7


  • Учителю
  • Открытый урок по казахскому языку

Открытый урок по казахскому языку

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сабақтың тақырыбы: Есімдік. Есімдіктің түрлері.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Есімдік және оның түрлерін меңгерту, есім сөздердің орнына қолданыла алатынын түсіндіру.

2 Дамытушылық: Сөз байлығын, сөздік қорын байыту, ойлау, байқағыштық қасиеттерін дамыту, қатесіз, ұқыпты жазуға үйрету.

3 Тәрбиелік : Оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оқуға, білімге, деген қызығушылығын арттыру, ізденімпаздыққа, әдептілікке, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, кітаптар, ватман

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Түгендеу.

3. Оқушылармен бірге топ ережесін қайталап шығамыз.

Топ ережесі:

Сабақта бір-бірімізді тыңдау;

Ойын ашық айта білу;

Ұйымшылдық;

Жаңалыққа құштар болу;

Бір-бірін сыйлау;

Берілген тапсырмаларды уақытында орындау;

Біреудің сөзін қайталамау;

Уақытты үнемдеу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру кезеңі:

Тест арқылы өткен сабақты пысықтау. (Иә, жоқ деп оқушылар жауап береді).

1. Сан есімнің сұрақтары қандай? қай? (жоқ)

2. Жасалу жолына қарай сан есім негізгі және туынды болып бөлінеді? (иә)

3. -ау, -еу сан есімнің реттік жұрнақтары. Дұрыс па? (жоқ)

4. Сан есім құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді? (иә)

5. Сан есім мағынасына қарай есептік, реттік, бөлшектік, жинақтық, топтау, болжалдық болып бөлінеді. (иә)

ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Ой қозғау. Есімдік дегеніміз не? Әр топ есімдіктің қызметі мен ерекшелігін, айырмашылығын жазып көрсетеді.

Екі топқа кеспе қағаздар таратылады. Бұл қағазда бүгінгі сабақтың тақырыбы жасырылған.

ө

е

і

ь

қ

г

и

л

к

м

й

а

ф

ұ

е

с

і

м

д

і

к

ң

п

т

с

у

ы

ү

ж

ә

д

ш

р

х

н


Есімдік дегеніміз-зат есім, сын есім, сан есім сөздердің орнына қолданылатын сөздер. Мысалы: Асан мен Арман биыл мектеп бітірді. Олар мемлекеттік емтиханға да бірге дайындалмақшы. Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: 1) жіктеу есімдігі; 2) сілтеу есімдігі; 3) сұрау есімдігі; 4) өздік есімдігі; 5) жалпылау есімдігі; 6) болымсыздық есімдігі; 7) белгісіздік есімдігі.

1. Жіктеу есімдігі заттық ұғыммен байланысты қолданылады. Олар: мен, сен, сіз, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктері үш жақта, жекеше және көпше түрде қолданылады.

2. Сілтеу есімдігі нұсқау, мегзеу, көрсету мағыналарын білдіретін бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, әне, міне, мынау деген сөздер.

3. Сұрау есімдігіне жауап алу мақсатымен қойылған сұрау мәнді сөздер жатады. Олар: кім? не? қандай? қай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? т. б.

4. Өздік есімдігіне әр тұлғада түрленіп қолданылатын өз деген бір ғана сөз жатады. Өз есімдігі түрленіп тәуелденіп: сенің өзің; көптеліп: өздері, септеліп: өзімнің түрінде қолданылады.

5. Жалпылау есімдігіне жалпылау, жинақтау мағынасын білдіретін бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел, тегіс деген сөздер жатады.

6. Болымсыздық есімдігіне ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайдан, ешқайда, дәнеңе, дәнеме деген болымсыздық мағынаны білдіретін сөздер жатады.

7. Белгісіздік есімдігі - затты, сындық белгіні, сан мөлшерді жорамалдап, тұспалдап көрсететін сөздер. Белгісіздік есімдігіне: бір, біреу, кейбір, кейбіреу, әрбір, әрбіреу, қайбір, қайбіреу, біраз, бірдеме, бірнеше.

2. Мәтінмен жұмыс. Есімдіктерді тауып, түрлерін ажырату.

Ана

Жер бетіндегі ең әдемі сөз-Ана. Адам алғашқы сөзін де осыдан бастайды. Жер бетіндегі тілдердің бәрінде де осы сөз ерекше қастерлі.

Ананың қолы ең қасиетті, аялы қол, ол нені болса да атқара алады. Ананың жүрегі ең сенімді және сезімтал жүрек, оның сүйіспеншілігі ешқашан сенбейді, оның көзінен еш уақытта ешнәрсе де қалтарыс қалмайды.

Сенің жасың қанша болса да-мейлі бес жас болсын, мейлі елу жас болсын, саған әрқашанда ана керек, оның аясы, мейрімі керек. Сенің анаңа деген сүйіспеншілігің неғұрлым зор болса, өмірің де соғұрлым шексіз қуанышқа, шалқар нұрға бөлінеді.

3. Сөйлемдерді оқып, көп нүктенің орнына керекті есімдіктерді қойыңдар.

І-топ. Ол маған ____айтқан жоқ. ____ адамды көрмедім. ____ескерткіш үлкен емес. Университеттің ____корпусы бар. ____кең және үлкен, ____кішкентай. Үйді ____ тұрғыздым.

Керекті сөздер: ештеңе, ешбір, бұл, бірнеше, кейбіреулері, біразы, өзім.

ІІ-топ. Біз _____кездескен емеспіз. Мен енді ____бармаймын. "Университет" аялдамасы ____салынған. Аялдамада ____адам күтіп тұр. Оның ____студенттер. Көкөністерді де ____жерімде өсіремін.

Керекті сөздер: ешқашан, ешқайда, әлдеқашан, бірнеше, біразы, өз.

4. Семантикалық картамен жұмыс.

Есімдіктер


жік

теу

сіл

теу

сұ

рау

өздік

белгісіз

дік

жалпы

лау

болымсыздық

1.

өз, өзім


+


2.

мен, сен, ол,сіз

+

3.

қанша

+

4.

біреу

+

5.

түгел, барлық


+


6.

әрқашан, әлдеқалай

+

7.

ештеме

+

8.

сендер

+

9.

мынау


+


10.

кім, не

+

11.

ешкім

+

12.

өзі


+


13.

күллі


+

5. Сілтеу есімдіктерді септеңдер. Әр топқа бір есімдіктен беріледі.

І топ: мен ІІ топ: бәрі

А.с. мен А.с. бәрі

І.с. менің І.с. бәрінің

Б.с. маған Б.с. бәріне

Т.с. мені Т.с. бәрін

Ж.с. менде Ж.с. бәрінде

Ш.с. менен Ш.с. бәрінен

К.с. менімен К.с. бәрімен

6. Есімдіктерді қазақ тіліне аударыңдар. І-топ оқиды, ІІ-топ аударады.

Кто это? Это наш родственник. Что это? Это магазин. Это книга. Это театр. Это мой дом. Его сестра. Мой отец. Какая книга. Все пришли.

ІV. Қорытынды кезеңі: Есімдіктер қай септікте тұрғанын анықтаңдар.

Біреуден алу, әлдекімге беру, әркімнен сұрау, бір нәрсемен әкелу, біреудің сөзі, бұны жазу, сонда болу, менің анам.

V. Үй жұмысын беру кезеңі:

Мұқағали Мақатаев өлеңдерінен есімдік қатысқан өлеңді теріп, жазып келу.

VІ. Рефлексия:

Блоб ағашы

VІІ. Бағалау: Сыныпта белсенділік танытып, тапсырманы орындау ерекшелігіне қарай оқушы біліміне тиісті баға қойылады.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал