7


Нәтиже сабақ (4 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Нәтиже сабақ (ІV модуль бойынша)

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік. «Отбасы» тақырыбы төңірігенде сөйлей білу. Тақырып бойынша өткен сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс қолдана білу. Зат есімнің жіктік жалғауларын дұрыс қолдана білуді меңгерту. Модуль бойынша алған білімдеріне қорытынды жасау.

2.Дамытушылық. Отбасы туралы қысқаша айта білуді дамыту. Байланыстыра сөйлеу, әңгіме құрастыру, сауатты жазуды қадағалап дамыту.

3.Тәрбиелік. Ата-ананы қадірлеуге, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық сезімдеріне баулу. Әдепті және сыпайы сөйлеу мәнерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Нәтиже сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, тақтамен жұмыс, логикалық ойын.

</<font face="Times New Roman, serif">Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, сабаққа байланысты суреттер, кеспе қағаздар, карточкалар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

III.Бүгінгі сабақта.

1.Айтылым. «Менің отбасым» тақырыбы бойынша әңгімелеп айту.

- оқушылар сурет бойынша әңгімелеп айту

- осы тақырыптар бойынша диалог құру.

2. Зат есімнің жіктік жалғауларын еске түсіре отырып, қайталау.

- сызба арқылы жіктік жалғауларын сұрау.

3. Фонетикалық жаттығуды орындату. Көрсетілген әріптерге өтілген «Отбасы» модулі бойынша сөздерді жазу.

А - ана, ата

Ә - әже, әке

Б - бала, біз

Қ - қарындас, қолшатыр

О - отбасы, олар

Т - тату, тұрамыз

Ү - үлкен, үш

Ш - шеше, үшінші

4.Айтылым. «Менің атам мен әжем» тақырыбы бойынша әңгімелеп айту.

- оқушылар сурет бойынша әңгімелеп айту

5. Сөйлеу жаттығуын орындау.

Аға, іні, отбасы, шеше сөздерін І,ІІ жақта тәуелде.

І. Жақ. Менің -ым, -ім, - м

ІІ. Жақ. Сенің - ың, - ің, - ң

6.Айтылым. «Менің інім» тақырыбы бойынша әңгімелеп айту.

- оқушылар сурет бойынша әңгімелеп айту

7. Жазылым. (Тақтамен жұмыс)

- кеспе қағаздан модуль бойынша өткен сөздерді алып, тақтаға аудармасын жазу

(лет, читает, вяжет, шьёт, играет, смотрит, рисует, читаю, детский сад, вместе, играем, будет, художник,очки,отводит, зонт)

8. Сергіту сәті

9.Айтылым. «Менің ағам» тақырыбы бойынша әңгімелеп айту.

- оқушылар сурет бойынша әңгімелеп айту

10. «Домино» ойыны (кеспе қағаздар арқылы сөйлем құрау) оқушының логикалық ойлану қабілетін дамыту.

- Мынау - менің отбасым.

- Отбасымызда жеті адам бар.

- Қарындасым бірінші сыныпта оқиды.

- Шешем асханада жұмыс істейді.

- Мен үшінші сыныпта оқимын.

11. Жазылым. Жақшаны ашып, көшіріп жаз.

Біздің отбасымыз (большая). Отбасымызда (семь) адам бар. Атам мен әжем - (пенсионеры). Шешем асханада (работает). (Брат) - студент.

12. Сөйлесім. Сөйлем құрап үйрен.

1. Ата.

2. _____________________

3. _____________________

4. _____________________

Сөйлем құрап үйрен.

1. Отбасы.

2. __________________

3. __________________

4. __________________

Сөйлем құрап үйрен.

1. Әке.

2. _______________

3. _______________

4. _______________

13. Жазылым. 1. Өз отбасың туралы жаз.

Мынау-менің _______________ . Менің отбасымда__________ бар. Олар:__________________________________________________________ . Әкем___________ жұмыс істейді. Шешем___________ жұмыс істейді. Мен үшінші _________________ оқимын.

2. Сөйлемді аяқтап жаз.

Бұл - менің отбасы... .

Бұл - сенің аға... .

Үлкен көзілдірік атам... .

Қарындасы... мектепте.

IY. Сабақты қорыту (сұрақтар арқылы)

1.Сенің отбасың қандай?

2. Отбасыңда неше адам бар?

3. Әкең,шешең қайда жұмыс істейді?

4. Ағаң, інің, қарындасың, сіңлің бар ма?

5. Сен нешінші сыныпта оқисың?

V. Үйге тапсырма.

53 - 65 беттер бойынша өткенді қайталау.

VІ. Оқушылардың білімдерін бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал