7


  • Учителю
  • План урока по самопознанию на казахском языке на темуүйренгенім көп менің(4 сынып)

План урока по самопознанию на казахском языке на темуүйренгенім көп менің(4 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Тақырыбы: «Үйренгенім көп менің»

Мақсаты: Адамгершілік құндылықтар, адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • «Өзін-өзі тану» пәнінен 4- сынып бойынша алған білімдерін жинақтау;

  • жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • өзін және өзгені сыйлай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,әңгімелесу,сұрақ-жауап, сахналау, ойын, көркем сөз.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Көрнекі құралдар: «Өзін-өзі тану» елінің картасы, оқулық, Данышпан атаның, Махаббаттың, Алпамыстың, Ақботаның суреттері, үш жалауша, қағаздан жасалған жүрекшелер.

Сабақ барысы

Шаттық шеңбері

Балалар мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

Балалар,өздерің көріп отырғандай,бізге бүгін көптеген қонақтар келіп отыр.Сол қонақтармен амандасып шығайық..(қимыл-қозғалыспен көрсету).



План урока по самопознанию на казахском языке на темуүйренгенім көп менің(4 сынып)1. Амандасу: Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Қонақтарды құрметтеп.

Бас иеміз біз.

Ал,енді сендерді шаттық шеңберіне шақырамын.

План урока по самопознанию на казахском языке на темуүйренгенім көп менің(4 сынып)

Қол ұстасып тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Жаңа шыққан бұл күнге

Иіліп сәлем қылайық

Балалар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады. Үнтаспадан естілген

«Дос болайық, бәріміз» әнін бәрі бірге қосылып айтады.



Әңгімелесу

Оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәнінен 4- сынып бойынша алған білімдерін жинақтау және адамгершілік құндылықтар, адами қасиеттер туралы түсініктерін бекіту үшін әңгімелесу жүргізу.

  • Өзін-өзі тану пәнінен не үйрендіңдер?

  • Достарыңа, сыныптастарыңа қандай ақыл айтар едіңдер?

  • Ата-аналарыңмен қандай тақырыпта кеңескенді қалар едіңдер?



Шығармашылық жұмыс

- Балалар, бүгін «Өзін-өзі тану» пәнінің осы сыныптағы соңғы сабағы, Осы сабақта «Өзін-өзі тану» елін аралап, үйренгендерімізді көрсетуіміз қажет. Ондағы әр елді мекеннің бізге дайындаған сыны бар. Сол сындардан сүрінбей өткен оқушылар «Өзін-өзі тану елінің көшбасшысы» атанып, «Адагершілік шыңына» шығады.

Сабақ сайыс түрінде өткізіледі.

Оқушылыр үш топқа бөлінеді. «Талап» тобы, «Ақыл» тобы, «Ой» тобы. Араларынан топ басшылары сайланады.

«Тіл табыса білемін» туры

«Өзін-өзі тану» елінің суретінен «Тіл табысу» мекені көрсетіледі. Онда Данышпан атаның суреті болады. Оның қолындағы қағазға «Ең жақсы көретін қасиеттерің» деп жазылған. Тапсырманың орындалу жолын түсіндіремін.

- Қазір тақтаға Данышпан атаның сұрағын ілемін. Топ басшылары сол сұраққа жауапты өз тобында талқылап, жария етеді.

Сұрақ: Адамдармен тіл табысу үшін өз бойыңда қандай жақсы қасиеттер болу керек?

Топ басшыларының жауаптары тыңдалады.

- Дұрыс айтасыңдар, кешірімділік, келісушілік, татулық, достық, бірлік, көпшілдік, қамқорлық, сыйластық, әдептілік, адалдық, шыншылдық, әділдік сияқты жақсы қасиеттері бар адам барлық адамдармен қандай жағдай болмасын тіл табыса алады.

Осы қасиеттер жазылған жүрекшелерді «Өзін-өзі тану елі» суретіндегі «Тіл табысу» мекеніне ілемін.



Сергіту сәті

Қимыл - қозғалыспен көрсету.

Мынау - менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

МПлан урока по самопознанию на казахском языке на темуүйренгенім көп менің(4 сынып)ынау - басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау - менің оң қолым,

Мынау - менің сол қолым.

Барлық істі атқарған.

«Білімге құштарлық» туры

Тақтадағы «Өзін-өзі тану елі» суретіндегі «Білім сарайы» көрсетіледі. Онда Махаббаттың суреті болады. Оның қолындағы қоржында сұрақтар болады. Тапсырманың орындалу жолын түсіндіремін.

- Бұл турда біз «Білім сарайындағы» ақылды Махаббаттың сұрақтарына жауаптарды сахналау түрінде жеткіземіз. Әр топқа үш сұрақ қойылады.

Әр топ басшысы қоржыннан сұрақтарды алып, сол сұрақтарға жуаптар бойынша көріністер көрсетеді.

Сұрақтар:

  1. Өз ұстаздарыңа құрметтеріңді қандай іс әрекетпен көрсетер едіңдер?

  2. Өздеріңнің жақсы оқушы екендіктеріңді немен дәлелдейсіңдер?

  3. Білімнің адамға пайдасын қалай дәлелдей аласыңдар?

  4. Сыныптастарыңды қалай сыйлайсыңдар?

  5. Білім алуға көмегі тиген ата-анаңа, ұстазыңа, сыныптастарыңа қандай тілек айтар едіңдер?

  6. Өзіңнен кейінгі мектепке алғаш баратын жасы кіші балаларға қандай ақыл айтар едіңдер?

- Сендер білім, оқу, ұстаз, еңбек құндылықтарының адам өміріндегі маңыздылығын жақсы ұғынғандарыңды көрсеттіңдер. Осы құндылықтар жазылған жүрекшелерді «Өзін-өзі тану елі» суретіндегі «Білім сарайына» ілу.

«Табиғатты сүйемін» туры

Тақтадағы «Өзін-өзі тану елі» суретіндегі «Табиғат пен денсаулық» мекені көрсетіледі. Онда Ақботаның суреті бар. Оның қоржынында тапсырма жазылған қағаздар болады.

Топ басшылары қоржыннан үш түрлі заттың аты жазылған қағазды алады. Әр топ осы үш затты пайдалана отырып, табиғатқа пайдалы жақсы іс жасау жолын табуы тиіс.

1- қағазда жазылған заттар: күрек, тырма, сыпырғы.

Күтілетін жауаптар:

Егер мен бұл заттарды алсам, табиғатқа тазалық жұмыстарын жүргізер едім, арық қазып өсімдіктерді суарар едім, тырмамен жер жыртып, дән себер едім, ағаш,гүл отырғызар едім.

2- қағазда жазылған заттар: топырақ, су, гүл тұқымы.

Күтілетін жауаптар:

Егер мен бұл заттарды алсам, топыраққа тұқымды егіп, суды гүлге құяр едім және т.б.

3- қағазда жазылған заттар: шеге, тақтай, дән.

Күтілетін жауаптар:

Егер мен бұл заттарды алсам, шегені тақтайға қағып, торғайға жемсауыт жасап, дәнді соған салар едім және т.б.

  • Балалар сендер өз бойларыңа қайырымдылық, мейірімділік, қамқорлық сияқты жақсы қасиеттерді дарытыпсыңдар. Жауаптарыңды тыңдап, мен риза болып қалдым. Осы адами қасиеттер жазылған жүрекшелерді «Өзін-өзі тану елі» суретіндегі «Табиғат пен денсаулық» ілу.

«Нағыз адам болғым келеді» туры

Тақтадағы «Өзін-өзі тану елі» суретіндегі «Адамгершілік шыңы» көрсетіледі. Алпамыстың суреті берілген. Тапсырманың орындалу жолын түсіндіру.

- Қазір біз «Адамгершілік шыңына» шығу үшін Алпамыстың тапсырмаларын орындаймыз. Оның тапсырмасы бойынша әр топ өз атына сәйкес әрекеттер жасауы тиіс. Мысалы: «Талап тобы» талап қояды, «Ақыл тобы» ақыл айтады, «Ой тобы» ойларын айтады.

Тақтада «Адамгершілік шыңының» етегіне жалау тігілген. Әр бала тапсырманы орындағаннан кейін жалаушаның орнын қозғалтып отырады.

Алдымен тақтаға «Талап» тобы шығады. Олар адамгершілікке шығу үшін басқа оқушыларға талап қояды:

Мысалы: Жақсы оқушы болғаның дұрыс.

Бастаған ісіңді соңына дейін аяқтауға тырыс.

Мақсатқа жетуде шыдамдылық танытқан жөн және т.б.

Олардан кейін тақтаға «Ақыл» тобы шығады, олар Адамгершілікке қол жеткізу үшін басқаларға ақыл айтады:

  • Менің ақылым - әрқашан да сыйлы болыңдар!

  • Менің ақылым - жасаған жақсылығың алдыңнан шығады.

  • Менің ақылым - ерінбей еңбектенсең мақсатыңа жетерсің және

«Ой» тобы шығып, балаларға өз ойын айтады:

  • Менің ойым - өзімді, өзгелерді, айналамды сыйлау.

  • Менің ойым - әр іске жауапкершілікпен қарау.

  • Менің ойым - нағыз адам болып қалыптасу және т.б.

Әр топ оқушысы тапсырмасын орындаған сайын, өз жалаушасын жылжытып отырады. Жалаушалар «Өзін-өзі тану елінің» адамгершілік шыңына көтеріледі.

План урока по самопознанию на казахском языке на темуүйренгенім көп менің(4 сынып)





Тыныштық сәті.

-Балалар, енді арқаны тік ұстап, еркін отырамыз. Бүкіл денеңді босаңсытып, қолды тізеге қойямыз. Жан-жаққа алаңдамау үшін көзімізді жұмамыз.

-Балалар, тыныштықта отырайықшы. Өзімізді тыңдайық, өзіміздің ішкі

тыныштығын сезінейік. Айналаңа қарашы өзің. Көгілдір аспан төрінде нұр сәулесін шашып күн күлімдейді. Бізді жаңа шыққан жап-жасыл шөп, жылы жел лебі, жұмсақ, нәзік, қызғыш ақ жапырақтар айналады. Гүлден гүлге қонған алуан түрлі көбелектер көздің жауын алады. Жүрегіңе жылу құяды. Айналамызда әсем үйлер, биік таулар көрінеді , құстар әні естіледі. Енді ақырын көзімізді ашамыз.

-Балалар,жаңа тыныштық сәтінде не елестеттіңдер, не сездіңдер?

Балалар жауабы.

-Мен кең даланы көрдім.

-Биік таулармен үйлер

-Туған жерімді

-Анамды

Дәйексөз

Сабақты дәйексөзбен қорытындылау:

- Балалар, сендердің жауаптарың, пікірлерің, ойларың, әрекеттерің

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы көп адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді ұғынғандарыңды көрсетіп тұр. Бәрің де «Өзін-өзі тану елінің» көшбасшысы болуға лайықтысыңдар. Осы үйренгендеріңді өмірде пайдаланып, олардың сендерге нағыз адам болып қалыптасу жолында көмектесетініне көздеріңді жеткізіңдер. Өйткені халық «Үйренгенің өзіңе жақсы» деп тектен-тек айтпаған.

Жүректен жүрекке

Оқушылар шеңбер құрып тұрып, кезектесіп «Өзін-өзі тану» пәніне, ұстазына, өзін-өзі тануда бірге болған сыныптастарына алғыстарын, тілектерін айтып, ризашылығын білдіреді. Бәрі бірге қол ұстасып, ән шырқайды.

Ризашылық әні

Сөзі мен әнін жазған Л.Хей

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз бүгінге!

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз қазірге! (2 рет)

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге! (2 рет)















































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал