7


Елбасы туралы 1000 сұрақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Елбасы туралы 1000 сұрақ»

Мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу

Түрі: сұрақ жауап

Көрнекілігі:слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент» 1 желтоқсан-Президент күніне орай өткізілген тәрбие сағаты.

Біздің Президентіміз -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі - машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел - ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

Ұйымдастыру бөлімі: Топқа бөлу

Сынып сағатының өтілу барысы:

1. Топқа бөлу (топтың аты, ұраны)

2. Ой қозғау «Менің тұңғыш президентім»

3. Топтастыру

4.Сұрақ-жауап (отбасы, еңбек жолы, балалық шағы)

5. «Сандар сөйлейді» (даталы күндерді айту)

6. Сәйкестендіру сызбасы

Негізгі бөлім:

Мұғалімнің сөзі: (қысқаша мәлімет беру) Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер- саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев сол күннен бері 22жыл ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді

Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз!

Оқушыларды топқа бөлу (топтың аты, ұраны)

1-тапсырма Ой қозғау

1.«Менің тұңғыш президентім» тақырыбында эссе жазу.

2. «Менің елбасым» өлең шығару немесе хат жазу

2тапсырма Топтастыру құру



1-топ 1940-жылы 6-шілде

3-қызы Сара Алпысқызы

Әбіш Іле ауд баурайындағыҮшқоңыр жері



Металургия зауыты

7-немере, 2-шөбере Әлжан

Дариға , Динара, Алия

2-топ



ҚР-ның қарулы күштерінің «Нұр Отан»төрағасы

Бас қолбасшысы Елбасы



ҚР-ның Қауіпіздік кеңесінің төрағасы

Ұлт көшбасшысы

Дүние жүзілік қауымдастығының төрағасы



3-тапсырма .Сұрақ-жауап

Балалық шағы

1. Қ. Р - ның президентті кім?(Н. Ә. Назарбаев)

2. Н. Ә. Назарбаев қайда туған?(Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)

3. Н. Ә. Назарбаев қашан туған?(6 шілде, 1940 жылы туған)

4. Президентіміздің сөзіне жазылған өлендер?(«Елім менің» «Үш қоңыр»)

5. Н. Ә. Назарбаев қандай мамандық таңдады?(Металлургия)

6. Қай жерде оқыды? (украина қаласы Днепр металургия комбинаты жаныідағы кәсіптік училище

7.Елбасы оқыған жоғары оқу орны? «Қарағанды политехникалық институты»

7. Н. Ә. Назарбаев қашан президент болып сайланды?(1 желтоқсан 1991 жылы.)

8. Астананың бұрынғы аттары қандай?(Целиноград, Ақмола.)

9. Қандай мемлекеттік мерекелерді білесіңдер?(1 мамыр, 4 маусым, 30 тамыз, 1 желтоқсан алғашқы президент күні, 16 маусым.)

10. Неліктен 1 желтоқсан мереке күні болды?(өткені бұл күн президент сайлау күні болды.)

11. . Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдаған жолдауы (Нұрлы жол)

Отбасы туралы

1.Н.Назарбаевтың жұбайы

2.Елбасының балалары? (Дариға, Динара, Алия)

3.Елбасының неше немере шөбересі бар? (7-немере 2-шөбере)

4.ҚР-ның призиденті қорыныі басшысы кім? (Дариға Нұрсұлтан қызы)

Еңбектері туралы

1.Н.Назарбаевтың қандай кітаптары бар? («ғасырлар тоғысқанда» , «Тәуелсәздәк белестері» , «Қазақстан жолы» )

2. Студенттерген арналған оқу орны қалай аталады? (Назарбаев Университеті)

3. Назарбаев құрметіне аталған мектептер қалай аталады? «Назарбаев зияткерлік мектептер»

4.Призеденттің студенттерге арналған шәкірт ақысы қалай аталады? «Болашақ»степендия

5Назарбаев қанша жасында президент болды? 50-жас

4-тапсырма «сандар сөйлейді» 1991-2014 жылға дейінгі даталы күндерді айту.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады



1991 жылы қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышта ерлік көрсетті.

1993 жылы қарашаның 15 күні ұлттық валюта - теңге айналымға енді.

Ақмола қаласы 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстанның астанасы деп жарияланды.

1998 жылдың 6 мамырында оған Астана деген ат берілген



1992 жылғы маусым айының 4 - жұлдызы - Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл еліміздің мемлекеттік рәміздері, Елтаңбасы, Әнұраны дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады.



1991 жылдың 1 желтоқсаны және 16 желтоқсаны әрқашан да біздің тарихымыздың Бірлігі күні, Ұлы Күні болып қала береді, барлық уақыттарда да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев есімімен тығыз байланыста болады

.

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.



1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.

Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.

6-тапсырма Сәйкестендіру сызбасы

Сұрақтар Жауаптар

1.Қ. Р - ның президентті кім? металлургия

2,Н. Ә. Назарбаев қандай мамандық бітірген? Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында

3,Н. Ә. Назарбаев нешінші жылы дүниеге келген? 6 шілде, 1940 жылы

4,Н. Ә. Назарбаев қашан президент болып сайланды?( Н. Ә. Назарбаев

5,Н. Ә. Назарбаевтың жолдасының аты? 1 желтоқсан 1991 жылы

6,Н. Ә. Назарбаев қай жерде дүниеге келген? Сара Алпысқызы

7,Призидентіміздің балалақ шағына арналған киносы қалай аталады? «Балалық шағымның аспаны»



Қорытынды: Ой бөлісу.

Болашаққа саяхат «Егер де мен………»

Президент болсам….

Оқушылардың ой-пікірін тыңдау.

Мұғалім

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың

«Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз.

Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті

сақтаңдар» деген сөзімен сабағымызды аяқтаймыз.

Әрқашан елін сүйер, жерін қорғар азамат болып өсулеріңе тілектеспін.

Ән: «Елім менің» орындалады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал