- Учителю
- Әсемдік - өмір жарасымы
Әсемдік - өмір жарасымы
Пәні: Өзін-өзі тану
9-сынып Тақырыбы: Әсемдік - өмір жарасымы
Мақсаты: Оқушылардың сұлулық, табиғат, өнрыер туралы түсініктерін кеңейту.
Табиғат, өнер, өмір әсемдігінің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;
Сұлулықты, әсемдікті сезіну және қолдану іскерліктерін дамыту;
Әсемдікке тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Мұғалім балалардың көңіл күйін көтеру, ынтасын арттыру және
сабаққа әзірлеу мақсатында Ф.Оңғарсынова өлеңін оқып, шаттық шеңберін өткізеді.
Ф.Оңғарсынова
Жарқыра, Күн!
Мен бүгінде, көктеммін, таң - тұрағым!
Бұл әлемде жабырқап жүргендерге
Бір жақсылық етсем деп талпынамын.
Жүректе - сүйікті елес,
Мәңгілік Күн - жанымда, биікте емес.
Бұл әлемде ең биік - Адам ғана,
Мұңдануға ешкім де тиіс емес!
Жанымда - қуаныштар,
Қуанышқа ілескен бұла күш бар,
Көшіп келіп көңіліме көкжиектер,
Жақындаған секілді бір алыстар.
Ұғынбадым,
Ұғып жатар шамам жоқ мұның бәрін.
Сен арқылы әлемге шаттық шашып,
Дүниенің сіңірдім нұрын, нәрін.
Сен арқылы қуаныш құлындадым.
Қайдам, мұнда сенің не сырың барын.
Әңгімелесу
Ал, сіздер әсемдік сыры неде деп ойлайсыздар?
Табиғат пен адамның арасындағы қандай байланысты сезіндіңіздер?
Не үшін табиғатты әсемдікке балайды?
Адам өмірінің сұлулануына табиғаттан басқа тағы нелер ықпал етеді?
Әсемдік адам өмірінің сәні болып қана табылмайды ол оның мәні десек те қателеспейміз. Адам жас кезінде сыртқы сұлулығына онша көңілі тола бермейді.Сұлулық сәні уақыт өте өзгереді,бірақ жекелік, жан сұлулығыт барлық уақытта бағаланады. Жаны сұлу адам деп адамгершілігі жетілген адамды айтамыз. Жанның әсемдігі- адамның әділеттілігінен, ержүректілігінен,саналылығынан, барлық ізгілікке ие мінездерінен көрінеді.
Мәтінмен жұмыс
Айтылған ойларды бекіте түсу үшін оқулықтағы «Мәтін оқу» айдарымен берілген «Сүйкімі дүниенің сұлулықта» атты мәтінді оқып, сұрақтар арқылы талдау барысында адамдардың қарым-қатынасынан, іс-әрекетінен оның ішкі дүниесінің сұлулығын байқауға болатынына оқушылардың көңілін аударады. Мәтінде «Қыз да жігітке бір сәт көз тастап, танымаса да инабаттылықпен амандасады. Сосын барып, бұл қыздардың өз шәкірттері екенін, өз қолынан келген өнерін басқаға үйретуді жаны сүйетінін мақтанышпен әңгімелейді. Қыздың сыңғырлаған үні мен өзіне жарасқан ұяңдығы, әдептілігі мен сыпайылығына тәнті болған жігіт сол арада өз жүрегінің шешімін айтады...» деген жеріне көңіл білдіртеді.
Сүйкімі дүниенің сұлулықта
(Ертегі)
Жігіт неліктен қызды таңдады?
Әсемдіктің адам өміріндегі маңызы қаншалықты терең деп ойлайсыңдар?
Жаңа ақпарат
Оқулықта «жаңа ақпарат» айдарында төмендегідей ақпарат берілген:
Әсемдік адам өмірінің сәні болып қана табылмайды, ол оның мәні десекте қателеспейміз. Өйткені еңбек адамды адам еткен болса, сұлулық - адам бойын қуаныш, әсем сезімге бөлей отырып, сол еңбекке деген талпынысты, құштарлықты оятады, сұлу қимылдар мен әсем де әдемі қылықтарды, әдеттерді қалыптастырады. Мұңды, қорқынышты сейілтеді, жақсы көңіл күй сылайды. Сондай-ақ, әсемдікті табиғаттан үйренетініміз шындық. Себебі табиғаттың тамаша құбылыстары, көз тартар бейнелері сұлулықтан тұрады. ұсақ тасынан тауына дейін жаратылысынан әдемі. Соны әрі қарай сұлуландыра түсетін де, көркін кетіретін де адам. Сол себепті қолымыздан келгенше өмірімізді көркейтетін табиғатқа қамқор болу - әрқашан біздің жадымызда.
Адамның өмірін әсем ететін тағы бір күш - ол өнер.
Оқушылар әңгімелесу арқылы өз қорытындыларын жасаған соң, мұғалім оқулықтағы жаңа ақпаратқа назар аудартады. Оқушы берілген ақпаратты тек қана оқып, түсініп қана қоймай, сонымен қатар әңгімелесу әдісіндегі өз шешімі мен ойының дұрыстығын, тіпті болмағанда оның басқа нұсқалардың ішіндегі артықшылығын түсінеді. Жаңа ақпараттағы мәтінге қарап оқушы өз жауабын тереңірек және жан-жақты қарастыруды ойластырады. Оқулықта берілген ақпаратты мұғалім оқып беріп, әсемдіктің еңбек, өнер арқылы да қалыптасатынын түсіндіреді.
Тапсырма
Төмендегі мәтінді оқып, ой түйіңіз. Сіз сүлулық туралы қалай ойлайсыз? Ойланып, жауап беріңіз.
Оқулықта Ә.Нілібаевтың «Сұлулық» өлеңі берілген. Оқушылар өлеңді оқи отырып өмірде кездесетін сұлулық туралы өз ойларын айтады. Бұл тапсырма оқушылардың сұлулыққа ұмтылысын дамыта түседі.
Сұлулық
Ә. Нілібаев
Шын сұлулық
Анамның күлкісінде,
Әкемнің қатал, дана түр-түсінде,
Тулап аққан өзеннің гүрілінде,
Сәулемнің «Жаным...» деген дірілінде.
Шын сұлулық
Басымның қырауында,
Ерке балам ойыншық сұрауында,
Жазғы нөсер, найзағай жарқылында,
Ду соғылған алақан сартылында.
Шын сұлулық кең дала өңірінде,
Бүгінгі өркен жайған өмірімде.
Дәйексөз
Мұғалім оқушылардың шығармашылық жұмыстан алған әсерлерін қорытындылап, оқулықта берілген А.П.Чеховтың «Адам бойындағының бәрі де - бет -пішіні де, киім киісі де, жан дүниесі де, ақыл-ойы да сұлу болуға тиіс» - деген дәйексөздің мағынасына мән береді.
Мұғалім балалардың сабақтан алған білімін дәйексөздің мәнін түсіндірумен түйіндейді.
Шығармашылық жұмыс
Оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында оқулықта төмендегідей тапсырма берілген:
«Табиғат - әсемдік - өмір» сұлбасымен үш баған түзіңіздер. Бірінші бағанға сұлбаның мағынасын ашатын сұрақтар қойыңыздар. Екіншісінде қойылған сұрақтарға жауап беріңіздер. Үшіншісінде қорытынды шығарыңыздар.
Тапсырманы үйге орындауға беруге болады. Шығарма оқушы дәптерінде орындалады.
Жүректен жүрекке
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады. М.Жұмабаевтың «Сен сұлу» өлеңін айтумен сабақты аяқтайды.
« Үстірт орта мектебі» ММ
Тақырыбы: Әсемдік - өмір жарасымы
Сыныбы: 9 «В»
Дайындаған: Н.Уразниязова
Бейнеу, 2015 оқу жылы
Бейнеу, 2015 оқу жылы
Мерзiмі: Қарашаның 19-ы
Тақырып: Ашу-дұшпан, ақыл-дос
Құндылық: Дұрыс іс - әрекет
Қасиеттер: сабырлылық, төзімділік
Мұғалiм: Н. Уразниязова
Сыныбы: 4 «А»,«Ә»,«Б»,«В»
Сабақтың мақсаты: Ұстамдылық,сабырлылық адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-
сабырлылық пен ақылдылықтың, төзімділікткң мәнін түсіндіру;
-
өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
-
ұстамдылық пен сабырлылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: оқулық, дәптер
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Тыныштық сәтi. Баяу әуен ойналады. Терең тыныс ала отырып демалу, жүйкені тыныштандыру, жағымды көңіл - күй орнату.
Түзу, ыңғайлы отырып, көздерін жұмады.
«Көз алдарыңызға жазғы бір таза ауада дем алып, серуендеп жүрген уақыттарыңызды елестетіңіздерші! Қандай керемет сәт, таза ауа! Терең тыныс алыңыздар. Өздеріңіздің тыныс алуларыңызды бақылап, бақытқа, махаббатқа, тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңызға толғанын сезініңіздер! Терең тыныс алыңыздар. Ауамыз таза, тынысымыз жақсы, көңіл - күйіміз де шат. Жанымыз тыныштықта. Енді сабағымызға оралайық! Оқушылар өз қалпына келеді.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Әңгімелесу
-
Сендердің ашуланған кездерің болама, не себепті ашуланасыңдар?
-
Сол уақытта қандай күйде боласыңдар?
-
Сол күйден шығудың қандай жолдарын іздестіресіңдер?
Әрине адамдардың ойланбай істеген істерінің арты кикілжіңге апарып соғады. Кикілжің болған жерде , міндетті түрде ашу туындайды.Ашу өзіне де өзгелерге де, айналасына да зиян.Ашу үстінде адам дұрыс шешім қабылдай алмайды.Сондықтан да барлық уақытта ең алдымен адам жасайтын нәрсесін ойланып, ақылға жеңдіріп сабыр сақтап, ұстамдылық танытуы керек.
Мәтінмен жұмыс.
Сурет
* Саматқа Азамат неліктен ренжіді деп ойлайсыңдар?
* Азаматтың ашуының басылуына не себеп болды?
Түйіндеме Данышпан атаның кеңесі ұсынылады.
-
Ашу қысқан кезде өзіңді-өзің ұстай біл.
-
Ашуланған кезде бірден онға дейін іштей сана
-
Жақсы нәрсе туралы ойла
-
Өзіңді сабырлы, ұстамды адаммын деп есепте
-
Ашуды ақылға жеңдір
Дәйексөз
Ақыл- адамның көрігі,ақылдың сабыр -серігі
М. Әуезов
- Ашуды жеңдірудің ең тиімді жолдары ақылға салу,сабыр сақтау ұстамды болу. Ақылды, сабырлы, кішіпейіл, әділ, батыл, мейірімді адам ашулана қоймайды.Ашуын ақылына жеңдіреді.
Дәптермен жұмыс
Оқулықта берілген даналық сөздерден түйген ойларын дәптер бетіне түсіру
Жаңа ақпарат
Іс-әрекеттің байыбына бара алатын, жақсымен -жаманды айырып, дұрыс бағасын беретін адамды ақылды адам дейді
Үйге тапсырма. «Сабыр» сөзіне сөзжұмбақ құрастырып келу.