7


  • Учителю
  • Өзін- өзі тану пәнінен 4 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Өзін- өзі тану пәнінен 4 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары



Мектеп: Ақтоғай ауданы, Абай ОМ

Тақырып: Ашу -дұшпан, ақыл - дос

Мұғалiм: Рахимжанова Балжан Аманжоловна

Сынып: 4 Оқушылар саны: 21

Құндылық: Ішкі тыныштық Қасиеттер: сыпайылық, ашуланбау, ой тыныштығында отырып үйрену, шыдамдылықСабақ мақсаты: Оқушыларға сыпайылық, ашуланбау, ой тыныштығында отырып үйрену, шыдамдылық туралы түсінігін кеңейте отырып, ішкі тыныштық құндылығын ояту.

Окушыларға кешірімділік туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: ұстамдылық, сабырлылық, ақылдылықтың мәнін түсіндіру арқылы ішкі тыныштық құндылығын ояту; Дамытушылық: сыпайылық, өзара жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік: - ұстамдылыққа, сабырлылыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:

(құралдар,мәлiметтер,нақыл сөздер,бейне фильм, слайдтар)

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

5 «Т» еске түсіріп тәртіпке шақырып сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу.

Тыныштық сәті: Баяу әуен қойылады«Нұрға бөлену».

Сіздерден аяқ - қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір бойымызды нұрға бөлейміз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады.

- Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9 - 10 рет)

- Жаймен көзіңізді ашуға болады.

- Рахмет!



Үй тапсырмасын тексеру (мәтінмен жұмыс).

Үйге берілген тапсырма "Менің мінезім ашушаң ба?" тақырыбына эссе жазып келу. Оқушылар ойларын бөлісіп, жазған эсселерін оқиды

Пікір алмасу сұрақтары:

1. Сендердің ашуланған кездерің болды ма?

2.Не себепті ашуландыңдар?

3. Сол уақытта қандай күйде болдыңдар?

4. Сол күйден шығудың қандай жолын іздестірдіңдер?







Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын



Дәйексөз:

«Ақыл - адам көрігі, ақылдың сабыр серігі» М. Әуезов

- Істі сабырлылықпен атқарсаң қандай нәтижеге жетесің?

-Сабырлы болу адам өмірінде қандай маңыз атқарады?

- Ішкі тыныштықты қалай орнатуға болады?

Сосын барлығы хормен айтады./ Дәптерге жазып алады./

Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын

</

Әңгiмелеу (сұхбат)

Мұғалімнің сыйы:

«Шыдамдылық пен сабырсыздық» (аңыз әңгіме)

Бірде шыдамдылық пен сабырсыздық дос болыпты. Шыдамдылық ісіне өте байыпты болса керек. Сабырсыздықтың ісі шала, ұқыпсыз, ылғи да Шыдамдылыққа «Тасбақа сияқты жорғаламай, тез жүрсеңші, сенің жаныңда жүрсем, ішім пысады, одан да ашумен жүргенім жақсы» десе, Шыдамдылық: «Өзің біл, мен ақылмен дос боламын» дейді. Содан күндер өтеді. Ақыл мен шыдамдылық ешбір кедергісіз қыс қаһарына сүрінбей күн кешсе, сабырсыздық пен ашу үнемі ұрыс - керіс, болмашы нәрсеге Ашу қаһарланып, Сабырсыздық кері бұрылып отырады.

Бір күні Шыдамдылық пен Сабырсыздық кез болады.........../әркім өз ойын жеке жеке айтып толықтырады/

Ары қарай не болды?/Өз ойларымызбен жалғастырайық/

Мәтін бойынша сұрақтар:

- Бұл мәтіннен қандай ой түйдік?

- Сабырсыздық деген қандай қасиет?

- Қандай қасиет бізді ақылға жүгіндіреді?

Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын



Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1-топ: Данышпан атаның кеңестерін қалай қолданатының туралы жазу:

- Ашу қысқан кезде өзіңді - өзің ұстай біл.

- Ашуланған кезде бірден онға дейін іштей сана.

- Жақсы нәрсе туралы ойла.

- Өзіңді ұстамды, сабырлы адаммын деп есепте.

- Басқа адамды ренжітетініңді ойла.

- Соңынан өкінетініңді есіңе ал.

- Ашуды ақылды жеңдір.

2 - топ: «Қайтып кірер есікті, қатты жаппа» мақалының мәнін ашу

3 -топ: «Ашу - дұшпан, ақыл - дос» мақалының мәнін ашу.

Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын

Топпен ән айту:

«Мейірімді болайықшы бауырлар»

Сөзі: Серік Қалиев

Әні: Құрмаш Маханов

Көктем етіп көркейтсе де маңайын,

Көріп жүрміз өкпешілдің талайын,

Өшігуді қояйықшы өзгеге,

Кешірімді болайықшы, ағайын!

Көк нөсерін көл етсе де жауындар,

Көк пен жерді сел етсе де дауылдар,

Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,

Мейірімді болайықшы, бауырлар!

Болашаққа қол ұстасып барайық,

Ақиқаттың ауылын іздеп табайық,

Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,

Кішіпейіл болайықшы, халайық!

Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,

Сонда дағы бөлінумен шаршап ек,

Өзімізге қалайтұғын нәрсені,

Тілейікші өзгеге де болса деп.



Үй тапсырмасы:

«Балалардың көз қуанышы» В. А. Сухомлинский. мәтінін оқу



Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады.

Мұғалім жәй дауыспен: Соңғы тыныштық сәтi

- Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық! Енді бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қанадай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Мен осынау әсемде көрікті әлемді сүйемін. Егер барлық жасаған әрекетіміз дұрыс болса, біздің жан дүниемізде жан тыныштығы орнайды. Тыныштық, ол - жүрегіңді тыңдау. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көздеріңізді ашуға болады.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал