7


  • Учителю
  • Қысқа мерзімді сабақ жоспары Манас жыры

Қысқа мерзімді сабақ жоспары Манас жыры

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қысқа мерзімді сабақ жоспары Манас жырыПавлодар ауданы Заңғар жалпы орта білім беру мектебінің

қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сегизаева Толқын Жасұланқызы

Қысқа мерзімді сабақ жоспарҚазақ әдебиеті

Сынып:

6

Сабақтың тақырыбы:

Әлем әдебиетінен «Манас»жыры

Зерттеу тақырыбым:

Оқушыларды топтық жұмыс арқылы мәдени сөйлеуін және зерттеушілік қабілетін арттыру.

Сабақтың мақсаты:

Жырдың мазмұнымен таныстырып,жырдың зерттелуі,идеясы,жырды айтушылар туралы білімдерін тиянақтау,жырдағы Манас бейнесін ашу.

Күтілетін нәтижесі:

Манас жырын Қазақ батырлар жырымен салыстыра отырып,Алпамыстар,Қамбарлар,Манастар кім үшін,не үшін күрескенін?Ал бүгін біз және қырғыз халқы қандай мемлекет болғанымызға,қалай өмір сүріп жатқанымызға көз жеткізу.

Әдіс-тәсілдер:

Дара жұмыс,топпен жұмыс,диалогқа түсу,пәнаралық байланыс (тарих)

Сабақ түрі:

Жаңа сабақ

Көрнекіліктер:

Интербелсенді тақта,батман форматы,түрлі-түсті маркерлер,

Сілтеме

6 сынып қазақ әдебиет оқулығы Авторы:К.Ісләмжанұлы,С.Тлешова,Б.Әрінова,Р.Баттал.



Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уәж

Жаңа тақырыпқа шығу

2 минут

Өздерінің білетін жырларын жатқа айтқызу.

Өз білетін жырын жатқа айтады.

Білу+

түсіну

10 минут









Оқулықтан «Манас» жырын оқуын қадағалау.

«Манас» жырынан үзіндісін оқып,топ ішінде талқылау.(ОЖТ және ЖЕ)

Қолдану+

талдау

13 минут











1.Тақырып бойынша барлық білгендерін көршісіне айтып беруді ұсыну.

2.Қазақ батырлар жырымен салыстырту.(СТО)

1.«Көршіңе әңгімелеп бер»- стратегиясы.

2. Қазақ батырлар жырымен салыстырту. «Қобыланды», «Алпамыс», «Ертарғын» жырларымен салыстыру.

3.Жырдағы кейіпкерлердің тұлпарларын атау.(ТДО)

Сергіту сәті

2 минут



«Қара жорға» биі

Интербелсендітақтаға қарап «Қара жорға» биін билейді.(АКТ)

Синтездеу

15 минут









1.«Манас» жырындағы негізгі ойды жинақтату.

1. «Кейіпкерлермен сырласу» хатын жазады.

2.«Манас» жырындағы негізгі ойды жинақтай отырып, «Ер намысы-ел намысы» атты тақырыпқа сурет салу.





Қысқа мерзімді сабақ жоспары Манас жыры

Оқу процесінде оқытудың озық технологиясын қолдану- бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан да мектеп мұғалімдері үнемі ізденіс үстінде жүруі тиіс. Олар заман талабына сай, оқушылардың білімін тереңдету үшін жоғарыда айтылғандай әр технология мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс істеп, жаңалықтарды дер кезінде қабылдап, өңдеп, оны өз ісінде тиімді қолдана білуін айырықша талап етеді.

Сынып: 6 қазақ сыныбы

Таңдаған тақырыбым: Әлем әдебиетінен «Манас жыры»



Сабақта көздеген мақсатым: Жырдың мазмұнымен таныстырып,жырдың зерттелуі,идеясы,жырды айтушылар туралы білімдерін тиянақтау,жырдағы Манас бейнесін ашу.

Міндеттері:

1.Шығармадағы кейіпкерлер бейнесіне талдау жасап,олардың ішкі жан дүниесін ашу,жазушының көркем тіл шеберлігін анықтау.

2. Оқушыларды топтық жұмыс арқылы мәдени сөйлеуін және зерттеушілік қабілетін ашу.

Мен сабақ барысында 7 модульді толық ықпалдастырдым. Сабағымда оқушылар өз қызығушылықтарын білдіріп, ынта қойып кірісті.Берілген әр тапсырманы мұқият орындауға тырысып жатты. Постер, кластер, стикерлерді көріп,әр қайсысының айырмашылығын біліп алды.Бірін-бірі, өзін әділ бағалай алатын болды. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауда оқушылардың алдымен сабаққа деген ынталығын арттыру, сол арқылы әр тақырыпты оларды санасына түсіндіру үшін сұхбат жүргіздім, сөйлесім әрекетін кеңінен қолдандым.

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын кеңінен қолдандым. Мысалы: ассоциялық карта, жазба күнделігі, эссе, автор орындығы, бес жолды өлең,он сұрақ және т.б.Сын тұрғысынан ойлау дағдылары; бақылау, талдау, қорытынды, интерпретация болып келеді. Оқушылардың жұмысын бағалауда олардың басқалардың көмегіне жүгіне отырып жасайтын қадамдары мен сынып жұмысын жүзеге асыру кезінде қолданылатын дағдылар екеніне көзім жетті. «Оқытудың жаңа тәсілдері» - диалогтік оқытуды өз мақсатыма қостым.

Диалогты оқыту әр сабақта орындалу тиіс деп ойлаймын, өйткені диалог оқушының тілін тез дамытады.Сабақта сөйлесу, сұрақ-жауап түрінде өтеді. Диалогтік оқытуда оқушылар өздерінің ойларымен бөлісе алады. Яғни, мұнда тек бір жақты әңгіме не пікір емес, екіжақты ой болуы мүмкін.

Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану. Әр сабақта білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдануымыз қажет.Перне тақтамен жұмыс кезінде сөзжұмбақтар, ребустарды шешу тағы басқа түрлерін сабақта қолдандым. Мұғалім сабақ кезінде жаңа технологияны дұрыс және қызықты қолдана білуі керек. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану- оқушыларға сабақты түсіндіру кезінде түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылатынына көзім жетті..







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал