- Учителю
- Ерке төлдер
Ерке төлдер
Касимова Айжан
№2 «Балдәурен» балабақшасының тәрбиешісі
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы
Ашық оқу іс-әрекеті Екінші кіші сәбилер "Ботақан" тобы
Білім беру саласы: Қатынас
Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Ерке төлдер (жануарлардың суреттері б/ш әңгіме құр/у)
Мақсаты: Педагогтің көмегімен үй жануарлары туралы қысқа әңгіме құрастыруды, жануарлардың төлдерінің аттарын жекеше, көпше түрде айтуды үйрету (бота, ботақандар, құлыншақ, құлыншақтар т.б) Сұрақ-жауап арқылы балалардың ауыз екі сөулеу тілін дамыту. Үй жануарларының дыбыстарын ажырату, дыбыстарын балаларға дыбыстату. Үй жануарларының бізге берер пайдасын айту.
Көрнекілігі: үй жануарларының төлдерімен суреттері. үлестірме материалмен жұмыс. Үй жануарларының төлдерімен суреттері, оларды төлдерімен сәйкестендіру.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: "Үй жануарлары" ойынын ойнату
Сөздік жұмыс: үй жануарлары, түйе, бота, жылқы, құлыншақ,сиыр, бұзау
Билингвальды компонент: үй жануарлары-домошние животные, түйе-верблюд, бота-верблюжонок, жылқы-лошадь, құлыншақ-жеребенок, қой-баран, ешкі-коза, лақ-козленок, сиыр-корова, бұзау-теленок.
Оқу іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс -әрекеті
Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық қозғаушылық
Тәрбиеші балаларға І. Жансүгіровтың өлең оқып, сұрақ қояды:
-Шөре, шөре, лағым
Тентек болма шырағым
Секеңдемей, деміңді ал,
Селтеңдемей,-деп нені айтамыз?
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Лақты
Ұйымдастырушылық ізденістік
Демонстрациялық көрнекілікті қолдану
-сендер қандай үй жануарларын білесіңдер?
Неге үй жануарлары деп атаймыз?
-Қолда ұстайтын, адам күтіп-бағатын жануарларды үй жануарлары деп айтады.
Олардың еті, сүті бізге тамақ, ал жүні терісі-киім. Естеріңе түсіріңдерші малдардың не деп атаймыз?
-Иә, дұрыс. Лақ, қозыны еркелетіп, қозыны қошақан, құлын құлыншақ, деп айтамыз.
Тәрбиеші үй жануарларының суреттерін көрсете отырып, әңгіме құрастыруды ұсынады.
-мына жылқы үлкен, құлын кішкентай. Құлын енесімен жарысып шапқылап барады. Төлдің анасын ене деп айтамыз.
-Мынау-ешкі. Қасындағы төлі-лақ.
-ал мынау суретте енесіне еркелеп тұр.
-Түйенің төлі-ботақан. Түйенің тау сияқты екі өркеші болады. Ол Жүк тасуға өте ыңғайлы.
Билингвалды компонент: Үйжануарлары -домошние животные, түйе-верблюд, бота-верблюженок, жылқы-лошадь, құлыншақ-жеребенок.
Сергіту сәті:
Құлыншағым құндызым,
Құлдырайды шабады.
Жылтыңдаған жұлдызым,
Құстай қанат қағады.
Үлестірмелі материалмен жұмыс: «Төлдерін ата!» ойынын ойнату. Ойынның шарты : суреттен үй жануарларын көрсете отырып олардың төлдерін тауып, сәйкестендіреді. Жеке жұмысты қажет ететін балалардын үй жануарларын төлдерін қайталату.
Үй жануарларын айтады. Тәрбиешінің көмегімен сұрақтарға жауап береді.
-Жылқы үлкен, құлын кішкентай.
-Ешкі үлкен, лақ кішкентай.
-Сиыр үлкен, бұзау кішкентай,
Түйе үлкен, бота кішкентай.
Үй жануарлары -домошние животные, түйе -верблюд, т.б сөздерін қайталайды.
Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.
Балалар суреттен үй жануарларын көрсете отырып, олардың төлдерін тауып текшаге қояды.
-Қандай үй жануарларын білесіңдер?
-Малдардың төлдерін қалай атаймыз?
Сұрақ жауап арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылайды.
Балалар сұрақтарға толық жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Орныдайды: суреттен үй жануарларын көрсете отырып, олардың төлдерін айтуды.
Түсінеді: үй жануарларын және олордың төлдері туралы мәліметті; Үй жануарларын көпше жекеше түрде айтуды.
Қолданады: Дыбыстарды дұрыс айта білуді.