- Учителю
- Сабақ жоспары 'Қобыланды батыр' (6-сынып)
Сабақ жоспары 'Қобыланды батыр' (6-сынып)
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Қобыланды батыр жырының композициялық
құрылысы
Сабақтың мақсаты:
а) Қобылынды батыр жырынан мәлімет бере отырып,ерлікке,адамгершілікке баулу;
ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау ,баяндау т.б
Сабақтың көрнекілігі: «Батырлар жыры» кітабы, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген «Қобыланды батыр» жырының мазмұнын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Қобылынды батырдың ерлігін қандай іс-әрекеттерімен байқадыңдар?
2. Қобыландының мінген тұлпарының аты не?
Батырдың сүйген жары кім?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Қобылынды батыр-жауынгерлік этикасын,азаматтық-адамгершілік ережесін,халық дәстүрлері мен салттарын берік ұстанған адам. Әйел мен балаға,әке-шешесіне,әлсіздерге де көмегі әзір.
Дұшпаннан рахым күтпейді,аянышын алғысы келмейді. Дұшпаннан дұшпандық қана күту керек,дұшпандарға қайратпен ғана жауап қайыру керек.
Топпен жұмыс: 1- топ: Эпостағы кейіпкерлердің жеке көңіл-күйлерін,сезімдерін білдіру.
2-топ: Эпостағы теріс салдарды және проблемаларды бөліп қарастыру.
3-топ: Эпостағы барлық оң атауларды жинақтау.
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Батырлар жыры әдебиеттің қай түріне жатады?
2. Қандай батырларды білесіңдер?
3. Батырлар жырының эпостық жырдан айырмашылықтары қандай?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Қобыланды батыр жырын құрылысына қарай талдап келуге беремін.