7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары қазақ тілі тақырыбы Омоним 5-сынып

Сабақ жоспары қазақ тілі тақырыбы Омоним 5-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі

  2. Сыныбы: 5

  3. Күні, айы, жылы:

  4. Тоқсан:

  5. Мұғалім: Маширбаева Л.С

Сабақтың тақырыбы: Омонимдер

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Омоним сөздердің анықтамасын білу. Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерге ұқсастығы мен айырмашылығын меңгерту. Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.

2.Тәрбиелік: білімділікке, аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа баулу.

3.Дамытушылық: оқушылардың бұрыннан бар білімін жаңа біліммен байланыстыра алу қабілетін дамыту, ойлауы мен тілін, зейінін дамыту.

Сабақтың типі: «Жаңа сабақты меңгерту сабағы».

Сабақтың түрі: салыстыру, түсіндіру.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, жаттығу жұмыстарымен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, таблица, сөз көрнекілігі.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Өткен тақырыпты пысықтау сұрақ -жауап әдісі арқылы жүргізіледі.

а) Қандай сөздерді көп мағыналы сөздер деп атаймыз? Мысал келтіріңдер.

ә) Көп мағыналы сөздер әр сөз табына қатысты бола ма? Оны мысалмен дәлелдеңдер. Мысалы:

Бет-көп мағыналы сөз.

  1. Бастапқы мағынасы: адамға арналған (зат есім), ауыспалы мағынасы: судың беті (зат есім), кітаптың беті (зат есім), сүттің беті (зат есім).

Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да, бір сөз табына қатысты болады.

Үш қатарға үш карточка беріліп, көп мағыналы сөз жасап айтқызылады.

1. Шешу 2. Кілт 3. Бас

Шешу -етістік, тура мағынасында киімді шешу, іс - әрекет.

Ауыспалы: жұмбақ шешу (етістік), сөзжұмбақ шешу (етістік), ойды шешу (етістік), жіпті шешу (етістік), т.б.

Кілт - негізгі мағынасы құлпыны ашатын құрал, яғни құлпының кілті (зат есім).

Ауыспалы - білімнің кілті (зат есім), өмірдің кілті (зат есім).

Бас -адамның дене мүшесі (зат есім).

Ауыспалы мағынасында сабақтың басы, ағаштың басы, өлеңнің басы, т.б.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа - басқа сөздердің тобын білдіреді. Сыртқы формасы жағынан, яғни біркелкі дыбысталуы жағынан омонимдер көп мағыналы сөздерге ұқсас болып келеді.

Көп мағыналы сөз Омоним

































Мысалы: Қара: 1) қара шаш -заттың түсін білдіретін сындық мағыналы сөз; 2) тақтаға қара -қимыл-әрекетті білдіретін етістік.

Айт: 1) айт болды - діни мейрам; 2) ән айт -қимыл мағынасындағы сөйлеу, деу; 3) айт -итті бір нәрсеге айтақтап қосу үшін айтылатын одағай сөз.

Тіліміздегі көптеген омонимдер сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған. Түбір сөзге жұрнақтар қосылу нәтижесінде пайда болған омонимдер туынды омонимдер делінеді. Мысалы: Арық 1) зат - су ағызу үшін арнайы қазылған шағын су жолы. Ол егінін арықтан суарады екен; 2) сын - семіз емес еті қашқан, жүдеу. Арық, құп-қу балалардың беттерінде аштық табы бар.



Сөз көрнекілігімен жұмыс.

  1. Ара гүлге қонды.

  2. Оспан ағаш кесу үшін ағасынан ара сұрады.

  3. Түнде ай жарық болды.

  4. Қазір қазан айы.

  5. Тырна - жылы жаққа ұшып кететін құс.

  6. Ит қыңсылап жер тырнады.



ІV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Оқулықпен жұмыс

62-жаттығу

1. Адамға саусағыңды шошайтпа. 2. Адамды санама. 3. Тамақты асығып ішпе. 4. Ас қайырмай дастарқан басынан тұрма. 5. Ауруға күлме. 6. Әдепсіз болма. 7. Бас киімді айналдырып киме. 8. Босағаға сүйенбе. 9. Бір қолмен нан үзбе.



63-жаттығу

Пышақ пен Қайшы бірге өсті.

-Менің жүзім екеу! -деп мақтанды Қайшы.

- Екі жүзді болғанның несі жақсы дейсің!? - деді Пышақ.



*****

Ара жуан бөренені әрең кесті. Орақ оған қарап тұрды да:

-Мұндай орақ көрсем көзім шықсын. Біз ғой бір сілтегеннен сұлатып түсеміз! -деді.



65-жаттығу

Міне, сыныптағы оқушылардың бәрі жабыла мазмұндама жазу үстінде. Екі қолын алдына қойып, түзу отырған Гүлшат та бұл шаруаға ықыластана кіріскен. Түзу отыратыны -алғаш мектепке барған кезден бері қалыптасып кеткен дағдысы. Мұғалімнің сабақ кезінде қозғалмай, түзу отыру керек деген сөзін, міне, алты жыл бойы бұлжытпай орындап келеді. Оның үстіне сәл бүкшие қалса, анасы да бір жағынан ылғи ескерту айтып отыратын. Ал ықыласпен кірісетіні - «не нәрсені де ықтиятпен істе» деп әбден құлағына сіңіріп қойған әжесі.

V. Үй тапсырмасын беру:

1. Омонимді оқу.

2. 64-жаттығу









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал