7


  • Учителю
  • Самопазнание на тему Сүйіспеншілік сый талап етпейді 1-сынып

Самопазнание на тему Сүйіспеншілік сый талап етпейді 1-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін:

Мектеп: Үстірт орта мектебі

Мерзiмі: 18.10.2016ж

№ 7 - сабақ

Мұғалiм: Н.Уразниязова

Сыныбы: 1 «а», «ә», «б», «в»

</ Тақырып: Сүйіспеншілік сый талап етпейді

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: жанашырлық, мейірімділік

Сабақтың мақсаты оқушыларға сүйіспеншілікпен өмір сүрудің маңыздылығын жеткізу арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

Білімділік: оқушыларға риясыз сүйе білуге үйрете отырып, мейірімділік қасиеті туралы түсінік беру

Дамытушылық: оқушылардықоршаған ортаға аялы қарым-қатынас жасауға үйрету арқылы қамқорлық қасиетіне баулу

Тәрбиелік: оқушыларды мейірімділікке, жаншырлыққа тәрбиелеу





Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.



Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

Оқушылармен амандасу, сынып тазалығына мән беру , оқушылардың оқу құралдарын тексеру.

Қажетті заттар: А-4 ақ қағаз, стикер қағаздар мен түсті қарындаштар

2.Үй тапсырмасын тексеру

«Қайыңның көз жасы» мәтінін оқып мазмұндап келу

3. Дәйексөз

«Сүйіспеншілік - жүректе»

Халық даналығы

Ескерту: даналық сөздің мағынасын ашып түсіндіріп кету

4.Әңгімелеу

Асқан асыл сыйлық

Ертегі

Ілгері заманда Отырар шаһарында бір саудагер болыпты. Оның үш қызы бар екен.

Күндердің күнінде саудагер алыс жерлерге сауда жасауға аттанбақ болады да, үш қызын шақырып алып:

  • Ал шырақтарым, мен алысқа спар шеккелі отырмын. Сендерге не сыйлйқ әкеліп берейін, қалауларыңды айтыңдар -депті.

  • Үлкені «Әке маған бір тізбек асыл маржан керек» депті.

  • Екіншісі: « Маған көйлектік ең асыл жібек» -депген екен.

Қыздарының айтқанын тыңдаған саудагер кенжесінен сұрапты

  • Жан әке егер сіз аман-есен оралсаңыз содан артық сыйлық болмас депті.

Әкесі кіші қызына қатты риза болыпты.

  • Сендерге қай қыздың жауабы ұнады? Неліктен?

  • Өздерің ата-аналарыңа қандай тілектер ббілдірер едіңдер?

5. Шығармашылық іс- әрекет, топтық тапсырма

1-тапсырма

Балалар дәптерге өздері жақсы көретін адамдарына арнап өз ойларынан сурет салады..

2-тапсырма

Балалар өздері риясыз сүйіспеншілікті білдіретін іс- әрекеттерді сахналап көрсетеді.

Жаңаны білеміз

Риясыз сүйіспеншілік- асыл құндылық. Сүйіспеншілік адамнан адамға берілетін қуат.Адамның шынайылылығы оның ақ ниеті, таза ойы, жылы сөз және игі ісінен көрінеді.

6.Топпен ән айту

Ақ мамам

Еркелеймін шаттанам,

Жарқын күлкің бақ маған,

Ақ бетіңнен сүйейін,

Келшң,келші ақ мамам.

7.Үйге тапсырмасы.

Мейірбан әйел мәтінін оқып мазмұндау.































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал