- Учителю
- Сабақ жоспары 'Блум таксономиясы бойынша'
Сабақ жоспары 'Блум таксономиясы бойынша'
Қазақ тілі | Сабақ өтілетін күн: 25 желтоқсан | Барлық оқушы саны: 16
| ||||
Сілтеме | Оқу жоспары, оқулық (Қазақ тілі. 6 сынып. Алматы: Атамұра) күнтізбелік жоспар. | |||||
Сабақ тақырыбы | Сан есімдерді қайталау. | |||||
Сабақтың мақсаты | Сөйлеу тілін дамытады.. Сан есімнің мағыналық түрлерін пысықтайды. | |||||
Міндеттері: |
| |||||
Әдіс-тәсілдер | «Қалпына келтіру» стратегиясы, «Бағалы зат» страрегиясы. | |||||
Көрнекіліктер | Мәтін, постер жасауға А3 плакаты, топқа бөлуге қажетті суреттер, интернет желісі.ноутбуктер. | |||||
Оқыту нәтижелері | Сөйлеу дағдысы, тіл байлығы дамиды. Бір-біріне көмектесуге қалыптасады. Жұрт алдында сөйлеуге дағдыланады. | |||||
Сабақ барысы: | Сергіту сәті. (2 минут)
| |||||
Мақсаттар жүйесі | Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының когнитивтік іс-әрекеті | Модуль | ||
Білу
Қызығушылықты ояту. - ұйымдастыру; -топқа бөлу; «Қалпына келтіру» стратегиясы | 8 минут | Суреттер бойынша оқушыларды топқа бөледі. «Қалпына келтіру» стратегиясын қолданады. Сұрақ қояды. Мәтіннен сан есімдерді таптырып, мағыналық түрлеріне ажыраттырады. | Суреттер бойынша топқа бөлінеді. «Қалпына келтіру» стратегиясы бойынша мұғалімнің сұрағына жауап береді. Мәтіннен сан есімдерді тауып, мағыналық түрлеріне ажыратады. | Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру және оқыту. | ||
Түсіну Мағынаны тану.
| 7 минут | Оқушыларды топтарға бөледі. 1-топ «Экономистер». 2-топ «Актерлер». 3-топ «Өрт сөндірушілер мен тәртіп сақшылары» | Топта жұмыс жасайды 1-топ «Экономистер». 2-топ «Актерлер». 3-топ «Өрт сөндірушілер мен тәртіп сақшылары»
| Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер | ||
Қолдану Мәтіннен түсінгендері бойынша постер дайындайды, көрініс қояды.
| 10 минут | Осы рөлдер бойынша «Жаңа Жыл» мерекесіне әзірлік жасауға бағыт-бағдар береді. | Рөлдерге бөлінеді. Идеяларын ортаға салады. «Жаңа жыл» мерекесін өткізеді. Қажет болса АКТ қолданады. | Білім беруді басқару және көшбасшылық. АТК қолдану | ||
Талдау Грамматикалық тапсырмалар орындайды. Сан есімдерді мағыналық түрлеріне ажыратады, сөздерді саралайды, салыстырады. | 5 минут | Грамматикалық тапсырмалар береді.
| Грамматикалық тапсырмаларды орындайды. 1.Өз рөлдеріне байланысты сөйлем құрастырады. 2. Сан есімдерді табады. 3. Мағыналық түрлеріне ажыратады.
| Талантты және дарынды баламен жұмыс | ||
Жинақтау Ой толғаныс.Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады. «Бағалы зат» стратегиясы.
| 10 минут | «Бағалы зат» стратегиясы бойынша тапсырма береді. | «Бағалы зат» стратегиясы. «Жаңа Жыл мерекесінің мен үшін құндылығы». | Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Талантты және дарынды баламен жұмыс. | ||
Бағалау (Сыни өзіндік пікір) Үйге тапсырма: Сан есімдерді қатыстырып «Армысың, 2014 жыл!» тақырыбында мәтін құрастыру. Рефлекция. Екі жұлдыз, бір тілек.
| 3 минут
2 минут | Оқушыларға қолдау көрсетеді. Сенім білдіреді. | Топ басшылары топ мүшелерімен келісе отырып бір-бірін бағалайды, бағалау парағын толтырады. | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау |