7


  • Учителю
  • 'Жақсылық жан жадыратады' (9- класс)

'Жақсылық жан жадыратады' (9- класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Оқушылардың жақсылық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту және жақсылық пен жамандықтың қатар жүріп адам өмірінде сан қилы белең көрсететінін ұғындыру, жақсылықтың адам өміріндегі мәні және жақсылық жасаудың қуаныш әкелетіндігін сезіндіру, жақсылық жасауға тәрбиел
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Жақсылық - жан жадыратады.


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жақсылық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту және жақсылық пен жамандықтың қатар жүріп адам өмірінде сан қилы белең көрсететінін ұғындыру.


Сабақтың міндеттері:

- жақсылықтың адам өміріндегі мәні және жақсылық жасаудың қуаныш әкелетіндігін сезіндіру.

- жақсылықты түсіну.

- жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Әдic-тәciлдep: әңгiмe, шығapмaшылық iздeнic, caлыcтыpy.

Құpaл-жaбдықтap: мyльтимeдиa тaқтacы, түcтi қaғaздap, қaйшы, жeлiм, бaяy әyeндep.

Caбaқ бapыcы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар түгелдеу. Оқушылардың құралдарын, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Тыныштық сәті.

Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІҮ. Ой қозғау

Жақсылық, жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады?

Жақсылық жасау адам жасына байланысты ма?

Жақсы адам бойында қандай қасиеттер болады?


Ү. Mәтiнмeн жұмыc

A.Құнaнбaeвтың «Жиыpмa үшiншi қара cөзі» тыңдалады. Мұнда жaқcы қacиeттepдiң қaлыптacyынa жәнe жaмaн қacиeттepдi бoлдыpмayғa әp icтeн өздepi қopытынды жacaй бiлyгe үйpeтеді.

-Жaмaнғa caлыcып жaқcы бoлa мa?

- Aдaм бacқaның жaмaндығынa қyaнyдaн нeмece жұбaныш қылyдaн жaқcы aдaм бoлa aлa мa? Heлiктeн?

Адамгершілік пен имандылық - жақсылық әкеледі. Адамға жағымды нәрселердің барлығы Жақсылық ұғымы арқылы жүзеге асады. Осы қасиет арқылы жас та, кәрі де өзінің мақсат - мүддесіне, арман тілегіне, болашақтан үміттенуіне сенімін білдіреді. Жақсылық арқылы жеке адамдардың іс - әрекеттеріне, қоғамдық қатынастарына, адамаралық байланыстарына баға беріледі. Жақсылық адамның ізгілігін анықтайды.


ҮІ. Тренинг. «Менің көзіммен»

Тақтада ақ параққа қара ноқат салынып ілінеді де сұралады. Жауапты оқушы өз дәптеріне жазады. Шешуші сөзді мұғалім өзі айтады.

Егер сіздің көргенііз «қара ноқат» болса - адам бойынан ең әуелі кемшілік іздейсіз. Егер алдымен ақ парақты көрсеңіз - жақсылықты іздейсіз.

Өз жауаптарыңды іштей қорыта отырып өз ұғымыңызды қазіргі өмірмен байланыстырайық.

Адам қашан да ең бірінші жаманшылықты ойлайды. Жақсыдан гөрі жаманға жоруға үйір келеді. Теледидардағы жаңалық хабарлардың дені де сондай.

«Қара ноқатты» ғана көріп отырған оқушылар болса, айыбы жоқ, себебі солай болғанына ешкім де кінәлі емес. Өз рухыңды таза ұстағайсың.



Аңыз әңгіме.


Бұрынғы заманда бір кедей өмір сүріпті. Жанұясын асырау оған қатты қиынға соғатын. Бірде ол тау басында жүріп, құлынды тауып алады. Құлынның иесі табылмағандықтан, ол оны өзіне қалдыруға шешім қабылдады. Барлық ауыл адамдары оның бұл олжасы туралы айтып, енді оның жұмысы алға басатыны туралы бірі қызыға, бірі қызғана айтатын болды. Шынымен бұл құлын жаңа иесіне шаруашылықта көп көмегін тигізді.

Күндердің күнінде кедейдің жеті жасар ұлы тайға мініп алып, ойнап жүреді. Кенеттен бір нәрседен шошынған тай шауып ала жөнеледі. Бала тайдан құлап, қатты жарақат алады. Ата-анасы балаға ұзақ қарайды, аман қалмайды деп ойлайды. Бала күндер өте жазылғанымен, өмір бойы мүгедек боп қалады. Енді ауыл адамдары тайды қарғап, кедейге жанашырлық білдіріп жатады.

Арада 10 жыл өтеді. Хан көрші елге соғыс жариялап, барлық аймақтағы ер-азаматтарды соғысқа шығуға бұйрық береді. Айылдың барлық ер адамдары соғысқа аттанып, ата-аналары қайғыға батады. Тек қана мүгедек жігіт соғысқа шақырылмайды. Соғысқа кеткен азаматтардың ешқайсысы аулына оралмайды.

Сөйтіп кедейдің бір кездерде тау басында тауып алған құлыны оның баласын аман алып қалады.

  1. Бұл аңыз әңгіме нені меңзейді?

  2. Құлынның балаға тигізген зияны неге әкеліп соқтырды?

  3. «Қандай да бір істің бастауы жақсылыққа апарады» дегенді қалай түсінесіңдер?

ҮІІ. Дәйексөз.

Биік төбеге шықсаң,

Көзің ашылады.

Жақсыменен сөйлессең,

Көңілің ашылады.

М.Әлімбаев

Жақсылығымыз жақын болсын. Кейде адамдар «Жақсылығым алдымнан шықпайды», - деп ренжіп жатады. Жақсылық сатусыз жасалады. Жақсылық - өлшеусіз құндылық. Жақсылықты ұқпаған адам күндердің күнінде ұғатын болады. Тек, асықпау керек.


ҮІІІ.Шығармашылық тапсырма

Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа «Ақиқат», «Махаббат», «Достық» деген құндылықтар беріледі. Әр топ оқушылары осы құндылықтардың мағынасын ашып, постерге ойларын көрсетеді. 3-5 минут уақыттан кейін әр топ өз тапсырмасын қорғайды.

ІХ. Қорытындылау.

Сұрақтарға жауап береді.

Төмендегі сөйлемді аяқтайды:

Мен жақсылық жасай аламын, себебі.....

Х. Үйге тапсырма:

51-беттегі «Сөз құдіреті» мәтінін оқып, мағынасын ашу тапсырылады.

ХІ. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал