7


  • Учителю
  • «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» (4 сынып)

«Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» (4 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз.



Мақсаты: Оқушыларға қазақ тілі - ана тіліміздің ерекшеліктерін, қадір қасиетін өлең сөздер мен мақалдар арқылы түсіндіру.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, интерактивті тақта, суреттер.

Сайыстың барысы:

ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады:



Мұғалім: Қайырлы күн! Сәлеметсіңдер ме? Бүгінгі біздің «Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз!



Тілім менің ғасыр үні жалғаған,

Тілім үшін отқа түсіп лаулаған.

Басқаны да ортамызға тартайық,

Қазақ қана сөйлегені аз маған.

ҚР Президенті Н. Назарбаев еліне, халқына жолдаған Жолдауында: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі - қазақ тілі, Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» Мемлекеттік тілді үйрену, білу, дамыту - баршамыздың міндетіміз және әркімге де парыз болып саналады», - деген болатын.



Сабина: Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Ксения: Қазақ тілі - қазақ халқының тілі. Оның негізгі мекені - Қазақстан. Назаркожа: 22 қыркүйек Қазақстан Республикасы Тілдер күні бәріміздің мейрамымыз.

Мадияр: Тілді қастерлеу ізгілік пен мәдениеттілік белгісі.



Мұғалім: Сол себепті мақсатымыз, өскелең жас ұрпағымыздың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсінуге тәрбиелеу, насихаттау, дамыту.



Мұғалім: Сайысымыз бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады. Олар:

1. «Тегімді менің сұрасаң...» (таныстыру)

2. «Тілім менің - тірлігімнің тірегі» (белгілі ақындардың тіл туралы шығарған өлеңдерін жатқа айту)

3. «Мақал-сөздің мәйегі» (Мақалдарды айтып жарысу)

4. «Сөз құрау» берілген әріптерден сөз құрастыру

5. «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал» кезеңі. Қазақ тілі пәні бойынша

6. Сұрақ қоя біл.

7. Дәптермен жұмыс





Ал келіңдер, келіңдер,

Біріңе - бірің еріңдер.

Білімдеріңді тексертіп,

Ойынға қатысып көріңдер.

Сөйтіп, біліміміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма.

Біліммен өнер жарысып,

Тәрбие -тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға сол алда.

- Бүгінгі біздің ойнымыз түрлі қызықты тапсырмалардан тұрады. Әр тапсырмалардан дұрыс жауапқа жұлдызшалар таратылады.



Олай болса сайысымызды бастайық (Оқушыларды ортаға шақырылады)



1-кезең «Тегімді менің сұрасаң...» (таныстыру). Әрбір оқушы өздерін таныстырады.



2-кезең: «Тілім менің - тірлігімнің тірегі» (белгілі ақындардың тіл туралы шығарған өлеңдерін жатқа айту)

Даша:

Тілім барда мақтанам,

Тілім менің аппақ ән.

Бірлігім бүгінгі,

Ана тілім сақтаған.

Сабина:

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең-тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа

Ақ қолыңмен тарта аларсың сен тілім!

Максим:

Ана тілім -

Үйім алып, еркемін.

Ана тілмен

Халық күйін шертемін.



Мадияр:

Қазақ тілі - қазақтың ана тілі,

Бірақ оған адам аз бас иетін.

Қазақ тілі - қазақтың дара тілі,

Кейбіреулер түсінбес қасиетін.





Губкина:

Ана тілім,

Жүрегісің анамның.

Жүрек-ана,

Мен өзіңнен жаралдым.





ІІ топ

Назаркожа:

Тілдің бәрі қымбат маған,

Әр ұлт тілін бағалаған.

Бәрінен де сен артықсың,

Қазақ тілім, жыр баптаған!

Ксения:

Қазақ тілі - борандатқан дауыл күй,

Қазақ тілі - өлең мен жыр, ән мен күй.

Байқасаңдар қазақ тілі осындай,

Аққан судай, ескен желдей табиғи.



Алина:

Ана тілім - бала-шағым, өркенім,

Ана тілім - болашағым, ертеңім,

Ана тілім тілім - сайын далам, жер, көгім,

Ана тілім - арман, ойым, өрнегім.



Айша:

Ана тілді білмесем,

Шат-шадыман күлмес ем.

Жер бетінде сайраңдап,

Қазақ болып жүрмес ем.



Вероника:

Ана тілім -

Бала шағым, өркенім,

Ана тілім -

Болашағым, ертеңім.





3-кезең: «Мақал - сөздің мәйегі»

Сіздің шарттарыңыз: (қатысушы оқушыларға қарап) «Тіл »туралы мақал-мәтелдер айту және бір ескере кететін жайт: біріңіздің мақалдарыңызды біріңіз қайталамауға тырысыңыздар. Ал, ойынымызды бастайық.



Мадияр: Тіл тас жарады,

Тас жармаса, бас жарады.



Губкина: Басқа бәле - тілден.



Максим: Өнер алды қызыл тіл



Сабина: Тіл қаруы - сөз, сөз қаруы - ой.



Даша: Ақыл көркі - тіл,

Тілдің көркі -сөз.

</

2 топ

Ксения: Тіл - жұрттың жаны.



Алина: Тіл - қылыштан да өткір.



Вероника: Ауыз көркі - тіл,

Тілдің көркі - сөз.



Айша: Ең тәтті де - тіл,

Ең ащы да - тіл,

Ең жұмсақ та - тіл,

Ең қатты да - тіл.



Назар: Тілін білмеген түбін білмейді.



Мұғалім: Қандай керемет!



«Мақал - сөздің мәйегі» демекші, құрғақ сөздің ғұмыры қысқа ғой, сол себепті өмірімізде мақал-мәтелдерді жиі қолданған жөн.



4-кезең: «Сөз құрау» берілген әріптерден сөз құрастыру

1 минут ішінде мына берілген әріптерден сөз құрастыру. Көп сөз

құрастырған топқа жұлдызша беріледі.

1-топқа: л,т,е,с,ү

2-топқа: а,р,ы,ң,б,ж



5-кезең: «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал» кезеңі. Қазақ тілі пәні бойынша

2 топ ойынға шығады. Жауаптарын алдарындағы карточкадағы жазылған сандарды көтеріп жауап береді. (керекті сөзді көрсету)

1. Қысқы киімдер

2. Түстер

3. Жемістер

4. Күз

5. Уақыт

6. Отбасы

Жауап бергенде дұрыс деп ойлаған санды көтереді. Әрбір дұрыс жауапқа

1- жұлдызша береді. 30 секундтан уақыт

Сұрақтар:

1. Анар, алма, жүзім, шабдалы, өрік

(№3. Жемістер)

2. Сағат, күн, апта, ай, жыл. (№5. Уақыт)

3. Мектепке барамын. Жемістер, көкөністер көп. Жаңбыр жауады. Құстар ұшып кетеді. Бұл қай мезгіл көрінісі?

(№4. Күз)

4. Қызыл, сары,жасыл, ақ. (№2. Түстер)

5. Ата,әже, әке, шеше, аға, әпке, қарындас (№6. Отбасы)

6. Тон,құлақшын, қолғап, етік. Қандай киімдер?(№. Қысқы киімдер)

6-кезең. Сұрақ қоя біл.

Екі топқа жеке сурет беріледі. Сол суретке оқушылар дұрыс сұрақ қоя білуі керек.

1-топқа

Мынау - менің атам. Мынау____________ ?

Ол 60 жаста. Ол _____________ жаста?

2-топқа

Бұл- Сашаның атасы. Бұл__________________ атасы?

Аты - Иван Иванович.

Аты_____________ ?

7-кезең. Дәптермен жұмыс

Әрбір аяқталмаған сөйлемді оқып, оның астындағы берілген сөздердің біреуін ғана пайдаланып, сөйлемдегі ойды аяқта.

1. Жексенбіден кейін ________________________

(жыл, сағат, дүйсенбі)

2. Жазу үшін ________________________керек.

(доп, құлақшын, қалам)

3. Менің ________________________

(үйің, үйім, үйі)

4. Жаздан кейін ________________________

(қыс, күз, көктем)

5. Әкеден кейін ________________________

(немере, бала, шөбере)

6. Мектеп ________________________қабатты.

(екінші, екі, үлкен).



Мұғалім: Бүгінгі сайысымызды Елбасымыздың сөзімен қорытындылайтын болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ» деген ұлағатты сөзі бәрімізді де, ойландыруы тиіс. Тіл - ұлттың жаны. Тіліміз жоғалса халқымыз да жоғалады. Тіліміз ұрпақтан-ұрпаққа мәңгі өмір сүруі тиіс, - деген болатын. Әрдайым ана тілімізді көркейтіп, қорғап жүрейік!







































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал