7


  • Учителю
  • Аңыз әңгімелер. Жиренше шешен мен хан.

Аңыз әңгімелер. Жиренше шешен мен хан.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ әдебиеті 6 «Б» сынып 25.11.15 ж.

Тақырып: Аңыз-әңгімелер, «Жиренше мен хан»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 1. Оқушыларға аңыз-әңгімелер жайлы мәлімет беріп, меңгерту. «Жиренше мен хан» әңгімесінің мазмұнын, онда не жайлы айтылған оқушыларға түсіндіру. Сөздіктегі сөзді дұрыс айтуға, жазуға баулу. Сөздік қорын молайту;

2. Дамытушылық: Өткен сабақта алған білімдерін ұштастырып, білімдерін байытып, дамыту. Сөздік қорларын толықтыру.

3. Тәрбиелік : Топпен жұмыс істеу барысында бір -бірін сыйлауға, әдептілікке тәрбиелеу;
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, кеспе қағаз,оқулық
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме оқушылар! Сыныпта кім кезекші? Кім жоқ? Рахмет, отыра ғой.
ІІ. Үй жұмысын сұрау.
- Оқушылар сендерге үйге не беріліп еді? Үй жұмысын кім айтады? Әр топ өздерінің дайындаған жұмбақтарын жатқа айту.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ал, енді бүгінгі біздің өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбын жұмбақтарды шешу арқылы тапқызып, сабақтың мақсатымен таныстыру
Жұмбақтарды шешіп, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашайық.


Ілулі тұр кең алаң,
Керегімді мен одан
Жазып алам көшіріп,

Сүртсем сосын өшіріп. (......)


Аспаннан домалап,

Көп моншақ төгілді.

Бусанып жон - алап,

Терледі, керілді. (......)


Мүлгіп тұрған бақ тыныш,

Ораныпты ақ күміс. (.......)


Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. (.......)


Аңыз-әңгімелер өте ертеден басталады. Мұнда көбінесе өмірде болған оқиғалар суреттелініп, оларға қызықты, жағдайлар қосылып айтылады.
Аңыз-әңгімелердің кейіпкерлері ақылды, тапқыр ойлы, ержүрек, және еліне мейірімді адамдар. Аңыз-әңгімелердің үлкен бір тобы Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, Жиренше шешен, Асанқайғы туралы. Олар түрлі қиын жағдайларда, шешендігімен, өнерімен танылып, қарсыластарын жеңіп отырған.

1.Мәтінді түсініп оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңдер.

Деңгейлік тапсырма. Оқушылық деңгей.

1 -топ: Аңыз деген не?

Аңыз әңгімелердің қандай түрлері бар?

2- топ: Тарихи аңыздар дегеніміз не? Тарихи аңыздарға қандай аңыздар жатады?

3 - топ: Топонимикалық аңыздар дегеніміз не? Топонимикалық аңыздарға қандай аңыздар жатады?

4 - топ: Батырлар туралы аңызда не туралы баяндалады? Ғашықтық туралы қандай аңызды атап бере аласыңдар?

Сергіту сәті

2. «Жиренше мен хан» әңгімесінің мазмұнын айтып беремін.

3.Жиренше шешен мен хан аңызын оқып, талдау жасаңдар.

1 -топ: 1. Негізгі кейіпкерлер:

2. Қосалқы кейіпкерлер:

2 - топ : 1. Жиренше шешен мен ханға мәтінді қолданып салыстырмалы мінездеме беріңдер.

Жиренше қандай? Хан қандай?

3 - топ: Аңыз мазмұны бойынша қорытынды шығарыңдар.

4- топ: Баға беріңдер. Қалай ойлайсыңдар, кім ақылды, Жиренше ме, хан ба?

4.Сөздікпен жұмыс:
Аңыз-әңгімелер-легенды Көбінесе - в большинстве
Ғажайып - чудо, чудесное Кейіпкерлері -герои, персонажи
Тапқыр- находчивый тапқырлық-находчивость
мейірімді- добрый жауларын- врагов
сөзге шешен - красноречивый әр алуан- различный
жауап- ответ қаздың еті - гусиное мясо
бөлу - делить кем-меньше
артық- больше өйткені- так как
бұйрық-приказ ханым -ханум, жена хана
құс- птица мойын-шея
мойынсыз-без шеи қанат-крылья
ІҮ. Бекіту кезеңі.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Аңыз-әңгімелерде қандай оқиғалар суреттелінеді?
2. Аңыз- әңгімелердің кейіпкері кімдер?
3. Жиренше қандай адам болған?
4. Хан Жиреншені үйіне не үшін шақырды?
5. Жиреншенің ханның бұйрығын қалай орындағанын аңыздан тауып оқындар.
Ү. Қорытындылау.
Аңыз-әңгімелердің кейіпкерлері қандай адамдар?
шешен
ақылды
тапқыр ойлы
батыл
өнерлі
ержүрек
еліне мейірімді
ҮІ. Бағалау.Өздері бағалайды.

VІІ. Үйге тапсырма: Жиренше шешен туралы аңыз әңгімені оқып, мазмұнын білу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал