- Учителю
- Урок по казахской литературе 5- класс
Урок по казахской литературе 5- класс
Сабақтың тақырыбы : Ф. Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңі
Сабақтың мақсаты :
а) ақын Ф.Оңғарсынованыңшығармашылығы туралы білімдерін тереңдету, өлеңнің мазмұнын, идеясын ашу.
ә) оқушылардың шығармашылық ізденістерін қалыптастыру, мәнерлеп оқу шеберлігін, тілін, ой-өрісін дамыту.
б) оқушыларды ұлтжандылыққа, елін, ұлттық дәстүрін, қолөнерін сүюге, қастерлеуге баулу.
Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі : түсіндіру, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, ойын элементтерін қолдану, топтастыру
Пәнаралық байланыс : қазақ тілі, қолданбалы өнер
Көрнектілігі: мультимедиалық слайдтар, ою-өрнектер, тұскүйіз, текеметтер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Мұғалім:
-
Балалар, қазіргі кезде поэзия жанрында қалам тербеп жүрген қазақтың ақындары өте көп. Солардың ішінде ақын- қыздардың орны ерекше. Сендер қазақтың қандай ақын- қыздарын білесіңдер?
( М.Айтхожина, Ф.Оңғарсынова, К.Ахметова, Ұ.Сариева, А.Қадырбаева,А.Бақтыгереева)
-Иә, бүгінгі сабағымызда жерлесіміз, өз жырларымен халық жүрегінен орын тапқан ақын апамыз - Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына тоқталамыз.
(Телевизордан Ф. Оңғарсынованың сөйлеп тұрған бейнесі көрсетіледі )
-
Ф.Оңғарсынованың өлеңдері Жайықтың толқынындай айбынды, Каспийдің аққуларындай пәк, туған жеріндей кең әрі ыстық болып келеді.
-
Балалар, сендер Фариза апаларыңның өлеңдерімен бастауыш сыныптан таныссыңдар. Естеріңе түсіріңдерші, қандай өлеңдерін оқып, жаттап едіңдер?
-
Ф.Оңғарсынова Отан, туған жер, ауыл, ата-ана, ұлттық салт-дәстүр тақырыбында көп жырлаған ақын. Бүгінгі сабағымызда сондай өлеңдерінің бірі- «Оюлар» өлеңімен танысамыз. Оюлар дегенде сендердің көз алдарыңа ұлттық тұрмыстық бұйымдар, ұлттық киімдер елестейді.Ата-бабаларымыз табиғат құбылыстарына, түрлі өсімдік, жануарларға қарап ою-өрнектердің түрлерін ойлап тапқан. Ал сендер қазақтың қандай ою-өрнектерін білесіңдер?
( Оқушылар өздерінің білетін оюларын атайды )
-Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбын ашу мақсатында сабақтың эпиграфымен таныстырып өтейін
«Қазақтың ою- өрнегін салып, қиып үйренбей,
халықтың қолданбалы өнерін игеру мүмкін емес»
ІІІ. Жүргізілетін жұмыстар:
-
Өлеңді мәнерлеп оқу
-
Өлеңнің мағынасын ашу, ақынның идеясын анықтау
-Балалар, өлеңді тыңдап отырып байқаған боларсыңдар, ақын қандай идеяны қозғайды ?
ІV. «Алтын қақпа» танымындық ойының элементтерін пайдалана отырып, сөздік жұмысын жүргізу.
-
Өлеңде кездесетін, мағынасы таныс емес сөздердің мағынасын ашу.
(Теледидардан оқушылар сұрақ қояды )
-
Оқушылар білгендерінше жауап береді
-
Теледидардан дұрыс жауабы беріледі
Желбау- дауылды жел болғанда жабын киіздер сыпырылмау үшін шаңырақты тартып байлайтын бау
Басқұр - керегелердің басын айналдыра орай тартып байлайтын, өрнектеп тоқылған жалпақ бау
Тұскиіз- киізге кестелі барқыт, оюлы мата жауып, әшекейлеп істелген төсектің тұсына құратын кілемше
-
Балалар, ою- өрнектерге байланысты қазақ халқында көптеген мақал-мәтелдер бар. Сендер қандай мақал -мәтелдер білесіңдер ?
«Текемет басу» ойыны
Орындары ауысып кеткен сөздерді реттеп орналастырып, мақал құрастыру
Мақал дұрыс құрастырылса, текеметтің суреті шығады.
V.Сабақты М.Мақатаевтың «Фариза» өлеңімен қорытындылау
VІ. « Бес жол өлең » стратегиясы арқылы сабақты бекіту
VІІ. Үйге тапсырма: Қошқар мүйіз өрнектерін көркемдеп, бояумен салу
« Өнер - өрмек тоқытады» тақырыбына шығарма
жазу. Өлеңді мәнерлеп оқу
VІІІ. Оқушылар білімін бағалау