7


  • Учителю
  • ҚАзақ тілінен ашық сабақ 'Ана тілің - арың бұл'

ҚАзақ тілінен ашық сабақ 'Ана тілің - арың бұл'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мичурин орта мектебі



Тіл апталығы:

«Тілім менің - тірлігімнің айғағы»

Мичурин ауылы

2013 жыл

Тіл апталығы

Пән:Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: «Ана тілің - арың бұл!»

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: мемлекеттік тілді құрметтеу, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, тілімізге деген сүйіспеншілігін тудыру.

ә) Дамытушылық: оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, сөздік қорын молайту, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру.

б) Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сайыстың барысы:

Кіріспе сөз: - Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі мемлекеттік тілге байланысты «Ана тілің - арың бұл!» атты іс-шарамызға қош келдіңіздер!

Ана тілім-күшім менің, қуатым,

Жырым сендік жүрегімнен туатын.

Тауысар ма ырысыңды, қорыңды

Тізелесіп қатар жазса мың ақын!,-

деп ақындар айтқандай, адам қаншалықты көп біліп, биіктен көрінсе де ана тілін ұмытпауы тиіс. Біз өз ана тілімізді құрметтеуіміз керек.

Бүгінгі сайыс барысында қазақ тілі пәні бойынша оқушыларымыздың білімдерін, ақылы мен ептілігін сарапқа салатын боламыз.

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден - жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол - еңбектену жалықпау.

Ендеше ортамызға қазақ тілі пәні бойынша ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр оқушыларымызды шақырайық. (ортаға қатысушы топтар шығады)

Асыл тастан, өнер жастан,

Шығады деп дарынды.

Халық айтса қалт айтпайды,

Әрқашанда нанымды, -

Дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар.

Сайыстың ережесі:

*Тыныштықты сақтау.

*Бір-бірін тыңдау.

*Ойын қысылмай айту.

1-айналым. «Шешуін тап» алфавиттік жұмбақ. (әр дұрыс жауап 1 ұпай)

І-топ:

1. Тұзда бар, суда жоқ.

Мұзда бар, буда жоқ. (Ұ)

2.Гауһарда бар, Гүлнарда жоқ.

Жауһарда бар, Сәуледе жоқ. (Һ)

3.Дәнде бар, елде жоқ.

Сәнде бар, сенде жоқ. (Ә)

4.Шөлде бар, далада жоқ.

Көлде бар, теңізде жоқ. (Ө)

5.Тарақта бар, шашта жоқ.

Тамақта бар, аста жоқ. (Қ)

ІІ-топ:

1.Қарғада бар, сауысқанда жоқ.

Торғайда бар, үкіде жоқ. (Ғ)

2.Бірде бар, үште жоқ.

Екіде бар, Бесте жоқ. (Е)

3.Майда бар, сүтте жоқ,

Айда бар, көкте жоқ.(Й)

4.Үйде бар, шиде жоқ.

Күйде бар, биде жоқ. (Ү)

5.Қазда бар, үйректе жоқ.

Құрда бар, шілде жоқ. (Қ)

- Енді балалар ақырғы табылған жұмбақтың әрпімен сендер мен қойған сұрақтарға сол әріптен басталатын сөзбен жауап берулерің керек.

Сұрақтар:

- Сенің атың кім?

- Фамилияң кім?

- Құстың аты?

- Оқу құралының аты?

- Жануардың аты?

2-айналым. «Ойна да тап». Бұл айналымда оқушылар сөздерді толықтыру керек. ( Әр дұрыс жауап 1 ұпай)

1.Лицо - бет,

Мясо - ...(ет).

2.Пар - бу,

Флаг - ...(ту).

3.Много - көп,

Трава - ...(шөп).

4.Хитрый - қу,

Вода - ...(су).

5.Роса - шық,

Игрушка - ...(ойыншық).

6.Огород - бақша,

Ёлка - ...(шырша).

7.Город - қала,

Ребёнок - ...(бала).

8.Утренний - таңғы,

Лыжи - ...(шаңғы).

9.Жердь -уық,

Холодно - ...(суық).

10.Медь - жез,

Быстро - ...(тез).

11.Сторона - жақ,

Белый - ...(ақ).

12.Знай - біл,

Язык - ...(тіл).

13.Начерти - сыз,

Мы -...(біз).

14.Берег - жаға,

Оценка - ...(баға).

15.Прибавь - қос,

Друг - ...(дос).

16.Действие - әрекет,

Государство - ...(мемлекет).

3-айналым. «Тапқырлар». (әр сөз 1 ұпай)

  • Бұл турда екі командаға бірдей сөз беріледі. Сол сөзден балалар сөздер құрастыру керек. «Қазақстанның» (аң, нан, қазақ, ақ, зат, аң, тас, қаз,таң, сан, заң т.б)

4-айналым. «Блиц - турнир». (1 дұрыс аударма - 1ұпай)

  • Ә р топқа қолма - қол аудару үшін сөздер айтылады. (Олар экранға да жазылып шығады). Ойыншылар сөздердің аудармасын кезекпен айтып беруге тиісті. 1 дұрыс аударма - 2 ұпай. Қатемен аударылған сөз - 1 ұпай.

І-топқа берілетін сөздер: сағат, сіңлі, дәстүр, бірге, орталық, отбасы, қаңтар, алаң, ақылды, сынып.

ІІ-топқа берілген сөздер: уақыт, киім, іні,наурыз, қала, әдепті, бөлме, табиғат, ұнайды,кезекші.

5-айналым. «Полиглот». ( Әр дұрыс жауап 1 ұпай)

-Бұл айналымда орыс тілінде сөздер оқылады, сол сөздерді әр топ қазақ және ағылшын тілдеріне аударулары керек. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

Школа - school - мектеп,

Учитель - teacher- ұстаз,

Знание - knowledge- білім,

Зима - winter - қыс,

Осень - autumn - күз,

Книга - book - кітап,

Семья - family - отбасы,

Язык - language - тіл.



6-айналым. Мәнерлеп оқу. (ең жақсы оқыған 5, орташа 4, төмен 3 ұпай)

- Екі командаға тілге байланысты өлең жолы беріледі. Топтан бір оқушы шығып нақышына келтіріп мәнерлеп оқу керек. Бұл айналым 5 ұпаймен бағаланады.

«Отан» өлеңі

Отан - сенің ата- анаң,

Отан - досың, бауырың.

Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың.

Отан - тарих, Отан - тіл,

Жасаған елің, өз халқың.

Отан - өлкең, Отан- жыр,

Көтерген көпке ел даңқын.

7-айналым. «Кім алғыр» (әр айтылған нақыл сөздерге 1 ұпай)

  • Бұл турнирде оқушылар кезек-кезекпен тілге, отанға байланысты мақал-мәтел, тұрақты сөз тіркестерін, ұлағатты сөздерді, өлең- тақпақты жатқа айтады.

Міне, біз «Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» шыққан озық ойлы тобымызды анықтайтын кезге жеттік. Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына берсек.

«Білекке сенер заманда ешкімге есе бермедік,

Білекке сенер заманда қапы қалып жүрмейік» -

деп даналарымыз айтқандай, келешек білімді ұрпақ қолында екендігін елбасымыз халқына Жолдауында атап көрсеткен болатын. Еліміздің ертеңі, тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар елдің жалауы ешқашан еңкеймек емес. Алдағы уақытта да тек қана биіктерден көріне беріңдер деген изгі ниетпен біз сайысымызды аяқтаймыз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал