- Учителю
- өЗін-өзі тану
өЗін-өзі тану
Пәні: Өзін - өзі тану
Сыныбы: 2
Оқушылар саны: 12
Мерзімі: 11.02.2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: «Өнерлі бала сүйкімді»
Қасиеттер: таланттылық, зеректілік, өнерпаздық.
Керекті құралдар: суреттер, интерактивті тақта, слайд, тарататын материалдар, қарындаштар.
Сабақтың мақсаты:
1.Өнердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
2.Өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру.
3. Өнерпаздықты, өнерді, сұлулықты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
Слайд
Шаттық шеңбері:
Армысың, шапағатты күніміз,
Армысың, мейірімді жеріміз
Армысың, табиғат - анамыз
Келді Сізге өзіңіздің балаңыз.
Топқа бөлу:Оқушыларға
Суретшілер, ақындар, әншілер
1. Кел ойланайық, пікірлесейік
«Өнерлі өрге жүзер» оқушылардың ойларын еркін айтуға дағдыландыру
2. Оқушыларға тапсырма беріледі
• Суретшілер: сурет салады.
• Әншілер: ән айтады.
• Ақындар: өлең жолдарын оқиды.
3. Мәтінмен жұмыс : әр топ бөлімге бөліп мәтін оқиды.
«Құмға салған сурет» мәтіні бойынша
- Мазмұндау
- Сұрақ - жауап
4. Дәйек сөз: сөздің мағынасын ашу
Адамның сәні - өнер, білім, ақылы. (Жетес шешен)
Өнерге, білімге байланысты тағы қандай ұлағатты сөздер немесе мақал-мәтелдер білесіңдер?
Интерактивті тақтадан өнерлі адамдар туралы айту.
Кішкентай ақын Жамбыл, шахматшы Жансая, әнші Ермек және тағы басқа танымал өнерлі балалар туралы слайд
5. Дәптермен жұмыс:
Ребус шешу. Өнерлі бала сүйкімді
6. Ой жүгірту. Топтық жұмыс
Суретшілер тобы: өлеңді аяқтау
Алуан бояу іріктеп ........ (алды)
Асықпай, Мұрат ...........(суретті) салды.
Столға жайып .......(қағазды) аппақ
.......(Сарымен) сұлу жасады бақ-бақ
Ақындар тобы: мақалдарды аяқтау
1. Білім көкке жеткізер
Өнер көпке жеткізер.
2.Кітап - білім бұлағы,
Білім - өнер шырағы.
3.Шебердің қолы ортақ
Шешеннің тілі ортақ.
Әншілер тобына - Жұмбақ шешу
1.Түк білмей барасың
Төлімін аласың,
Есейіп кетсең де,
Қарыз боп қаласың. (мектеп)
2.Оң жағымда бес саусақ,
Сол жағымда бес саусақ. (Он саусақ)
Қортынды: Жүректен жүрекке
Тілек ағашына тілектер жазу
Бір-бірімізге мына күннің
нұры мен жылулығын
ұсына отырып жылы
тілектерімізді білдірейік!
Біліммен, өнермен алға самғаңдар -деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз