7


  • Учителю
  • 1 саны мен цифры. сабақ жоспары даярлық тобы

1 саны мен цифры. сабақ жоспары даярлық тобы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: 1 саны мен цифры.

Мақсат- міндеттері: Бір саны және цифрымен таныстыру. Kөп ұғымынан бірді бөліп алу. Бір цифрын жазуға үйрету.

Құралдар: әліппе- дәптер, санауға арналған құралдар





б) "Санамақ" жаттау.

Санға байланысты өлең-тақпақтар оқу.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Сан ұғымына шамаларды салыстыру арқылы келу - дамыта отырып оқытудың бірден-бір жолы. Сондықтан бір санын көптен бөліп алу, көптің ішінде ерекше белгісі бар, өзгеше затты беліп алуға, салыстыруға үйрету қажет.

Оқулықпен жұмыс.

Балалардың зейіні жеміске аударылады. Сурақ-жауап арқылы көптің ішінен бірді беліп алу кезделеді.

Сурет бойынша қанша алма? (көп). Оның ішінде өзгешесі бар ма? (Бар. Бір алма жапырағымен үзілген). Алмұрт қанша? (көп). Алмұрт түсінде қандай өзгеріс бар? (Kөп алмұрт, оның біреуі көк алмұрт). Сол сияқты көп жапырақ, оның біреуі көк жапырақ; көп алхоры, оның біреуі көк алхоры.

Сонымен бір алма, бір алмұрт, бір алхоры, бір жапырақ көптің ішінен өзіне тән ерекшелігіне қарай бөлініп алынады. Бір деген сөзді бала өзі айтуы керек.

Геометриялық фигураларды бір үшбұрыш, бір шаршы, бір дөңгелек, бір текше деп санап шығады.

Ұғымды бекіту үшін "Күз сыйы деген сюжет бойынша әңгіме жүргізіледі. Мысалы: Арман бақшадағы көп асқабақтан біреуін үзіп алды. Сондай-ақ, бір қияр, бір помидор, бір сәбіз, т.б. деп ұғымды қайталап тиянақтайды.

Дәптермен жұмыс.

Бір цифры неге ұқсайды? Деген сұрақ қойылады. Жауап: таяқшаға, бағанға.

1. Бір цифрын жазуға жаттықтыру үшін алдымен ауада жазу.

2. 1 цифрын жазудың алгоритмімен таныстыру.

3. Дәптердегі үлгі бойынша таяқша салу (бір жолға).

4. 1 цифрын жазу.

5. Торкөздегі 1 цифрының санына тиісті бір заттың суретін салу, геометриялық фигуралардың санына қарай тиісті цифрды қою.

Бұл сабақта Бұлжылтпаспен, оның жұмыс атқару негізі мен (прин­цип) алғаш танысады. Бір санын өткенде Бұлжытпас бір қадам басады. Ол тапсырма орындағанда бір-ақ торкөзге жылжитыны, торкөздің алдындағы кедергіні аттап өте алмайтындығы түсіндіріледі. Құмырсқаның илеуі қайда, қанша қадам жасағанда торкөзді санап отырып жетендігіне түсініп, жауап беруі керек.

Ойындар

Бұл сабақта "Көп-аз, бір", "Қай қолымда зат көп" ойындарын, дидактикалық материалдың сериясын пайдаланып ойындар ойнатуға болады.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды





















































































№1,22-23 бет

Оқулық дәптердегі практикалық тапсырмада көрсетілген үлгідей орындауларына болады.

Суретті берілген үлгідегідей бояйды.

Әр топтағы артық заттарды қоршайды.

Жемістерді санап, тиісті санын жапсырады.

1 санын жазады



Қорытынды

Сабақта 1 санының пайда болуы, 1 цифрымен танысып жаттығулар толықтырылып, өзіндік жұмыстар арқылы ұғымдарды бекітеміз.







Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген 1 саны жайлы білу керек

оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал