7


  • Учителю
  • Қазақ тілінен тест сұрақтары (10 класс)

Қазақ тілінен тест сұрақтары (10 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

1-нұсқа



1. Синонимдік қатарды табыңыз.

А) Адам, кісі.

В) Жақсы, жаман.

С) Қызыл,көк.

Д) Ұзын, қысқа

Е) Ата, әже.

2. Антоним сөздердің жұбын көрсетіңіз.

А) Нәрсе- бұйым.

В) Мектеп-сынып.

С) Үстінде-жағында.

Д) Сұлу-әдемі.

Е) Қосу-алу.

3. Тек қазақ тіліне тән дыбыстар қатарын табыңыз.

А) ұ,у,ү.

В) ғ,қ,ш.

С) ф,х,һ.

Д) ы,і,и.

Е) ө,і,ү.

4. «Балықшы» сөзінде жоқ буынды анықтаңыз.

А) Ашық.

В) Бітеу.

С) Қатаң.

Д) Бірыңғай.

Е) Тұйық.

5. Түбір сөзді белгілеңіз.

А) Арман.

В) Сулы.

С) Жап-жасыл.

Д) Орманды.

Е) Жаздыгүні.

6. Өкіну одағайын белгілеңіз.

А) Уау.

В) Алақай.

С) Жә.

Д) Әттең.

Е) Пай-пай.

7. Ауыспалы мағынада тұрған сөз тіркесін белгілеңіз.

А) Күміс білезік.

В) Күміс алқа.

С) Күміс күлкі.

Д) Күміс сырға.

Е) Күміс құмыра.

8. Қазақ тіліне тән қатаң дыбыстан басталатын сөздер қатарын белгілеңіз.

А) Қуырдақ, құшақ.

В) Тіршілік, ойыншық.

С) Сауысқан, көл.

Д) Ғаламтор, сауысқан.

Е) Көлеңке, перзент.

9. Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.

А) Құрмет.

В) Дәреже.

С) Байлық.

Д) Үлкен.

Е) Қарындас.

10. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.

А) Етіктің.

В) Тоңды.

С) Қолымен.

Д) Қолғап.

Е) Көйлегі.

11. Зат есімнен жасалған сын есімді табыңыз.

А) Малды ауыл.

В) Биіктеу үй.

С) Кішкене төбешік.

Д) Сыпайы бала.

Е) Баспахана үйі.

12. Бөлшектік сан есімді табыңыз.

А) Он екі.

В) Төрттен бір.

С) Біреу.

Д) Төртінші.

Е) Екі.

13. Сұрау есімдігін табыңыз.

А) Кімде-кім.

В) Әлдебіреу.

С) Өз-өзімен.

Д) Әрқалай.

Е) Қай-қайсысы.

14. Тұйық етістікті анықтаңыз.

А) Қауын.

В) Бау.

С) Қарулы.

Д) Бару.

Е) Жау.

15. «Үшін, арқылы, туралы» шылаулары қай шылау тобына жататынын анықтаңыз.

А) Септеулік.

В) Демеулік.

С) Жалғаулық.

Д) Шартты.

Е) Қарсылықты.

16. Бірыңғай анықтауышты табыңыз.

А) Далада қызыл, сары, ақ гүлдер жайқалып тұр.

В) Қалың қардың үстінде іздер жатыр.

С) Дала жып-жылы болып тұр.

Д) Көк ала бұлт аспанды торлады.

Е) Сыныбымыз кең.

17. Жақты сөйлемді табыңыз.

А) Оның ауылдан қайтқысы келмеді.

В) Қандай көркем!

С) Біздің кездесуіміз керек.

Д) Қалың қар жауды.

Е) Айсыз түн.

18. Қазақстанда неше облыс бар екенін көрсетіңіз.

А) Он төрт.

В) Он сегіз.

С) Он жеті.

Д) Он бес.

Е) Он тоғыз.

19. Мақалды толықтырыңыз.

Адам досымен, ағаш тамырымен... .

А) Әлсіз.

В) Мықты.

С) Жұмсақ.

Д) мықты емес.

Е) Қатты.

20. Тек үнді дауыссыздан құралған сөзді көрсетіңіз.

Мейрам кешке жақын келуі қажет.

А) Мейрам.

В) Келуі.

С) Жақын.

