7


  • Учителю
  • Қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: Халық даналығы 5 сынып

Қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: Халық даналығы 5 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Астана қаласы, Сырбай Мәуленов атындағы № 37 орта мектеп.

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Осипбекова Нұржамал Ақылбекқызы.

Қазақ әдебиеті, 5 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Халық даналығы.

Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік-ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету. 2. Дамытушылық-сөздік қорын байыту, логикалық ойлау қабілетін дамыту. 3.Тәрбиелік-адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, үлестірмелі материал.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: психологиялық тренинг, Блум таксономиясы, жеке, жұппен, топпен жұмыс, өзара бағалау.

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Тапсырмалар

Жұмыс формасы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі.-(3 мин.)




Мақсаты: оқушылардың назарын сабаққа аудару.


Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Оқушылар бір-біріне қошемет сөздер айтып, жағымды психологиялық жағдай орнатылады.

Оқушыларды суреттердің көмегімен екі топқа бөлемін, әр топта спикер сайланады, спикер сабақ бойы бағалау парақтарын толтырып отырады


Білу (5 мин.)

Мақсаты: Өткенді қайталау, жаңа сабақтың тақырыбымен байланыстыру.


Ұжымдық жұмыс.

Слайдта сұрақтар беріледі:

1. Фольклор дегеніміз не?

2. Қазақ халқы ауыз әдебиетінің түрлері.

3. Мақал-мәтел деген не?

4. Тақырыптары қандай болады?

Оқушылар жауап береді.


Түсіну.

(5 мин.)

Слайдтан әзіл аралас сұрақтар беріледі.

Мақсаты: оқушылар сұрақты түсініп, бұрын оқыған мақалдарды еске түсіріп, жауап беру керек.

Жеке жұмыс

Оқушылар қиналса, мұғалім сол мақал-мәтелдерге оқушылардың назарын аударады.

Слайдтағы сұрақтар:

-Тас жеңіл бола ма? (Керек тастың ауырлығы жоқ)

-Бір қазанға қандай бас сыймайды? (Бір қазанға екі қошқардың басы сыймас)

-Қандай адамды ешкім мақтамайды? (Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды)

-Адам пәлені неден табады? (Басқа пәле тілден)

-Қандай жүк жеңіл? (Жұмыла көтерген жүк жеңіл)

-Адам несімен мықты? (Ағаш тамырымен мықты, адам досымен мықты)

-Алдыңа не келеді? (Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді)

-Адамның көркі не? (Еңбек-адамның көркі)

Оқушылар мақал-мәтелмен жауап беру керек.

Қолдану.(8 мин.)

Тапсырма: Берілген жағдаяттарда қандай мақал-мәтелдерді қолдану қажет?

Мақсаты: оқушыларды

өмірде мақал-мәтелдерді орынды қолдануға үйрету.

Топпен жұмыс

Әр топқа қағазға жазылған бір жағдаяттан беріледі.

1 жағдаят. Берік отбасымен бірге алыс сапардан келді. Үйге кірісімен Берік бөлмелерді аралап, көзге түскен заттарды қолымен сипап, жүзінен күлкі кетпеді. Сонда әкесі баласының қуанышын көріп бір мақал айтты. Ол қандай мақал?

2 жағдаят. «Бүгін сынып бөлмесін жинау керек, парталарды жуып, гүлдерді суарып, қоқысты шығару керек»-деді мұғалім. «Осынша жұмысты қашан бітіреміз? Үйге баруымыз керек»-деп күбірлесті балалар. Бірақ барлығы жұмысқа кірісіп, сынып тап-таза болғанда, ешкім үйіне асықпай, сыныбына біраз қарап тұрды. Мұғалім осы жерде бір мақал айтты. Ол қандай мақал?

Топ ішінде пікірлесіп, өз жауабын айтады. Басқа топ тыңдап, келісетінін/келіспейтінін айту қажет.


Талдау (8 мин.)

Әр топқа бір мақал-мәтелден беріледі.

Мақсаты:

Берілген мақал-мәтелдегі айтылған тұжырымды дәлелдеу.

Неге әке балаға сыншы болады? Неге адамның көркі шүберек?

Топпен жұмыс

1-топ

Әке - балаға сыншы.

2-топ

Ағаш көркі - жапырақ,

Адам көркі - шүберек.

Оқушылар топта талқылайды, айтылған тұжырымды А3 қағазға дәлелдеп, басқа топқа өз жазғандарын жібереді. Топтар жұмыстарымен алмасады. Мұндағы мақсат - өзара бағалауды жүргізу.

Әр топ басқа топтың пікірін оқиды да, стикерге 2 жұлдыз, 1 ұсыныс жазып береді.

Содан кейін жұмыс өнімдерін тақтаға іліп қою керек. Әр топтың оқушысы шығып, өздері жазғандарын, басқа топтың пікірін оқиды. Берілген ұсынысты бағалайды (мысалы, Біз келісеміз/келіспейміз, өйткені ... ).

Жинақтау

(6 мин.)

Тапсырма: «Мақал-мәтелдер» тақырыбына кестені толтыру.

Мақсаты: оқушылардың білімін жинақтау.

Жеке

жазбашажұмыс

Берілген кестені толтыру (кесте дайын беріледі, әр оқушыға)

Мақал-мәтелдер

мақал-мәтел дегені-міз не?

оның көлемі қан-дай?

олар қалай тара-ған?

мақал-мәтел не үшін қажет?

мақал-мәтелдер адамды неге тәрбиелейді?

Оқушылар тақырып бойынша алған білімдерін жинақтап, ой түйеді.

Бағалау

(7 мин.)

«Мақал - халық даналығы», «Мақал - тілдің көркі» тақырыптарына сұхбат құрастырып, өз ойын білдіру қажет.

Жұптық жұмыс

Мұғалім бірнеше жұпты тыңдауға тырысады.



Оқушылар сабақта өтілген тақырыпты қорытындылау үшін, түсінгендері жөнінде сұхбат құрастырады (3,4 сұрақ-жауап).



Үйге тапсырма-3 мин

7 мақал жаттап келу.



Мұғалім спикер толтырған бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалайды, мадақтайды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал