7


  • Учителю
  • Конспекты ашық тәрбие сағаты'Кім боламын' 3 сынып

Конспекты ашық тәрбие сағаты'Кім боламын' 3 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Кім боламын?

Сабақтың мақсаты:

1)мамандық таңдауға көмектесу, маман иелерінің атқаратын қызметін білу;

2) оқушы шығармашылығын, тілін, ойын дамыту;

3) кәсіпке тәрбиелеу, адамгершілік тәрбиесін беру;

Сабақтың барысы

Мектеп. Оқушылар бірін-бірі итеріп, сыныпқа кірді. Есіктен қазақ әдебиеті мұғалімі кірді. Балалар орындарынан тұрып,амандасады. Мұғалім сабақ түсіндіреді.

Мұғалім: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Кім боламын?». Әр адамның өзінің бала күнінен армандаған арманы болады. Адам ең алдымен мамандық таңдаудан қателеспеуі керек. Себебі өзі қалаған мамандықпен өмір бойы қызмет етпек. Сондықтан Абай атамыз «Сен де бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та бар қалан» демекші, өмірде өз орындарыңызды адаспай табыңыздар. Барлығы ұйып тыңдап отыр. Ал Нұрсұлтан болса қалың ойға шомып, қиялдап отыр. Ұстаз болсам ба екен деп армандайды.

Ортаға ұстаз шығып: Ұстаз болу-жүректің батылдығы. Ол оңай емес.

Мен, мұғалім ұстазбын

Білдіруге құштармын.

Жақсы оқып, үйретіп,

Алға қойған мақсатым.


Нұрсұлтан ойланып, қой, ұстаз болу қиын екен. Ендеше заң болсам қайтеді. Жұртқа бағыт-бағдар беріп, жөн сілтеп отырғанның несі жаман дейсің? Сот болайын онда.

Сот:

Нұрсұлтан: Ол мамандық та менің қолымнан келмейді екен. Оңай шығар деп ойласам. А,а таптым! Дәрігер болсам қайтеді? Адамдарға дәрі беріп, емдеп отырғанның несі жаман? Оңай сияқты.

Дәрігер: Елде сақтап амандық,

Емдеп жұртты аман қып.

Дәуірлерге жеткізер,

Дәрігерлік мамандық.


Бабын тауып баланың,

Емін тауып ананың

Қарт пен жастың бәрін де,

Қамқорыма аламын


Ендіремін күшіңді

Емдеп берем тісіңді

Құлан таза жазып тек

Бұлдамаймын ісімді.

Нұрсұлтан: (басын сипап) Дәрігер болу оңай іс емес екен ғой. Тісті қайтіп емдеймін? Тілі жоқ баланың қай жері ауырғанын қалай білемін? Бұл да маған қол емес екен. Құрлысшы болсам ба екен?

Құрлысшы: Қуанып әр жанұя

Алды жарық, кең ұя

Ол - шекіген әр тасты

Құрлысшының арқасы


Үлгілерге қараймын

Үй іргесін қалаймын

Өрнектерді оямын

Терезесін қоямын

Нұрсұлтан: Терезе мен есікті қоя алмаймын. Кірпіш қалау да оңай емес шығар. Одан да егін егіп, диқан болсам қайтеді?

Диқаншы: Айдағаным трактор

Баптағаным қырат-қыр

Дархан еңбек жемісі

Дала сәнін құрап тұр.


Ел қуанттым наныммен

Еңбегімнің мәнімен.

Молайтамын шаттықты

Молшылықтың әнімен

Нұрсұлтан: Диқан болу оңай ма десем, техника тілін білу керек екен ғой. Ешқандай мамандық қолымнан келмейтін сияқты. Оқуы да, тоқуы да жоқ ең оңайы қой бағу ғой. Малшы болсам қайтеді?

Малшы: Қойдың жүні биязы,

Еліме сән, сый әні

Баққан малым Отанға

Байлық құтын құяды


Еселеймін дайындап,

Ет, ірімшік, майын да

Балалар ән салады

Батыр малшы жайында.


Қойым қоздап егізден

Қойшы құтты дегізген

Атақты ер шопанмын

Ақтылы қой өргізген


Нұрсұлтан: Мамандықтың қай қайсысы да оңай емес екен. Үйге барып, анаммен, әкеммен, ата әжеммен ақылдасайын. Үлкендердің батасын алайын.

Сабақтан сөмкесін былғалатып, шығып кетеді. Үйіне келеді. Әжесі ұршық иіріп, атасы газет оқып, анасы киім үтіктеп, әкесі теледидар қарап жатыр. Нұрсұлтан әжесінен атасынан көмек сұрайды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал