге де аяқ бастық. Бұл кезең «Білімді биікке ұмтылар» деп аталады. Сайысқа қатысушылардың әрқайсысына 5 сұрақтан беріледі. Қойылған сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деген жауап берілуі тиіс. Ендеше қатысушыларға қояр сұрақтарым:
-
«Ананың анасы» шығармасының авторы Мұхтар Әуезов. (Жоқ, Ғабит Мүсірепов).
-
Microsoft Word мәтіндік редактор. (Иә).
-
«Қалқаман - Мамыр» поэмасын жазған Міржақып Дулатов. (Жоқ, Шәкәрім Құдайбердіұлы).
-
1992 жылы Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды. (Жоқ, 1991 жылы).
-
Сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған бағдарлама «Excel» деп аталады. (Иә).
-
Исатай Тайманұлының жауынгер серігі Махамбет Өтемісұлы белгілі ержүрек ақын. (Иә).
-
«Еңлік - Кебек» Мұхтар Әуезовтің жазған пьесасы. (Иә).
-
Ең кіші материк - Антарктида. (Жоқ, Австралия).
-
Ең жылдам өсетін өсімдік - бамбук. (Иә).
-
Қожа Ахмет Йасауи Йасы қаласында дүниеге келген. (Жоқ, Сайрам қаласы).
-
Абайдың шын есімі - Ибраһим. (Иә).
-
Ең ірі құс - бірқазан. (Жоқ, түйеқұс).
-
Адамның омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан тұрады. (Иә).
-
Ең ұзын жануар - Керік. (Иә).
-
«Ленинградтық өрендерім» атты өлеңін майдангерлерге арнап, оларға жігер берген ақын - Жұбан Молдағалиев. (Жоқ, Жамбыл Жабаев).
-
Ең жүйрік сүтқоректі -гепард. (Иә).
-
«Шаңтимес» атанған батыр жазушының есімі - Мәлік Ғабдуллин. (Жоқ, Бауыржан Момышұлы).
-
Қожа «Тақиялы періште» фильмінде ойнады. (Жоқ, «Менің атым Қожа» фильмінде).
-
Денені тері қаптап тұрады. (Иә).
-
Биыл Ұлы Жеңіске 71 жыл толады. (Жоқ, 70 жыл).
Жүргізуші: Үшінші кезең «Қызықты ойын» деп аталады. Бұл кезеңде математикалық есептердің жауаптарын реттілікпен шешу арқылы кестедегі әріптердің реттілігімен белгілі мақал шығаратын боласыңдар. Ол үшін сендерге тапсырма жазылған парақшалар беріледі.
а
к
л
с
қ
з
ы
ө
м
е
с
ы
а
а
л
480
662
200
314
350
545
1320
333
675
239
750
426
60
160
440
-
450-136= 314 6) 780-354=426 11) 175+175=350
-
235+98=333 7) 500-300=200 12) 90+70=160
-
360+185=545 8) 960+360=1320 13) 800-360=440
-
1200-720=480 9) 444+231=675
-
500+250=750 10) 300-240=60
Жауабы: Сөз асылы - мақал.
Жүргізуші: «Көп ойла!» деп аталатын төртінші кезеңге де келіп жеттік. Тұрақты тіркестердің мағынасын ашуға тапсырма беріледі.
-
Айылын жимау - жасқанбау, сескенбеу.
-
Аймандай қылды - әшкереленді, ұятқа қалды.
-
Саусағының ұшын қимылдатпады - қозғалмады, ешнәрсе істемеді.
-
Екі иығына екі кісі мінгендей - денелі, тұлғалы, иықты.
-
Алты аласы,бес бересі жоқ -ешбір қатынасы жоқ.
-
Аспанмен таласқан - биік.
-
Жаны мұрнының ұшына келу - қиналу.
8) Жарғақ құлағы жастыққа тимеу - тыным таппау.
9) Жауырынан жел өту - азап шегу.
10) Инені жіпке тізу - бәле қуу.
11) Иненің жасуындай - азғантай.
12) Көз жазып қалу - адасу.
13) Қабырғасы қайысу - қатты қиналу.
14) Қайрауы жеткен - бабына келген.
Жүргізуші: Бесінші кезең «Суретке қара, мақалдар құра!» деп аталады. Бұл кезеңде интербелсенді тақтадан көрсетілген суретке қарап, мақалдар тауып айтатын боласыңдар.
-
Кітап - алтын қазына.
-
Ағаш көркі - жапырақ,
Адам көркі - шүберек.
-
Атың шықпаса жер өрте.
-
Үй болған соң ыдыс - аяқ сылдырламай тұрмайды.
-
Білетінің бір тоғыз,
Білмейтінің тоқсан тоғыз.
-
Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман.
-
Адам күні адаммен.
Жүргізуші: Сайысымыздың соңғы кезеңі «Қырық өтірік» деп аталады. Өздеріңіз білетін немесе ойдан құралған өтірік әңгімелер және өлеңдер айту тапсырылады.
Жүргізуші: Қазылар алқасына сөз берелік, балалар.
Жеңімпаздарды марапаттау.
Жүргізуші:
Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзінді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды, - деп Абай атамыз айтқандай өнер мен білімге қашанда жақын болайық. Сайысқа белсенділікпен қатысқандарың үшін алғысымды білдіремін.