7


  • Учителю
  • 2 бөлікке бөлу. 4 бөлікке бөлу. ашық сабақ даярлы тобы

2 бөлікке бөлу. 4 бөлікке бөлу. ашық сабақ даярлы тобы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: 2 бөлікке бөлу. 4 бөлікке бөлу.

Мақсат- міндеттері: Көзбен мөлшерлей бөлу дағдысын қалыптастыру. Ептілікке, шыдамдылыққа үйретіп, бастаған ісін аяқтауға үйрету.

Құралдар: әліппе- дәптер, санауға, салыстыруға арналған құралдар





ә) Алдыңғы, кейінгі, оң жақ, сол жақ көршілерін анықтау.

б) Әрбір санның сандық құрамын анықта, яғни неше бірліктен тұратынын ажырату.

в) 0-ден бастап солдан оңға қарай тура санау, керісінше 10-нан бастап, оңнан солға қарай кері санау.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Сабақты практикалық жұмыстан бастаған жөн. Жеміс-жидек, көкөністерді теңдей 2-ге бөлу жұмыстарын жүргізу. Ортасынан қақ бөлгенде бүтін заттың 2-ге бөлінетінін түсіндіру. Мына алманы екеуің бөліп жеңдер - деп, екеуара бір алмадан үлестіріп беруге болады. Бүтіннің ортасынан қақ бөлгенде ол екіге теңдей белінеді, бүтіннің жартысы болады. Сол сияқты, қарбыз, қауын, алмұрт, помидор т.б. орта­сынан 2 бөлікке тең белу жұмыстарын жүргізіп, балалардың көзін жеткізу керек.

Геометриялық фигуралар шаршы, үшбұрыш, дөңгелек, тік төртбұрыштарды ортасынан теңдей бөлу, жартысын бояу жұмыстары беріледі.

Қарындаш тапсырмасында берілген геометриялық фигураларды тең екі бөлікке бөлу тапсырылады.

Мына геометриялық фигуралардың қайсысы тең бөлінген, қайсысы тең бөлінбегенін анықтау.

II және IV геометриялық фигуралар тең бөлінбеген.

Сонымен, бүтін затты теңдей екі бөлікке бөлуді, оның әр бөлігі бүтіннің жартысы болатынын, екі жартыны біріктірсе, бүтін болатынын саналы меңгерту қажет.

4-бөлікке бөлу.

Тік төртбұрышты теңдей төрт бөлікке бөліп, бір бөлігін бояу. Төрттен бір бөлігі - ширек деп аталады.

Қарындаш тапсырмасында бірдей төрт текшені, төрт түрлі жағдайда, теңдей төрт бөлікке бөлу қарастырылады.

Тік төртбұрышты теңдей төрт бөлікке бөлу жұмыстары шаршыны бөлгендей жүргізіледі. Берілген геометриялық фигуралардың қайсысы теңдей төрт бөлікке бөлінгенін, қайсысы теңдей бөлінбегенін анықтату.

Қарындаш тапсырмасында геометриялық фигураларды бояу тап­сырылады.

Бүтінді теңдей төрт белікке белу үшін алдымен теңдей екіге бөлу керек, оның әр бөлігін тағы да теңдей екіге бөлу керектігін саналы игерту, игерген ұғымдарын қалыптастыру керек.



Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды









































№ 2, 18- 21 бет

Суретте көрсетілген үлгі бойынша суреттерді бояйды.

7,8,6 сандарының құрамдарын жазады.

есеп құрастырып, шығарады.



Қорытынды

Бұл сабақта бүтін заттарды тең 2,4 бөліктерге дұрыс бөлу көзделеді







Күтілетін нәтиже:

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындауы

  • бүтін заттарды тең 2,4 бөліктерге дұрыс бөлу білуі керек















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал