- Учителю
- телефонмен сөйлесу әдебі ( 5 сынып)
телефонмен сөйлесу әдебі ( 5 сынып)
Енсебаева Г.Т.
Қазақ тілі 5 сынып 07.12.16ж.
Сабақтың тақырыбы: « Телефонмен сөйлесу әдебі»
Білімділік: Тақырыптың аясында қарапайым сөйлемдер құрау арқылы телефон арқылы дұрыс сөйлеу әдебін қалыптастыру. Сөз құрамын меңгерту.
Дамытушылық: Тілдесім барысында тілдік үлгілер арқылы телефон арқылы дұрыс сөйлесу жөнінде ақпараттық-танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушының қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу: « Шаттық шеңбері» тренингінің негізінде сабақ басында оқушылар бір - біріне тілек айту арқылы сәттілікке мақсат қояды.
Сабақтың барысы: ұйымдастыру кезеңі:- Сәлеметсіздер ме, балалар?! Отырыңыздар!
- Бүгін сыныпта кезекші кім?
- Бүгін сыныпта мен, Иназемцев Сергей, кезекшімін.
- Бүгін нешесі, қай күн?
-Бүгін желтоқсанның жетісі, сәрсенбі.
1. Үй жұмысын тексеру:
-
Сөздік жұмысты « қарлы кесек»тәсілі арқылы еске түсіріп қайталап алу.
-
Сөздік диктант жазу
-
Сөздердің жазылуы мен айтылуына көңіл бөлу.
Сабақты бастамас бұрын әр оқушыға бағалау парағы беріледі.
Бүгін біз өтілкен сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз.
І. Негізгі бөлім:
Қызығушылық ты ояту: тақырыпты ашу
Видео клип Төреғали Төрали мен Ерке Есмаханның «Алло» өлеңі арқылы сабақ тақырыбын ашу.
-
Балалар, бұл клипта не туралы көрдіңдер?
-
Кімдерді көрдіңдер?
-
Олар не істеді?
-
Қалай ойлайсыңдар, сабақтың тақырыбы қандай?
-
Ал, бүгін сабақта қандай жұмыс істейміз, неге көңіл бөлуіміз керек?
ІІ. Мағынаны тану
1. Тыңдалым. Аудио жазылым арқылы сұхбатты тыңдайды.
2.Топпен жұмыс. « Миға шабуыл » тәсілі арқылы балалардың телефонмен қалай сөйлесу керек екендігі жайлы өз пікірлерімен бөліседі.
3.Кітаппен жұмыс: Ә) Айтылым. Тілдесім. Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.
-
Мұғалімді тыңдайды.
-
Оқушылар кезекпен тыңдайды.
-
Түсінгендерімен бөліседі.
А) Ауызша - Жазбаша жұмыс: 8-тапсырма.
Сұрақ - жауапты кезекпен оқиды, түсінгендерін айтады.
Бекіту: « Сырлы сандық» ойыны арқылы ауызша, оқушылардың
грамматика бөлімінен орфография мен орфоэпияның айырмашылығын
түсінгендерін тексеру.( Ұялы телефон суреттерінен жасалған
карточкаларға сөздер жазылған. Мысалы: бүрсүгіні - бүрсүгүнү)
Үй тапсырмасы:
1. № 8 тапсырма. Сұрақ - жауапты көршісімен рөльге ойнау.
Рефлексия: Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма? Ұнаса несімен?
Бағалау: Бағалау парағын жинап алу.
«Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі»
« А.С. Иванов атындағы «Выдриха «Жалпы білім беретін орта мектеп- балабақша» кешені» КММ
КГУ « Выдрихинский комплекс « Общеобразовательная средняя школа - детский сад имени А.С.Иванова»
отдела образование Шемонаихинского района
Мұғалім: Енсебаева Г.Т.
Выдриха селосы
2016-2017 оқу жылы