7


  • Учителю
  • Тіл мерекесі 'Қазақстан-менің Отаным' (5-6 сыныптар)

Тіл мерекесі 'Қазақстан-менің Отаным' (5-6 сыныптар)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Тіл мерекесі

Тақырыбы: Қазақстан-менің Отаным.

Мақсаты: оқушылардың қазақ тілінен алған білімін арттыру, өз елінің тарихын, рәміздерін құрметтеуге баулу.

Көрнекілік: суреттер, карточкалар.

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Қазақстан-біздің Отанымыз. Ол- тәуелсіз мемлекет. Мемлекеттік тілі-қазақ тілі. Қазақстан-өзінің салт-дәстүрі, мемлекеттік рәміздері бар ел.

- Құрметті оқушылар сендер бізде қандай апталық болып жатқанын білесіңдер ме?
- Дұрыс, қазір бізде «Тіл апталығы» өтіп жатыр.Қазақ тілі өте бай, әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының азаматтық парызы. Қазіргі қазақ тілі - дамыған тіл.

Ол үшін біз сыныпты екі топқа бөлеміз:

І топ «Атамекен» ІІ топ «Бейбітшілік»

-Енді сайысымыздың негізгі кезеңін бастаймыз. Ол үшін екі топтан 1 оқушы шығады да, берілген тапсырманы толық орындауы тиіс.

-Алдымен сендердің тәртіптерің еске алынады және жауаптарың толық болуы керек.

-Мұқият тыңдаңыздар.

І - тапсырма. Викторина.

1.Қазақстан қандай мемлекет?

2.Қазақстан Республикасының Президенті кім?

3. Қазақстан Республикасының бас қаласы кандай?

4. Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңдар.

5. Әнұранның авторы кім?

6. Тудың авторы кім?

7. Елтаңбаның авторы кім?

8. Осы уақытқа дейін Қазақстан республикасында неше астана болды.

ІІ-тапсырма . «Тапқырлық». Әр топтың топ басшылары сыналады. Әр топтың топ басшысына 10 сұрақтан қойылады. Әр сұрақтың дұрыс жауабы 1 жұлдызшамен бағаланады.
Бірінші топқа қойылатын сұрақтар:
1. Мектеп қай көшеде орналасқан?
2. Күз айларын ата?
3. Неше рәміз бар?
4. Туда не орналасқан?
5. Қазақстан қандай мемлекет?
6. Көктемде не болады?
7. Қандай азық - түліктерді білесің?
8. Қазақ тілінде неше тән дыбыс бар?
9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?




10. Аптаның төртінші күні қалай аталады?


Екінші топтың топ басшысына қойылатын сұрақтар:
1. Апта күндерін ата?
2. Жазда не болады?
3. Әнұранның авторларын ата?
4. Сен қай қалада, қай көшеде тұрасың?
5. Біздің мектеп қандай?
6. Қандай мерекелер бар?
7. Қазақ тілінде неше жалғау бар және оны ата
8. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
9. Қыс айларын ата? 10. Елтаңбада не орналасқан?


ІІІ-тапсырма. «Адалдық».

Мына өлеңді жатқа жазыңдар. Алдымен өздерің бірнеше рет оқып есте сақтағаннан кейін өз беттерінше жазыңдар. Өте ұқыпты және мұқият болыңдар.

Отан-сенің ата-анаң,

Отан-досың, бауырсың.

Отан-өлкең, астанаң

Отан-аудан,ауылың.

ІҮ-тапсырма. «Қазақ тілі»- лотосы.

Оқушыларға кеспе қағаздар таратылып, олар соларды пайдаланып әнұранның қайырмасын құрастырып шығару тиіс.

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің - Қазақстаным!


Ү-тапсырма. Жеті сөзді тауып жазыңдар.

К

Н

А

У

Р

Ы

З

Ө

Д

Қ

Ұ

С

Ь

М

К

Г

Ш

З

Ә

Л

П

Т

О

А

Й

У

Р

Ф

Е

К

Ұ

Н

І

Ж

О

М

А

М

Ы

Р

В

Х

Көк,наурыз,ақша,мамыр,ұн,ай,құс,сәуір.



ҮІ-тапсырма. Төртінші артықты тап.

Ту

Елтаңба


Күз

Табиғат

Мектеп

Әнұран

Дос

Ағаш



ҮІІ-тапсырма. «Сөйлемдерді аяқта».

Отанды сүю орман,дала, тау қажет.

Жануарға Отан керек.

Адамға Отанды қорғау.

Табиғатты қорғау дегеніміз отбасынан басталады.

Адамның кіші Отаны ауласы, көшесі, мектебі, достары.


ҮІІІ-тапсырма. Қазақ тілінің төл дыбыстарын білесің бе?

Екі команда бір-біріне қарама-қарсы тұру керек.Бірінші команданың ойыншылары әріптерді көрсетеді.Екінші команданың ойыншылары осы әріпке байланысты сөздерді атайды.Кейін олар орындарымен ауысып, сайысты жалғастырады.

ІХ-тапсырма. «Кім жылдам?» Берілген әріптерден тез сөздер құру. Қай топ жылдам сөзді құрап шықса сол топқа жұлдызша таратылады.
Құрылатын сөздер:
М Ө С Л Й Е - СӨЙЛЕМ
У Ғ А Л Ж А - ЖАЛҒАУ
З С Ө - СӨЗ
Л Т І - ТІЛ
Қ А Б А С - САБАҚ

Қорытынды. Сонымен балалар, бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті деп ойлаймын.Сайыстарға жақсы қатысып, білімдеріңді көрсеттіңдер.Бұл өте жақсы.

Мадақтама рәсімі. Сау болыңдар.


«Ново-Урицк орта мектебі» КММ








Тіл мерекесі

«Қазақстан-менің Отаным»


5-6 сынып


Мұғалім:Бердыгужинова А.К.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал