- Учителю
- Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Күй атасы - Қорқыт
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Күй атасы - Қорқыт
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы
«Теректі №1 орта мектебі» КММ
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы:
"Қорқыт ата кітабы"
Өткізген сынып : 9 «а»
Пән мұғалімі: Шаяхметова Г.М.
2016-2017 оқу жылы
Өткізген сынып : 9 «а»
Сабақтың тақырыбы: «Қорқыт ата кітабы»
Сабақтың мақсаты: Қорқыт ата кітабы туралы мағлұмат бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың тәсілі - Cұрақ -жауап, деңгейлік, топтық жұмыс, АКТ, электронды оқулықпен жұмыс, бағалау.
Сабақтың типі - Жаңа ұғымды қалыптастыру
Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ
Көрнекіліктер - Слайдтар, тапсырмалар жазылған қима қағаздар, бағалау парағы, топқа бөлетін қима қағаздар, АКТ
Кезең ,уақыт
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Қолданылған модуль
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру
3 минут
-
Сәлеметсіздер ме?
Қалдарыңыз қалай?
Кезекші кім?
Сабақта оқушылар түгел ме? Сабаққа дайынсыздар ма?
-
Көңілдерін көтеру үшін «Сәлем жолдау» позитивті стратегиясы ұйымдастырылады.Осы стратегия арқылы топқа бөлінеді. Топ басшысын сайлап алуға ұсыныс жасау.
-
Амандасады!
-
Сабаққа келгендегі қал-жағдайларын айтады!
-
Кезекші орнынан тұрып, сабаққа оқушылардың қатысуы туралы ақпарат береді.
-
Оқу құралдарын дайындайды.
-
Оқушыларға көңілашардың әсері туралы айтады. Ниет білдіреді.
-
Әр оқушы өз тобына отырады.
-
Топ атаулары: «Елім-ай» және «Сарын»
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, диалогтік оқыту
Үй тапсырмасын тексеру
5 минут
-
Тест - Руно . Экраннан тест сұрақтары беріледі. Оқушыларға таратылып берген қима қағаздарға жауап береді.
-
Өздеріне ұсынылған тест сұрақтарына жауап беру арқылы өткен тақырып бойынша өз беттерімен ізденістерін көрсетеді, тақырыпты меңгеру дәрежесін айқындайды.
-
АКТ, бағалау
Жаңа сабақ
15 минут
-
«Ой шақыру» стратегиясы күй тыңдату. Қобыз суретін көрсету, қобыз аспабымен күй шығарған күйшілерді еске түсіру.
Яғни сабақтың тақырыбын ашу, «Қорқыт» әнінен үзінді қою.
Дәптерге күн атауы мен жаңа тақырыпты жазғызу.
-
Тақтадан электронды оқулықты көріп және оқулығымыздың 112-бетіндегі «Қорқыт ата кітабы» тақырыбын оқу арқылы әр оқушы тақырып бойынша түсініктерін топ ішінде талқылайды.
-
«Шаңырақ» стратегиясы арқылы тақырыптан алған жаңа білімдерін жазады.
-
«Ойлан, тап» стратегиясы. Не себепті топ атаулары «Елім-ай, «Сарын деп аталды?
-
Сабақтың эпиграфын табу.
-
Тақырыпты ашуға түрткі жасау арқылы өз бетімен сабақтың тақырыбын табады.
-
Тақырып бойынша оқып, талқылау жасады.
-
Шаңыраққа уық тағады, яғни тақырып бойынша түсініктерін көрсетеді.
-
«Ойлан, тап» стратегиясы бойынша Қорқыттың күйлерінің атаулары айтылады. Топтың атауының алыну себебін ашады.
Диалогтік оқыту, сын тұрғысынан ойлау, оқытуды басқару және көшбасшы, бағалау, СТО
Сергіту сәті
1 минут
-
Күй «Әлқиса». Авторы Н. Тілендиев
-
Орындарынан тұрып би билейді. Ой тынықтырады, бой шынықтырады.
Бекіту кезеңі
13 миут
-
-
Картадан Қорқыт атаның туған жерін көрсету.
-
Топтық жұмыс. Екі топқа 2 жыр беріледі. Мазмұнын ашу арқылы Қорқыттың идеясын анықтау. Бірінші топқа «Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы», екінші топқа Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр» .
-
«Сыр сандық» стратегиясы. Экраннан суреттер көрсету әр топқа жекелей. Нақыл сөздерінің мағынасын ашу.
-
Деңгейлік тапсырма беру. Қима қағаз.
-
Жаңа сабақтан түсінгендерін айтады.
АКТ, СТО, Деңгейлік тапсырма, бағалау,
Қорытындылау
4 минут
Сабақ бойынша қорытынды шығарту, ұсыныс жазу. «Бәйтерек» стратегиясы.
«Бәйтеректей» биік, білімді болу үшін қол жеткізу.
СТО
Үй тапсырмасын беру
1 минут
«Қорқыт ата» кітабыдағы 12 жырды оқу, 1-топқа алғашқы 6, екінші топқа соңғы 6. мазмұндау, жырларды оқу барысында салт-дәстүрлерді тауып, сөздікпен жұмыс жүргізу.
Тапсырманы күнделіктеріне жазып алды.
АКТ
Бағалау
2 минут
-
Формативті бағалау,
-
Топ басшысының бағалауы;
-
Топтардың бір-бірін бағалауы;
-
Дарынды, орташа, төмен оқушыларды бағалау.
Оқушылар сабаққа деген пікірлерін ілді. Бір-бірін бағалады.
Бағалау.