Д) Қажет.

Е) Кешке.

21. Түбірлес сөздерді көрсетіңіз.

А) Жолдау, жариялау, жобалау.

В) Оқу, оқушы, оқулық.

С) Тәуелсіздік, тіршілік, тазалық.

Д) Жоспар, жолдама, жол.

Е) Бағыт, бағдарлама, бағбан.

22. Мақсатты келер шақтың болымсыз түрін көрсетіңіз.

А) Еңбек сүйгенді ел сүймек

В) Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді.

С) Кісі есігін ашып көрмеген жас әйел баланы жиылысқа әкелмек емеспіз.

Д) Ол ертең сіздің үйге келмек емес.

Е) Қартайсаң да өлімді ойлама, өлеңді ойла.

23. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрағын табыңыз.

А) Не мақсатпен?

В) Не себепті?

С) Неге?

Д) Неліктен?

Е) Қашанға дейін?

24. Сөйлеуші басқа біреудің сөзін өзгертіп, жалпы мазмұнын ғана беретін сөзді анықтаңыз.

А) Қыстырма сөз.

В) Қаратпа сөз.

С) Төл сөз.

Д) Төлеу сөз.

Е) Одағай.

25. Қазақ дәстүрінде қонақтың сыйлы орнын белгілеңіз.

А) Ұйықтайтын бөлме.

В) Кіре беріс.

С) Төр.

Д) Ас үй.

Е) Дәліз.

2-нұсқа

1. «Алыста» сөзінің антонимін табыңыз.

А) Мұнда.

В) Сонда.

С) Жатқа.

Д) Жақында.

Е) Артқа.

2. Тек жіңішке дауысты дыбыстар қатарын табыңыз.

А) Е, ө, ү, і.

В) О, ұ , ы, а.

С) У, о, е, ы.

Д) У, и, і, ұ.

Е) Ә, я, о.

3. Тек ұяң дауыссыз дыбыстар қатысқан сөзді табыңыз.

А) Жазда.

В) Жастар.

С) Дәстүр.

Д) Ұрпақ.

Е) Уақыт.

4. Тұйық буынды сөзді табыңыз.

А) Нан.

В) Ана.

С) Бала.

Д) Сәлем.

Е) Ас.

5. Түбір сөзді табыңыз.

А) Түндік.

В) Тәрбие.

С) Көрсеткіш.

Д) Асхана.

Е) Қалада.

6. Тәуелсіздік монументі қай қалада екенін анықтаңыз.

А) Астана.

В) Алматы.

С) Шымкент.

Д) Тараз.

Е) Қарағанды.

7. Дұрыс мақалды белгілеңіз.

А) Отан - достықтан да ыстық.

В) Отан - көмірден де ыстық.

С) Отан - шоқтан да ыстық.

Д) Отан - күннен де ыстық.

Е) Отан - оттан да ыстық.

8.Синоним болатын қатарды белгілеңіз.

А) Күш,сұлу.

В) Білім,аула.

С) Биік,әдемі,теңіз.

Д) Кіші,үлкен

Е) Зат,нәрсе,бұйым.

9. Берілген сөздер қандай дауыссыз дыбыстан құралғанын анықтаңыз.

Кесе, шақпақ, шаттық.

А) Қатаң дауыссыз дыбыстан.

В) Ұяң дауыссыз дыбыстан.

С) Ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан.

Д) Қатаң және үнді дауыссыз дыбыстардан.

Е) Үнді дауыссыз дыбыстан.

10. Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.

А) Құрмет.

В) Дәреже.

С) Байлық.

Д) Үлкен.

Е) Қарындас.

11. Жіктік жалғауының ІІ жағындағы сөзді табыңыз.

А) Нағашым.

В) Әжесін.

С) Өнерлімін.

Д) Оқыппыз.

Е) Үшіншісіз.

12. «Тәжірибесіз» сөзінің орысша баламасын табыңыз.

А) Опытный.

В) Неопытный.

С) Национальный.

Д) Бессоный.

Е) Знаменитый.

13. Тиісті есімдікті қойыңыз.

... үйі таудың етегіне жақын екен.

А) Сіздің.

В) Сенің.

С) Біздің.

Д) Оның.

Е) Менің.

14. Сөйлемдегі етістіктің шағын анықтаңыз.

Ауаға теңіз түбінен миллиондаған тонна тұз ұшады.

А) Мақсатты келер шақ.

В) Жедел өткен шақ.

С) Ауыспалы осы шақ.

Д) Болжалды келер шақ.

Е) Бұрынғы өткен шақ.

15. Септеулік шылауды табыңыз.

А) Досым туралы жақсы хабар естідім.

В) Ағам қызымен алыс жолға аттанды.

С) Өмірден өз орнын тапқан-ды.

Д) Кеше ғана ол ауылдан келді.

Е) Қоңырау соғылды, бірақ сабақ басталған жоқ.

16. Анықтауышы бар сөйлемді анықтаңыз.

А) Ол кітапты көп оқиды.

В) Отан отбасынан басталады.

С) Таңғажайып табиғаты бар ел.

Д) Түркістанға автобуспен баруға болады.

Е) Шымкент пен Тараз оңтүстікте.

17. Лепті сөйлемді анықтаңыз.

А) Қазақ жері кенге бай

В) Бұл қандай көл

С) Елдің бірлігі, ынтымағы нығая береді.

С) Күн қандай тамаша

Е) Қазақстан әлем елдерімен бейбіт өмір сүреді.

18. Дұрыс құрылған сөйлемді анықтаңыз.

А) Әсем менің қандай жерім туған!

В) Жерім туған қандай менің әсем!

С) Менің қандай туған әсем жерім!

Д) Туған әсем қандай жерім менің!

Е) Менің туған жерім қандай әсем!

19. Мәтелдің жалғасын көрсетіңіз.

«Қыстың көзі -...»

А) Суық.

В) Аяз.

С) Қырау.

Д) Өткір.

Е) Салқын.

20. Туынды сөзді табыңыз.

А) Еңбекпен.

В) Еңбекші.

С) Еңбегің.

Д) Еңбекті.

Е) Еңбектен.

21. Топтау сан есімі бар сөйлемді табыңыз.

А) Емтиханға бес-бестен кірді.

В) Әсем он жетіде.

С) Әжей үшінші орынға отырды.

Д) Сыныптың үштен бір бөлігі - қыздар.

Е) Алаңға жүздей адам жиналды.

22. Қалау райда тұрған сөзді анықтаңыз.

А) Көрсе.

В) Барғым келеді.

С) Келмекші.

Д) Тойланды.

Е) Барған.

23. Салалас құрмалас сөйлемнің түрін көрсетіңіз.

Шығарып салуға не мен барайын, не сен бар.

А) Ыңғайлас.

В) Талғаулы.

С) Түсіндірмелі.

Д) Себеп -салдар.

Е) Қарсылықты.

24. Төл сөзді табыңыз.

А) Мұрат әннің өзінікі еместігін айтты.

В) Алмас менің атымды сұрады.

С) Жылқылар су ішуге тоқтады.

Д) Ол қашан келгенін айтты.

Е) «Балам,- деді ол,-сенің атың кім?»

25. Одағай сөзді табыңыз.

А) Шынымды айтайын, сізді танымай тұрмын.

В) Әке, мына кітапты оқыңызшы.

С) Ол әуелі сылқ-сылқ күліп алды.

Д) Мұратбек, мынаны қарай тұр

Е) Әттеген - ай, атын сұрмаппын ғой.

3-нұсқа.

1.Мақалды аяқтаңыз.

Мектеп - кеме.

Білім - ... .

А) Өзен.

В) Көл.

С) Көпшік.

Д) Теңіз.

Е) Мұхит.

2. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Көйлек-көншек.

В) Қисық-қыңыр,

С) Жылы-ыстық.

Д) Тамаша-әдемі.

Е) Шағын-ірі.

3. Ұяң дыбыстарды көрсетіңіз.

А) ч,ш.

В) й,л.

С) б,в.

Д) р,у.

Е) қ,к.

4. Буынға дұрыс бөлінген сөзді табыңыз.

А) Баст-ау-ыш.

В) Көр-ші-лер.

С) Бал-дырғ-ан.

Д) А-лма.

Е) Дәпт-ер-ге.

5. Тек қана түбірден тұратын сөзді белгілеңіз.

А) Улану.

В) Ула.

С) Улау.

Д) Уланды.

Е) У.

6. Әбілхан Қастеев кім екенін анықтаңыз.

А) Ғалым.

В) Ақын.

С) Қоғам қайраткері.

Д) Жазушы.

Е) Суретші.

7. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

А) Дәріс, сабақ.

В) Ашушаң, қанды ауыз.

С) Арып-талып, асығыс.

Д) Тұңғыш, орташа.

Е) Шаһар, қоғам.

8. Бірыңғай үнді дауыссыздардан тұратын сөзді табыңыз.

А) Қанағат.

В) Рақымды.

С) Емен.

Д) Жүздеген.

Е) Дауылпаз.

9. Буын үндестігіне сай жалғанған қосымшаны табыңыз.

А) Баламен.

В) Апамдікі.

С) Ұлдарына.

Д) Мұғалім.

Е) Гүлзар.

10. Негізгі түбірден тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Қамқоршы.

В) Дарын.

С) Достас.

Д) Барлық.

Е) Мемлекеттік.

11. Негізгі зат есімді табыңыз.

А) Аялдама.

В) Мұғалім.

С) Айлық.

Д) Көпшік.

Е) Айтыс.

12. Етістіктен жасалған сын есімді анықтаңыз.

А) Ақшыл.

В) Ұлттық.

С) Қараңғы.

Д) Ашық.

Е) Аппақ.

13. Болжалдық сан есімді табыңыз.

А) Жүздей.

В) Жүзден.

С) Жүзінші.

Д) Жүз.

Е) Жүз бір.

14. Өздік есімдікті табыңыз.

А) Ешбір.

В) Кімде-кім.

С) Өзімен-өзі.

Д) Анау-мынау.

Е) Қай-қайсы.

15. Болымсыз етістігі бар сөйлемді табыңыз.

А) Қазақстанның жері кенге бай.

В) Батыс Қазақстанда мұнай, жанармай өндіреді.

С) Қостанай облысында темір рудасы өндіріледі.

Д) Қазақстанда мыңдаған кен орындары бар.

Е) Оңтүстік Қазақстан өңірі кен өндірмейді.

16. Атау септіктен кейін келетін септеулік шылауды табыңыз.

А) Дейін, шейін.

В) Мен, бен, пен.

С) Қатар, бірге.

Д) Арқылы, үшін.

Е) Кейін, басқа.

17. Жанама толықтауышты анықтаңыз.

А) Таулы аймақтардың табиғаты аса сұлу.

В) Адал бала анасын ұмытпайды.

С) Біз отанымызды сүйеміз.

Д) Мұғалім дәріс береді.

Е) Татулықта табыс мол

18. Тек қана тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлем түрін көрсетіңіз.

А) Жалаң.

В) Жайылма.

С) Толымсыз.

Д) Толымды.

Е) Жақсыз.

19. Қазақстанның оңтүстік аймағына жататын өңірлерді анықтаңыз.

А) Ақтау, Атырау, Ақтөбе.

В) Ақмола, Көкшетау, Қарағанды.

С) Қарағанды, Жезқазған, Павлодар.

Д) Қызылжар, Павлодар, Екібастұз.

Е) Шымкент, Жамбыл, Алматы, Қызылорда.

20. Қате жазылған сөзді анықтаңыз.

А) Алтау.

В) Халқы.

С) Оқыу.

Д) Оқушы.

Е) Ойна.

21. Туынды етістікті көрсетіңіз.

А) Түне.

В) Түнде.

С) Түнгі.

Д) Түнді.

Е) Түнімен.

22. Мезгіл бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз.

А) -қанмен, -кенмен.

В) -са, -се.

С) -ып, -іп,-п.

Д) -қанда,-кенде.

Е) -у үшін.

23. Ой тәртібін білдіретін қыстырма сөзді анықтаңыз.

А) Расында.

В) Меніңше.

С) Мүмкін.

Д) Біріншіден.

Е) Сірә.

24. Одағай қандай сезімді білдіреді, анықтаңыз.

Бәрекелді, әжем базарлық әкелді!

А) Бұйыру.

В) Жекіру.

С) Шақыру.

Д) Қайталау.

Е) Көңіл-күйі.

25. Қазақ отбасында немеренің баласын қалай атайтынын белгілеңіз.

А) Жиен.

В) Шөбере.

С) Немере.

Д) Ағайын.

Е) Нағашы.





















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал