7


  • Учителю
  • 'Менің Қазақстаным' қазақ тілінен сабақ жоспары

'Менің Қазақстаным' қазақ тілінен сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

4-сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен

ашық сабақтың жоспары

Күні:

Тақырыбы: Менің Қазақстаным

Мақсаты:

  1. Білімділік: Жаңа сөздермен таныстыру, оларды оқушылардың белсенді сөздік қосуға жаттықтыру.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу әрекетін (оқу, тыңдау) қазақша ойлауын, есте сақтауын дамыту.

  3. Тәрбиелік: Сыныпты татулыққа, ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, компьютер, сызбалар, тест жинақтары

Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, әңгімелеу, аударма, жаттықтыру.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.

Тіл дамыту жұмыстары:

  1. Бүгін сыныпта кім кезекші?

  2. Бүгін сыныпта кім жоқ?

  3. Бүгін нешесі?

  4. Бүгін аптаның қай күні?

  5. Күз айларын ата?

  6. Сенің туған күнін күзде ме?

  7. Бүгін ауа райы қандай?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Диалог құрау

ІІІ. Жаңа сабақ. Ой қозғау, жазба жұмысы.

Сөздік жұмысы.

Жаңа сөздерді оқимын, ал оқушылар қайталайды.

  1. Отан-Родина

  2. Мемлекет-государство

  3. Ту-знамя

  4. Елтаңба -герб

  5. Әнұран-гимн

  6. Астана-столица

Мен жаңа сөздерді оқып, оқушыларға қайталатқызамын, сөздік дәптерлеріне жаздырамын.

Оқушыларға отан туралы түсінік беремін. Отан туралы сөйлесіп, сөйлемдерді қазақшаға аударамыз:

Отан-менің Отаным, жер-менің жерім, табиғат-менің табиғатым.

ІҮ. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқу, аудару.

Қазақстан

Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстанның өз туы, елтаңбасы, әнұраны бар. Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстанның жаңа астанасы - Астана қаласы. Астана - жас қала. Қазақстан үлкен мемлекет.

2-тапсырма.

Қазақстан Республикасының рәміздері туралы әңгімелесу.



3-тапсырма. Сөздерді буындар,а бөліп, буын түрін анықтау.

Ел-таң-ба

Ас-та-на

Жа-ңа

Мем-ле-кет

Қа-ла

Ал-ма-ты


Оқушыларды 3 топқа бөліп, тапсырма беру: сөздермен

сөз тіркестерін, сөйлемдерді құрастыру.

І топ - Отан, мемлекет

ІІ топ - Ту, елтаңба

ІІІ топ - Әнұран, астана.


4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

  1. Қазақстан қандай мемлекет?

  2. Қазақстанның президенті бар ма?

  3. Қазақстанның астанасы қай қала?

  4. Қазақстанның бұрынғы астанасы қай қала?

5.Астана - қандай қала?

Ү. Үйге тапсырма. 5-бет 5-тапсырма

ҮІ.Оқушыларды бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал