7


  • Учителю
  • Махамбет сабақ жоспары 8 сынып

Махамбет сабақ жоспары 8 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Дауылпаз ақын - ел мақтаны»

Мақсаты:

1.Махамбет өлеңдерін насихаттау, поэзияны сүюге баулу.

2.Мәнерлеп оқуға машықтану, сөздің мәнін жете түсіну, оның табиғатын тану және Махамбет өлеңдерің мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу қабілетін дамыту.

3.Ерлікке, елдікке, батырлыққа баулу, елін, жерін сүйуге, патриорт болуға шақыру.



Көрнекілігі: «Дауылпаз ақын - ел мақтаны» газеті, Махамбет өлеңдер жинағынан кітап көрмесі, Махамбет портреті , ақын - жазушылардың, зерттеушілердің ақын туралы пікірлері, слайд

Байқау барысы:

1-жүргізуші: Қайырлы күн! Қадірменді «Көкірегі, көзі ашық, көңілі ояу» жыр сүйер қауым!

2-жүргізуші: Ақыры жетті күн бүгін,

Ақырып теңдік сұраған.

Түнектің түріп түндігін,

Ат міндің сұлу құладан.

Парызың бүгін өтелген,

Әр ізің жатыр жаңғырып.

Азаттық туын көтерген,

Ақынның жыры мәңгілік! - деп Махамбет оқуларының облыстық кезеңін ашық деп жариялаймыз. (Гимн)

1-жүргізуші: Құрметті оқушылар, мұғалімдер, қонақтар және қазылар алқасы, облыстық Махамбет оқуларына қош келіпсіздер!

Бүгінгі сайыстың басты міндеті - Махамбетті және Махамбеттің дәстүрін жалғастырған дарынды ақындар Фариза Оңғарсынова, Мұрат Мөңкеұлы, Шернияз Жарылғасұлы шығармаларын ұрпаққа таныту, оның жырларын өшірмей, мәңгілікке сіңіру, өскелең ұрпақты қайсарлыққа, батылдыққа тәрбиелеу, еліне, жеріне деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру

2-жүргізуші: Махамбет - халқын сүйген, халық мұңын жырлаған, елім деп еңіреген ақын. Махамбет поэзиясы өз дәуірінің, сол кездегі қанауға қарсы көтерілген шаруалар көтерілісінің айқын үні.

1-жүргізуші: Отанын сүйген патриот - өлеңдерін көпшілік мүддесі үшін жұмсаған, еңбекші шаруалардың жыршысы. Езуші таптың жауыздығын тайынбай әшкерелеп өткен реалист. Өмірінің ақырғы минутына дейін жақсылықты алдағы өмірінен күтіп, ұрпақтарды хан, патша, би, сұлтандарға қарсы күреске шақырып кеткен романтик. Ол - асыл сөздің кені, көркем тілдің ұстасы, ерлікке үндейтін жалынды үгітшісі.

2-жүргізуші: Бүгінгі облыстық Махамбет оқуларының сайысы 3 бөлімнен тұрады.

1- бөлімі. «Ер құтқарар ер едім...». Бұл бөлімде қатысушылар Махамбеттің және Махамбет бабамыздың дәстүрін жалғастырған дарынды ақындар - Фариза Оңғарсынова, Мұрат Мөңкеұлы, Шернияз Жарылғасұлы шығармаларын жатқа оқиды.





1-жүргізуші: 2- бөлімі. «Ұлы арман» . Осы бөлімге қатысушылар Махамбет және Махамбеттің дәстүрін жалғастырған дарынды ақындар - Фариза Оңғарсынованың сөзіне жазылған әндер мен Махамбет күйлерін орындайды.





2-жүргізуші: 3- бөлімі «Тартынбай сөйлер асылмын.....» . Бұл бөлімде сайыскерлер Махамбетке және Махамбеттің дәстүрін жалғастырған дарынды ақындар Фариза Оңғарсынова, Мұрат Мөңкеұлы, Шернияз Жарылғасұлына арнап шығарған өз шығармаларын ұсынады.





1-жүргізуші: Олай болса, ортаға байқауға қатысушы жас жеткіншектерді шақырамыз. /Тіркелген нөмірі бойынша өнерлерін көрсетеді/.

2-жүргізуші: Сіздерді бүгінгі облыстық Махамбет оқуларының қазылар алқасымен таныстырып өтейік (музыка ойналып тұрады):

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------





1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Облыстық Махамбет оқулары байқауының алғашқы құттықтау сөзін ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------береміз.





1-жүргізуші: Боз ағаштан биік мен едім,

Бұлтқа жетпей шарт сынбан.

Ел құтқарар ер едім, -

Жандаспай ақыры бір тынбан - дегендей сайыстың «Ер құтқарар ер едім...» атты І бөлімін бастаймыз.

</ 2-жүргізуші: №1 қатысушы -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

сахнаға шақырамыз. №2 қатысушы ------------------------- дайындалсын.





1-жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар, осымен І бөлім аяқталды.

Келесі кезек «Ұлы арман» ІІ бөліміне келіп жеттік. Махамбет және Махамбеттің дәстүрін жалғастырған дарынды ақындар - Фариза Оңғарсынова сөздеріне жазылған әндері мен Махамбет күйлерін орындайтын оқушыларды сахнаға шақырамыз.





2-жүргізуші: №1 қатысушы -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

сахнаға шақырамыз. №2 қатысушы ------------------------- дайындалсын.





1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қатысушылар ІІ бөлім де өз мәресіне келіп жетті. Белсенділік танытқан шәкірттеріңізге сәттілік тілейміз!

2-жүргізуші: «Жайық барда ортаймайды,

Көлге сен.

Ақын барда қартаймайды ,

Елге сен.

Сен тіріде - бізде тірі» дегенді

Айтады олар,

Айтқанда олар өлмес ем! -деп жырлағандай

Махамбет жырларымен қатар, оның күйлері де - өміршең, мәңгілік демекші, осы бөлімге қатысатын оқушыларға сәттілік тілейміз.





1-жүргізуші:

Елдің бойы ен тоғай,

Ел қондырсам деп едім.

Жағалай жатқан сол елге,

Мал толтырсам деп едім..... жырлағанда Махамбет өз туған халқының перзенті ретінде өз елінің болашағынан үміт күтті, елдің еркіндігін аңсады. Бүгіндері Махамбеттің бұл арманы орындалды, іске асты. Бүгінде Қазақстан Республикасы - Тәуелсіз, егеменді төрткүл дүниеге танымал, іргесі берік ел болды. Қазақ тілінің мың оралымдылық қасиетін ұғындыруда ақын жырлары - ұрпақ тәрбиесінде баға жетпес байлық саналады. Олай болса, байқаудың ІІІ кезеңі «Тартынбай сөйлер асылмын.....» бөліміне қатысатын оқушыларды сахнаға шақырамыз.





2-жүргізуші: №1 қатысушы -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

сахнаға шақырамыз. №2 қатысушы --------------------------------- дайындалсын.





1-жүргізуші:Облыстық Махамбет оқуларына қатысқан оқушылардың сайысы өз мәресіне жетті. Әділқазылар алқасын сайыстың қорытындысын шығару үшін залдан шығарып саламыз.

2 - жүргізуші:

Зұлым көрсе, бұрылып тоқтай қалып

Ақын жыры шыңғырқан шоқтай қарып.

Қатер төнсе, ысқырып неге ұшпасын,

Махамбеттің жырлары оққа айналып!



1-жүргізуші: Күні барма көңілде қауіп түйген

Еншісіне ақынның шабыт тиген.

Махамбеттің жыры да білсең егер,

Кілең Сардар үстіне сауыт киген!

Иә, Махамбеттің найза мен садақтың оғынан түзілген поэзия отауы уақытқа бағынбады. Жорық жырлары өлмес, өшпес уақыт пен кеңістіктің аясына сіңіп жүре берді.

Жарқын ойлы, жалынды ақын Махамбеттің найзағай жырларын жанға дарытып, жатқа оқымай біз қазақ болып жарытпасбыз. Міне сондықтан да облыстық Махамбет оқулары байқауында сіздермен бас қосып отырмыз.

Сөз кезегін М.Ломоносов атындағы № 5 орта мектеп-лицейінің өнерпаз оқушыларына беріледі.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2-жүргізуші:Сөз әділқазыларға беріледі.

1-жүргізуші: Махамбет жырлары және Махамбеттің дәстүрін жалғастырған дарынды ақындар Фариза Оңғарсынова мен Төлеген Айбергеновтің ұрпақтың жас жүректеріне ерлік рухын дамытып, үміт отын жағып, күш - қуат берері сөзсіз. Елжанды ақынның өлеңдері мен өмірін оқып-білер өнерлі өрендерді құттықтаймыз!

2-жүргізуші: Республикада облысымыздың намысын қорғайтын жеңімпаздарға табыс тілейміз! Келесі кездескенше сау болыңыздар!















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал