7


  • Учителю
  • Өзін-өзі тану пәні мен математика пәнінің интеграцияланған сабағы

Өзін-өзі тану пәні мен математика пәнінің интеграцияланған сабағы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін:________________

«Өзін-өзі тану» пәнінен интеграцияланған : математика сабағының жоспары

№1мектеп-гимназиясы Мерзімі: 10.10.2016ж

Мұғалім: Исағалиева Нұргүл Сынып: 3а Оқушы саны: 20

Тақырыбы: Қайталау Құндылық: Риясыз сүйіспеншілік

Қасиеттер: ұйымшылдық, ауызбіршілік, еңбекқорлықӨтілген тақырыптарды пысықтауға берілген есептерді шығару.

Білімділік: Көбейту және бөлуге берілген есептерді шығару дағдыларын

жетілдіру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, танымдық қабілеттерін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істей білу дағдысын

қалыптастыру

Тәрбиелік:Ойындар арқылы балаларды ұйымшылдыққа,ауызбіршілікке, еңбексүйгіштікке, өз беттерімен жұмыстана білуге, шапшаң әрі қатесіз есептей білуге тәрбиелеу.

Ресурстар. (материалдар, көздері)

Сабақ типі: Білімді бекіту, бір жүйеге келтіру.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау.

Көрнекіліктер: слайдтар, ұлттық ойындар, дидактикалық үлестірмелер, фигуралар.

Пәнаралық байланыс: Өзін-өзі тану, әдебиеттік оқу, дене шынықтыру,

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ә) Өзін-өзі сабаққа дайындау .

Қайырлы таң достым

Тамаша күн болсын

Ғажайып Алтын күз

Таңғажайып ойынға толсын

Ойынымыз қызықты болып

Көңіліміз шаттыққа толсын.

Мұғалім:-Барлығыңа сабақта сәттілік тілеймін!

Оқушылар 4 топқа бөлінеді.Оқушылар өздеріне ұнаған фигураны таңдайды.Оқушылардың топтары геометриялық фигуралардың атымен аталады.

1-топ.Шеңбер

2-топ.Үшбұрыш

3-топ.Шаршы

4-топ.Көпбұрыш

Ескерту

II. Үй тапсырмасын тексеру

1. №7,8 есеп.

2. Тірек білімдерін белсендіру.

1. Кез келген санды бірге көбейткенде, қандай сан шығады?(сан шығады)

2. Санды сол санның өзіне бөлсе, неше шығады?(1 шығады)

3. Нөлді санға бөлгенде, неше шығады?(0 шығады)

4. Санды нөлге бөлуге бола ма?(болмайды)

5. 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар қалай аталады? (Жұп)

6. Егер есепте қосу мен көбейту амалы келсе, алдымен қандай амалды орындаймыз? (көбейту)

7. 2-ге қалдықпен бөлінетін сандар қалай аталады? (тақ)



ІІІ.Жаңа сабақ.

Ішкі интеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды есептерді орындау барысында интеграциялау)

Ыдысқа 7 кәмпит салынған. Балалар, 7 қазақта киелі сан болып есептеледі. Жеті ата. Бұл - қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. "Жеті атасын білмеген жетесіз" деген аталы сөз бар. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.

Жеті жұт. 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5.Соғыс. 6.Топан су. 7.Зілзала (жер сілкіну).

Жеті жоқ. 1.Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллада бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.

Жеті қазына. Ол жөнінде пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.

Жеті жетім.

Тыңдамаған сөз жетім

Киюсіз тозған бөз жетім.

Иесіз қалған жер жетім.

Басшысы жоқ ел жетім.

Аққу, қазсыз көл жетім.

Жерінен айырылған ер жетім.

Замандасы қалмаса -

Бәрінен де сол жетім.

Берілген тәттілерді екі-екіден бөліп алып, нәтижесінде не шыққанын топта талдайық.Қорытынды шығарады.

Мұғалім:

-Берілген тәттілерді не істедіңдер?

-Бөліп алдық.

-Ыдыста тәтті қалды ма?

-Қалды

-Олай болса бүгінгі тақырыбыз да «Қайталау» болмақ.

-Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз.

Тапсырмалар дұрыс орындалған сайын фигуралардан беріп отырамын.



№1.Мысалдарды шығару

Шеңбер Үшбұрыш Шаршы Көпбұрыш

39+58= 46+24= 43+28= 49+25=

86-45= 39-14= 82-57= 45+37=

38+47= 69+13= 36+27= 48+24=

58-13= 48-19= 80-57= 42-19=

№2 Салыстыру

Шеңбер Үшбұрыш Шаршы Көпбұрыш

2 дм * 18см 8см*1дм 2дм 1см*21см 14см*2дм

27см*3 см 150см*15дм 29см*3дм1см 16м*1м6дм

Сергіту сәті.

Есептедік, шаршадық,

Орнымыздан тұрайық.

Отырайық, тұрайық,

Соқтығысып қалмайық.

Қимылдатып аяқты,

Сәл дем алып алған соң

Шапалақты ұрайық.

Жазуды қайда бастайық.

№3 Тақтамен жұмыс

27см+2дм8см+4дм3см-3дм5см=

11м-2м3дм-2м4дм+6м3дм=

№4.Геометриялық есеп.Өз бетімен жұмыс

Қабырғасы 5 см болатын шаршы сыз. Оның периметрін тап.

Р=5см+5см+5см+5см=25см

№5.Есепті шығар.Кері есеп құрастыру.

А) Айжан 4 бәліш жеді,ал әкесі одан 3 есе артық бәліш жеді.Әкесі неше бәліш жеді?

Ш: 4*3=12 12:3=4

Ә) Әжей бақтан 14 алмұрт теріп алды.Ал Майра одан 2 есе кем терді.Майра неше алмұрт терді?

Ш: 14:2=7 7*2=14

(Міне,балалар 7 саны киелі сан дедік.Олай болса 7 санына байланысты дәйек сөздер айтып жіберейікші)

Сергіту сәті:

№6 Кенеттен сұрау

№7.

19-дан 30-ға дейінгі сандарды жаз.Олардың ішіндегі 4-ке қалдықсыз бөлінетіндерінің астын сыз.Қалғандарын 4-ке бөлуді орында.Тексеру жаса.

19,20,21,22,23,24,25,26,27,28,29

Шеңбер Үшбұрыш Шаршы Көпбұрыш

19:4=4 (3қ) 22:4=5(2қ) 25:4=6(1қ) 27:4=6(3қ)

21:4=5(1қ) 23:4=5(3қ) 26:4=6(2қ) 29:4=7(1қ)



Ой қозғау: Топпен жұмыс.

Шеңбер:12 шарды 5 балаға бөліп беру керек.Олардың әрқайсысына неше шардан тиеді?

Неше шар қалады?

Үшбұрыш:14 алманы 3 ыдысқа тең бөліп салу керек.Әр ыдыста қанша алмадан болады?

Қанша алма қалады?

Шаршы:29 сәбізді 4 себетке тең бөліп салу керек.Әр себетте қанша сәбізден болды?Қанша сәбіз қалды?

Көпбұрыш:17 кітапты 3 қорапқа салу керек.Әр қорапта қанша кітаптан болды?Қанша кітап қалды?

ІҮ.Қорытындылау: «Кім жылдам?» ойыны

4 топқа лездік 3 сұрақтан қойылады.

1-топ

5-ті 3 есе арттыр

200 санында неше нөл бар?

6-дан 2 есе артық сан

2-топ

1дм-де неше см бар?

30 бен 50-дің қосындысы

3 -ті 2 есе арттыр

3-топ

93-тің алдында келетін сан

1 сағатта неше минут бар?

90 мен 40-тың қосындысы?

4-топ

8-ді 2 есе кеміт

10-ның алдында тұратын сан

1 жылда неше күн бар?



V. Үйге тапсырма: №1(ә)

VІ… Білімді бағалау.

Топ бойынша жинаған фигураларын санау арқылы бағалау.

VІІ.Сабақ қорытындысы:

- Сабақ ұнады ма?

- Бүгінгі математика сабағында нені үйрендік?

- Өткен тақырыптарды қайталадық.

- Ойындар ойнау арқылы тапсырмалар орындадық.

- Есептер шығардық.

- Тақтамен жұмыс жасадық, лездік сұрақтарға жауап бердік.

-Ия, балалар, олай болса математика бізге керек деп мына өлең жолдарымен сабағымызды аяқтаймын:

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан

Математикаға орын берсең басыңнан

Барлық ғылым соған үйір болады

Досың солар табылатын қасыңнан - деп сабағымызды аяқтаймын.









</<font face="Times New Roman, serif">Пән мұғалімі: Исағалиева Нұргүл





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал