7


  • Учителю
  • «Өзін-өзі тану» сабағының жоспары 1сынып

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары 1сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары



Мектеп:Подстепный қазақ ЖОББМ

Мерзiм:29.10.2015

Мұғалiм:Сакипкалиева Р.А

Сынып: 1в

Оқушылар саны:20

Тақырып: №22 «Шыншылдық - адамдықтың белгісі»

Құндылық:Ақиқат

Қасиеттер: шындықты айту, басқалардан жақсылықты іздеу, қарапайымдылық



Сабақ мақсаты: Оқушыларға шыншылдық, ар-ұждан - адами қасиет екендігін жеткізе отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу

Сабақтың міндеттері:

  • Оқушыларды әрқашан шындықты айтуға үйрету

  • Өзінің, өзгенің бойынан жақсылықты таба білу қасиетін дамыту

  • Оқушы бойындағы қарапайымдылыққа тәрбиелеу



Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi. 5Т. ережесі



  1. Тыныштық сәтi.

«Нұрға бөлену»



  1. Үй тапсырмасын тексеру



№22 «Шыншылдық - адамдықтың белгісі» 82 бет

Ә.Табылдиевтің «Ағайынды екі қыз» әңгімесі.

- Екі қыздың қайсысымен дос болар едіңдер? Неге?

  • Шыншыл адамның бойында қандай қасиеттер болуы тиіс?

  • Шыншыл не үшін қажет деп ойлайсындар?



Ескерту

  1. Дәйексөз.



«Шындық бәрінен де күшті»



-Шындық неге бәрінен күшті?

-Шындықты айту адам бойындағы қандай қасиетті көрсетеді?

Халық мақалы

  1. Оқиғаларды әңгiмелеу

Мұғалім сыйы

«Шындық пен өтірік» (Аңыз әңгіме)

Қоян мен түлкі дос болыпты. Бір күні қоян дүкенге бара жатып, анасы берген ақшаны жоғалтып алады. Ал түлкі ақшаны көріп тұрса да айтпайды. Қоян басы салбырап үйіне кетеді. Түлкі ақшаны алады да өзіне қажет нәрсені сатып алмақшы болады. Бірақ досының көңілсіз күйі есіне түсіп, түлкі ақшаны досына әкеліп береді. Қоян қатты қуанып, досын құшақтай алады.

Сұрақтар:

-Түлкінің ақшаны жоймауына не әсер етті?

- Түлкі мен Қоян арасындағы достық қандай қасиеттер арқылы сақталып қалды деп ойлайсың?

Ғаламтор желісінен

  1. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. Жағдаяттардың шешімін сахналап көрсету

1-жағдаят. Жандостың компьютерде көп ойнап қалуына байланысты математикадан есеп шығаруға уақыты қалмады. Мұнын себебін сұраған мұғалімге Жандос «Басым қатты ауырып, есепті шығара алмадым»,-деп айтты.

- Жандостың орнында сендер болсаңдар не айтар едіңдер?

2-жағдаят. Анар таңертең бақтағы қызыл-жасыл гүлдерді ұзақ қызықтап жүріп қалады да, сабаққа кешігіп барады. Мұнын себебін сұраған мұғалімге Анар «Мен сағат неше болғанан байқамай қалыппын»,-деп айтты.

- Анардың орнында сендер болсаңдар, не айтар едіңдер?

3-жағдаят. Қуатты анасы дәріханадан дәрі әкелуге жұмсады. Қуат аулаға шыға салысымен достарын кездестіріп, олармен бірге ойнап кетті. Анасының тапсырмасы үйге кіргенде есіне түсті.Ол анасына: «Дәріхана жабық тұр екен»,-деп айтты.

- Қуаттың орнында сендер болсаңдар, не деп жауап берер едіңдер?

4-жағдаят. Дана ойыншықтарын шашып ойнап отырды. Әжесі «ойыншықтарыңды жина, қызым» деген сөзіне «Мен емес шашқан Аян» деп жауап қайтарды?

  • Дананың орынында болсаң не істер едің?



  1. Топпен ән айту.

«Балдырғандар» әні /өзгертілген/

Сөзін жазған: О. Әубәкіров

Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов



Қуанышқа бөленген әр күніміз,

Бақыттымыз балалар барлығымыз.

Қайырмасы:

Өмір тым жайдары

Қызықтың қайнары

Мектебіміз жайнады



Біз Отанның балдырған ұлдарымыз,

Әдептілік, шыншылдық ұранымыз.

Қайырмасы:

Өмір тым жайдары

Қызықтың қайнары

Мектебіміз жайнады



  1. Үй тапсырмасы.

№23 «Жауапкершілік пен жауапсыздық» 82 бет



  1. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қою

Көздеріміздіжұмамыз, бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізіңдер, бұл сабақ сендердің өмірлеріңе сабақ болсын, тек жақсы, шындық нәрселер ойлауға тырысыңдар, сонда ғана айналамыз жақсылыққа, шындыққа толары сөзсіз. Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал