7


Ақсақ құлан, Жошы хан

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№65 ЖББ ОМ КММ

Өмірсерік Манар Нұрланқызы

Сыныбы: 5

Пәні: Әдебиет

Тақырыбы: Ақсақ құлан, Жошы хан

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: аңыз-әңгімелер туралы оқушыларға түсінік беру, Жошы хан

туралы мәлімет айту

Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру, ізденіске баулу. Тәрбиелік: көркем әдебиетті сүйіп оқуға тәрбиелеу, жамандықтан аулақ

болып, адамгершілік тәрбие беру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Жошы ханның суреті.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) сәлемдесу

ә) түгендеу

б) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Асанқайғының жерұйықты іздеуін» мазмұндау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Аңыз кейіпкері Жошы хан - тарихта болған адам, атақты жаһангер Шыңғыс ханның үлкен ұлы. Аң аулауға шыққанда Жошының ұлын құлан шайнап өлтіреді. Мұндай аңыздың болғандығын тарих растайды.

Ханға баласының қаралы хабарын жеткізуші адамның жазасы - өлім. Баламды естірткен адамның құлағына қорғасын құямын деп жарлық қылады. Қара халықты өлім жазасынан құтқару үшін, домбырашы күй тарту арқылы ханға жеткізеді. Осы естіртуден кейін хан домбырашыға тиіспей, оның домбырасына қорғасын құйған екен дейді.

ІV. Бекіту.

Бұрыннан таныс емес сөздерді сөздік дәптерлеріне жазғызу. Мағыналарын ашу.

Қазақ аңыздары - тарихта болған адамдардың айтқан сөздері, істеген игі әрекеттері біреуден-біреуге айтыла-айтыла аңызға айналып кеткен.

- Сұрақтарға жауап беріңдер:

1.Жошы хан деген кім?

2.Жошы ханның әрекеті туралы сендер не дейсіңдер?

3.Әке қайғысын қалай сезінесіңдер?

4.Домбырашы не үшін ханға күй арқылы естіртті деп ойлайсыңдар?

5.Осы аңыз туралы кино немесе мультфильм көргендерің бар ма?

6.Онда бұл аңыз қалай сипатталады?

- Өздеріңді халықтың, домбырашының орнына қойып көріңдер. Осы жайсыз хабарды сендер қалай естіртер едіңдер? «Жошы ханның баласының өлімін естірту» деген тақырыпта естірту-өлең шығарып көріңдер.

  • Кейс технологиясы арқылы жұмыс жүргізу:

Оқушылар топтарға бөлініп, өз ішінен төмендегідей рөлдерді бөліп алады.

Баяндаушы: оқиғаның мазмұнын толық айтып, түсіндіреді.

Қарсы сұрақ қоюшы: осы шығармамен келіспейтіндігін айтып, шығармадағы келеңсіз жағдайдар туралы ой өрбітеді. (Жошы ханның қатігездігі, т.б.)

Дәлелдеуші: қарсы сұрақ қоюшының сұрақтарына нақты дәлел тауып айтуға тырысады.

Сараптаушы: екі жақтың қорытынды шешімін айтып, дұрыс, бұрысын сараптайды.

V.Үйге тапсырма беру.

«Ақсақ құлан, Жошы хан» мазмұндау. Жырдан үзінді жаттау. 94-бет.

VІ. Оқушы білімін бағалау.

Оқушыларды үй тапсырмасын орындауы және сабаққа қатысуы бойынша бағалау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал