7


Тіл дамыту 'Дала жануарлары'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Дала жануарларыКарпеева Бақытгүл Сайфуллақызы«Қызыл –Жұлдыз негізгі орта мектебі» КМММектепалды даярлық тобының тәрбиешісі.Шығыс Қазақстан облысы, Катон Қараға й ауданы, Сабақтың мақсаты:Айналаны қоршаған ортамен таныстыру,балалардың туған жеріне деген жанашырлығ
предварительный просмотр материала

Дала жануарлары

Карпеева Бақытгүл Сайфуллақызы

«Қызыл -Жұлдыз негізгі орта мектебі» КММ

Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі.

Шығыс Қазақстан облысы,

Катон Қараға й ауданы,

Сабақтың мақсаты:Айналаны қоршаған ортамен таныстыру,балалардың туған жеріне деген жанашырлығын, сүйіспеншілігін арттыру,жабайы аңдардың мекенін, қоректенуі туралы түсініктерін қалыптастыру.

Сұраққа толық жауап беруге үйрету.Жануарларды қорғау, оларға қамқор болуға, аялауға т әрбиелеу. Сабақ түрі:ашық сабақ.

Әдіс-тәсіл:түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік ,көркем сөз,ойын.

Пәнаралық байланыс: математика, сауат ашу, жапсыру, бейнелеу,айналамен таныстыру.

Көрнекілігі :аңдардың суреті, сиқырлы сандық ,ойыншықтар ,(аңдар бейнеленген),орманның суреті салынған плакат.

Ұйымдастыру кезеңі :Сәлеметсіңдер ме, балалар !

Бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр(қонақтармен амандасу).Сабаққа деген көңіл -күйді көрсету.

Шаттық шеңберіне тұру:

Тәрбиеші :Қазір бір -біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуы арқылы жылы лебіздер білдірейік.

Ақбөпе:Еліме тыныштық тілеймін!

Қуаныш:Күніміз жарық болсын!

Шырайлым:Аспанымыз ашық болсын !

Алихан:Деніміз сау болсын!

Айгерім:Көк туымыз биік болсын!Балалардың тілектері тыңдалады.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем.

Көктем мезгілі екенін қайдан білеміз ?

Аптаның қай күні ?

Айдың аты қалай аталады?

Балалардың жауабы тыңдалады.

Олай болса,қазір сабағымызды бастайық!

Жаңа сабақ:балалар ,біз нені көріп тұрмыз?

Орманды.

Балалар,осы орманда бірнеше дала жануарлары бізден жасырынып отыр екен.

Қане,қандай жануарлар екенін білгілерің келе ме?

Ол үшін бірнеше тапсырмаларды орындауымыз керек.

Бұл тапсырмаларды ұяшық таңдау арқылы орындаймыз.

Қазір бір ұяшық таңдайық.1-ші ұяшық тапсырмасы:Дала жануарларына байланысты жұмбақ шешу.

1.Шырша саясы күркесі,

Өзі орман еркесі,

Қарғып жүрер жан- жаққа,

Өте құмар жаңғаққа. (тиін)

2.Сыбдыр шықса қашады.

Қырдан бірақ асады. ( қоян)

3.Қыс бойында жатады,

Тәтті ұйқыға батады. (аю)

4.Сұр түсті ,ақсиған көп тісті. (қасқыр)

5 . Өзі айлакер қу,жүрген жері айқай шу. (түлкі)

6.Қанжардай тісі бар,

Суық үрейлі түсі бар.

Аңдардың патшасы.(арыстан)

7.Тарғыл түсті, көп күші .(жолбарыс)

8.Түрі жылқы бейнелі.

Ала-жейделі.(зебра)

9.Қара ала тоны бар,

Ол аңдардың краны.

Жатқанын көп көрмейміз.

Серейіп кеп тұрады.

10.Қолыңмен тиме,

Үсті толған ине.(кірпі) (түлкінің суретін ашу)

2-ші ұяшықтың тапсырмасы:Дала жануарлары туралы қандай тақпақтар білесіңдер-?

Балалар бетперделер киіп айтады.

1- бала(қасқыр) Мен көкжал қасқырмын.

Малшыны да састырдым.

Аш болсам ұлимын,

Ауылды торимын.

Аңшыдан қорқамын.

2-бала(қоян)

Мен өте қорқамын,

Естіп қалсам сыбдырды.

Жүрегім дірілдеп.

Елең етіп тұрамын.

3-бала(түлкі) Мен қу түлкі.

Тұрағым ну қамыс.

Түн демей,күн демей.

Жортамын жолды алыс.

4-бала(аю) Аю деген бір аңмын.

Орман кезіп жүремін.

Аңшылардан сұраңдар,

Көрікті емес түр- өңім.

5-бала(тиін) Мен тиінмін,тиінмін.

Қысқа жылы киіндім.

Қоймам толы жаңғаққа.

Іші -жылы үйімнің (aюды ашу) Өте жақсы.

Енді біраз сергіп тынығып алайық.

Сергіту сәті: «Аю»

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп- теріп алайық.

Қалтамызға салайық.(қимыл қозғалыспен жасайды)

3-і ұяшықтыңтапсырмасы : дидактикалық ойын «Пантонима»

Шарты :бір бала сиқырлы сандықтан бір жануарды алып ,қалған балаларға қимыл -қозғалыспен көрсетеді немесе сипаттап айтады.

1-бала:зебра, керік.

2-бала:арыста,қоян.

3-бала:кірпі,тиін.

4-бала:піл,сілеусін.

5-бала:аю,жолбарыс.

Тақтадағы барлық дала жануарларының ойыншықтарын қойғаннан кейін,тура және кері санату.

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 10 9 8 7 6 5 4 3 2 1

Қазір дала жауарларының аттарын буынға бөлейік.

Аю,кір-пі,ти-ін,ке-рік,қас-қыр,піл,түл-кі,қо-ян. (қоянды ашу)



4-і ұяшықтың тапсырмасы: «Не артық?» ойыны.

Дала жануарларына жатпайтын суретті алып тастау . Мысалы:қой,ешкі,сиыр т.б (қасқырдыашу)

5-ұяшықтың тапсырмасы: «Кубизм»әдісі.

Кубиктің жан- жағындағы дала жануарларының атын атау.(тиінді ашу)

6-ұяшық ортақ тапсырма:

Тәрбиеші сөзі:Балалар,осылардың барлығы неге жатады?

Табиғатқа жатады.

Табиғатқа байланысты қандай ырым- тыйымдар,халық болжамдарын білесіңдер-?

Табиғатқа байланысты халық болжамдары:

1-бала:Қыс қарлы болса -жаз жаңбырлы болады,қыс аязды болса- жаз ыстық болады.

2-бала:Тұман түссе- күн жылынады.Аспанда жұлдыз көп болса -күн суытады.

3-бала:Ерте көктемде қарға суға шомылса -күн жылынады.

4-бала:Қайыңнан аққан шырын көп болса- жаз жаңбырлы болады.

5-бала:Жаз жауынды,күз жылы болса -қыс ұзақ болады.

Тыйым сөздер:

1-бала:Гүлді үзбе. Көкті таптама.

2-бала:Құмырсқаның илеуін бұзба.

3-бала:Құстың баласына тиіспе,қарғысына қаласың.

4-бала:Ақбөкенді атпа.

5-бала:Бұлақты ластама,қайта көзін аш.

Тәрбиеші:Балалар, міне біз барлық ұяшықтың тапсырмаларын орындадық.Олай болса, жасырынған дала жануарларын да таптық.

Қане, қандай жасырынған дала жануарлары екен?

Балалар,олар қайда мекендейді?

Орманда.

Орманнан басқа аңдарды қайдан көрүге болады?

Хайуанаттар бағынан.

Сендер қалаға барғанда хайуанаттар бағына барып көрдіңдер ме?

Қане,кім көрді?

Балалардың жауабы тыңдалады.

Дұрыс.Олай болса, жыртқыш дала жануарлары орманда өздерінің қоректерін тауып қоректенеді және күндіз-түні қорек іздейді екен.

Сұрақ- жауап:Әрқайсына жеке тоқталу.

Тиін қандай аң?

1-бала:Кішкентай,жүні қалың,үлпілдек,құйрығы ұзын,түсі қызыл сары.Ағаштың басында жүреді,жаңғақ пен саңырауқұлақ жегенді жақсы көреді.

Аю ше?

2-бала:Аю-қорбанбай,аяғын балпаң басып жүреді,балды жақсы көреді,баласы қонжық.

Түлкі ше?

3-бала:Түлкі- өте айлакер қу,барлық аңдарды алдап кетеді,түсі қызыл сары.

Қасқыр ше?

4-бала:Қасқыр- өте жыртқыш аң,ұлиды,малшының малына тыныштық бермейді.Сұр түсті,ақсыйған өткір тістері бар.

Қоян ше?

5-бала:Қоян- өте қорқақ,құлағы ұзын,баласы көжек.Жыл мезгіліне байланысты тоңды ауыстырып отырады.

Дидактикалық ойын:«Не бар,не жоқ» ойыны.

Ойын шарты:Тақтада тұрған суретті анықтап көріп алу.«Түн »дегенде көздерін жұмып,«Күн»дегенде көздерін ашып,жасырынған суретті тауып айту.

Іс-әрекеттерін бағалау

Тапсырма:Суретте берілген аңдардың түсін келтіріп бояу және жапсыру.

Мысалы:Сұр қасқыр,қызыл сары түлкі,қоңыр аю.

Қортынды:Міне,балалар қоршаған ортаны аялап,бағалау қажет.Осы дала жануарларының көбі жойылып,мүлдем азайып кетуде.Солар жойылып кетпес үшін аңдарды«Қазақстанның қызыл кітабына»енгізген.Сонымен қатар осындай жануарлармен құстарды саны жағынан азайып кетпес үшін Қазақстанда

Бірнеше қорықтар бар.Олар:Қорғалжын,Наурызым,Барскелмес,Алматы,Үстірт т.б

Жарайсындар,балалар,бүгінгі сабаққа бар ынталарынмен қатысқандарына көп рахмет.

Сабаққа барлықтарын белсене қатыстыңдар.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал