7


  • Учителю
  • План по казахской литературе на тему Мұқағали Мақатаев (9 класс)

План по казахской литературе на тему Мұқағали Мақатаев (9 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары

Пәні: қазақ әдебиеті Күні:

Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірімен және шығармашылығымен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушыларды өздігінен іздену арқылы деректермен жұмыс істеуге баулу және қазақша сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелік: Өнер адамдарын, өнерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, пікір - талас, іздендіру

Сабақтың көрнекілігі: Ақынның портреті, шығармалар жинағы, үлестірмелі карточкалар

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, орыс тілі



Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру:

- Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету

(сыныпты сабаққа әзірлеу);

- Сәлемдесу,түгендеу,сынып тазалығына көңіл бөлу;

- Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау;

- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

- Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру;

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

- Үй тапсырмасының орындалу деңгейі мен сапасын тексеру;

- Кемшіліктер мен қателіктерді анықтау;

</ - Қатемен жұмыс;

Тест алу, жаттау сұрау.

3. Өткен сабақпен жаңа сабақты сабақтастыру:

- Өткен сабаққа шолу

- Өткен тақырыппен жаңа тақырыпты байланыстыру

- Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын оқыту.

4. Жаңа сабақты түсіндіру:

Міндеттері: Жаңа сөздерді, жаңа материалды таныстыру, меңгерту.

Мақатаев 1931жылы 9 ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданы Қарасаз ауылында туған. Балалардың үлкені - Мұқағали еді. Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына өтті. Әкесі Сүлеймен соғыста қаза тауып, анасы Нағиман мен әжесі Тиынның тәрбиесінде өсті. Ол 10-11 жастан бастап өлең шығара бастайды.

Әйелі - Лашын Әзімжанова. Тұңғыш қызы - Ләззат 1949 жылдың желтоқсанында дүниеге келіп, сәуірде суық тиіп қайтыс болған. Екінші қызы - Майгүл 1951 жылы мамырда дүниеге келген, 1962 жылы Алматыға көшіп келгеннен кейін машина апатынан қайтыс болады. Бұл қаза ақынға қатты соққы болады. Майгүлге арналған өлеңдер циклі баршылық. Қалған балалары - Жұлдыз, Айбар, Алмагүл, Шолпан.

Мұқағали орыс, неміс тілдерін жақсы білген.

1948-1949 жылдары ҚазМУ-дың филология факультетінде оқыған. К.Маркс атындағы кеңшарда (қазіргі «Текес») ауылдық кеңес хатшысы, мектепте мұғалім болды.

1952-1962 жылдары Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 1970 жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданып, 1973-1974 жылы Мәскеудегі әдебиет және өнер институтында оқыды.

Ақынның тұңғыш өлеңдері «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай», «Інімнің ойы», «Шебер». Өлеңдегі ұстазы - Қ.Аманжолов. Ақынның тұңғыш кітабы - «Ильич», ал кейінгі шығармалары «Ақ қайың әні», «Ару-ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандастар», "Чили - шуағым менің», «Шекарада», «Большевиктер», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Отаным, саған айтам», «Райымбек! Райымбек!», «Қашқын», «Моцарт.Жан азасы» атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирикалық өлеңдері бар. Мұқағали - ақын, жазушы, драматург. Ақиық ақын 1976 жылы 27-інші наурызда 45 жасында Алматы қаласында қайтыс болды.

5. Жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру кезеңі:

Міндеті: Жаңа материалды оқушының қаншалықты меңгергенін тексеру.

-М.Мақатаев кім?

-Қашан,қай жерде дүниеге келген?

-Әкесінің аты?

-Анасының аты?

-Атақты жайлаудың аты?

-Ақынның балалық шағы жайлы әңгімеле?

-Ақын өлеңдерін ата?

-Ақын поэмаларын ата?

-Қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер?

6. Жаңа материалды бекіту кезеңі:

Міндеті: Жаңа материалды ауызекі және жазба тілде қолдана алу біліктілігін қалыптастыру.

З.Серікқалиев:

«Мұқағали мұрасы,маржан поэзиясы-болашақ ұрпақтардың да еншісі,қастерлеп-қадірлейтін қазынасы»

Ә.Кекілбаев:

«М.Мақатаев-адамдар арасындағы, өмірдегі,

табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы.

Оның өлеңдері туған ауылының табиғатына, достарына, әжесіне, жарына, балаларына, махаббатына арналған»

Жаңа сабақты қорытындылау:

Міндеті: Сабақтың тәрбиелік мақсатын ашу; жаңа материал бойынша ойын қорытып - Мұқағали Мақатаев кім?

- Мұқағали Мақатаев ең бірінші ақын дейміз, сосын драматург, сатирик, публицист, жазушы, аудармашы, ұстаз, журналист деп атап өтеміз.

- М.Мақатаев қай жылы, қайда туған?

- Ол әкесінен неше жасында жетім қалды?

- Оның қандай өлеңдерін білесің?

- Қай жылы мемлекеттік сыйлықты алды және қандай кітабы үшін?

- 2000 жылы15 желтоқсанда мемлекеттік сыйлық берілді және «Аманат» кітабы үшін.

Махаббат диалогы.

- Құс боп ұшып кетсем не етер едің?

- Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.

- Отқа түсіп өрттенсем не етер едің?

- Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.

- Бұлдырасам сағымдай не етер едің?

- Жел боп қуып соңыңнан жетер едім!

- Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?

- Қойшы сәулем бәрін де көтеремін!

8. Үй тапсырмасы:

Міндеттері: оқушыларға үй тапсырмасының мақсатын, мазмұнын, орындау тәсілдерін түсіндіру.

М. Мақатаевтың өмірін оқу, өлеңдерін жаттап келу.

9. Сабақты бағалау кезеңі:

Міндеті: өзара бақылау, жеке оқушының және сыныптың жұмысы мен қабілеттілігіне сапалы баға беру (ынталандыру, мадақтау, ескерту).

10. Рефлексия кезеңі: оқушының көңіл-күйін, іс-әрекетін,оқушылар мен мұғалімнің өзара рефлексиясына жағдай жасау.



























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал