7


  • Учителю
  • Тақырып: 7 СЫНЫП 10 сабақ «Қарым – қатынас мәдениеті» Құндылық: дұрыс әрекет жасау Қасиеттер: әр нәрсені өз уақытында істеу, өзгелерді жамандамау, әділ болу.

Тақырып: 7 СЫНЫП 10 сабақ «Қарым – қатынас мәдениеті» Құндылық: дұрыс әрекет жасау Қасиеттер: әр нәрсені өз уақытында істеу, өзгелерді жамандамау, әділ болу.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Қызылтал жалпы орта білім беретін мектебі

Күні: 13.11.2015

Тақырып: 10 сабақ «Қарым - қатынас мәдениеті»

Құндылық: дұрыс әрекет жасау

Қасиеттер: әр нәрсені өз уақытында істеу, өзгелерді жамандамау, әділ болу.

Мұғалiм: Бакитжанова Альбина Галымжановна

Класс: 7

Сабақ мақсаты: Қарым-қатынас жасау барысында дұрыс әрекет құндылығын ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларға жауапкершілік маңызын түсіндіру;

  • Қоршаған ортада қарым-қатынас кезінде әділ болуға дамыту.

  • Өзгелерді жамандамауға тәрбиелеу

Ресурстар:

(күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. 5Т. 5 жұмыс құралын түгендеу, күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.

Тыныштық сәтi. «Су асты патшалығына саяхат»(баяу әуен,көзімізді жұмамыз)

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

  • Қандай әсер алдыныз?

  • Көз алдарыңа қандай бейнелер елестеді?

Үй тапсырмасын тексеру

10 сабақ

Оқулықтан Даниэль Дефоның "Робинзон Крузо" романынан үзінді оқу.

(қарлы кесек әдісі арқылы балаларға сұрақ қою)

  • Адам өмірін жалғыз өткізе ала ма?

  • Адам жауапты болу үшін қандай қасиеттері болу керек?

  • Шығарманы оқығанда қандай сезімде болдыңдар?

  • Кейіпкердің сағынышының сыры неде?

Сабақ барысын талқылау:



5 мин

6 мин


Дәйек сөз.

Өмір-теңіз, жүзем онда демеңіз,

Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз. /Рудаки/

  1. Ізгілік дегенді қалай түсінесіз?

  2. Өмірде әділсіздік жасаған кезіңіз болдыма?

  3. Қоршаған ортамен қалай қарым-қатынас жасайсыз?

6 мин

Әңгiмелеу.

Аңыз әңгіме:

"Жан жарасы жазылмайды"


Ертеде қарияның ашушаң, ұстамсыз баласы болыпты. Бір күні қария баласына бір қапшық шеге беріп:
- Өзіңді ашу қысқан сайын ағаш бағанға шеге қағып, ашуың басылған кезде, суырып аларсың, - дейді.
Бала бірінші күні - ақ бағанға он шақты шеге қағылғанын байқап, өзін - өзі ұстауға, ашуға бой бермеуге тырысты. Қағылған шегенің саны күнбе-күн азая бастады. Бала бағанға шеге қағылғаннан гөрі ашуын басқан жеңіл екенін түсінді. Ақырында бағанға бір шеге қақпаған күнге де жетті. Сонда әкесі баласын бағанға жетелеп келіп:
- Жарайсың, балам! Бірақ бағанның шұрық-шұрық болғанын көріп тұрған шығарсың? Ол ешқашанда бастапқы қалпына келе алмайды. Адамға жүрегіне ауыр тиетін сөз айтсаң, оның көңіліне жара саласың, оның жан дүниесі осы баған сияқты шұрық-шұрық болады. Одан кейін қанша кешірім сұрасаң да, жан - жарасы жазылмайды. Ашуыңды ақылға жеңгізе біл, балам,- дейді.

  • Әкесі баласын қалай ұстамдылыққа үйретті?

  • "Ашуды ақылға жеңгізе біл" дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Сіз сол баланың орында болсаңыз, ашуланған кезде өзге туралы жамандық айтасызба?

8мин

Шығармашылық, топтық жұмыс.

«Адамгершілік, сүйіспеншілік, әдептілік» қасиеттері жазылған карточкалар арқылы оқушыларды 3 топқа бөлемін.

Оқушылар үш топқа бөлініп. Әр топ «Ойлан-Жұптас-Бөліс» әдісі бойынша берілген қасиеттерді топта талдап, тақпақ шығарады. Жауаптарын сыныпқа жариялайды.


10 мин

Топпен ән айту

«Мейірімді болайықшы ағайын»

Сөзі: С.Қали. Әні Қ.Махан

Көктем етіп көркейтсе де маңайын,

Көріп жүрміз өкпешілдің талайын,

Өшігуді қояйықшы өзгеге,

Кешірімді болайықшы, ағайын!

Көк нөсерін көл етсе де жауындар,

Көк пен жерді сел етсе де дауылдар,

Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,

Мейірімді болайықшы, бауырлар!

Болашаққа қол ұстасып барайық,

Ақиқаттың ауылын іздеп табайық,

Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,

Кішіпейіл болайықшы, халайық!

Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,

Сонда дағы бөлінумен шаршап ек,

Өзімізге қалайтұғын нәрсені,

Тілейікші өзгеге де болса деп.

Ұлттың қамын жүректермен ұғынып,

Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып,

Қаратайық Қыбылаға жүздерді,

Таратайық адамзатқа жылылық!

5 мин

Үй тапсырмасы.

«Теректің асқақтығы» өсиет әңгіме. 46-48 бет

2 мин

Сабақтың соңындағы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жай дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл -күйіміз көтерілді. Ісіміз де сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта жақсы көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзінде асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сойлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Енді жайлап көздеріңізді ашуға болады. »

Рахмет .Сау болыңыздар!


3 мин




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал