7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку 'Мұқағали Мақатаев 'Қара өлең (6 сынып)

Урок по казахскому языку 'Мұқағали Мақатаев 'Қара өлең (6 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы:

Мұқағали Мақатаев «Қара өлең» шығармасы

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік; ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы түсінік бере отырып, «Қара өлең» өлеңін оқыту.

Ә) дамытушылық; оқушылардың мәнерлеп оқу, түсінік айту, ойын нақты жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.

Б) тәрбиелік; сезім мен қасиетке толы қара өлең құдіретін тани білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: интерактивті әдіс.

Көрнекілік: ақын портреті, өлең жинақтары, слайд,

электрондық оқулық.

Сабақтың жоспары:

1. Кіріспе.

2. Дәптермен жұмыс (хронологиялық кесте).

3. «Абай және Мұқағали» (слайдпен жұмыс).

4. Ақынның әр жылдарда шыққан жинақтармен танысу

(көрнекілікпен жұмыс).

5. Дамыту кезеңі (электрондық оқулықпен жұмыс).

6. Оқулықпен жұмыс.

7. «Әнге айналған жырлар».

8. Қорытынды. «Мұқағали» топтастыру.

9. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі


ІІ. Жаңа білімді меңгеру:

Мұқағали Мақатаев «Қара өлең»

Кіріспе: Құрметті оқушылар, біз бүгін сендермен қазақ халқының ақиық ақыны, біртуар ерекше дарын иесі Мұқағали Мақатаев жайлы және оның өшпес мұрасы саналатын шығармашылығымен таныс боламыз.

Мен қалай ақынмын деп айта аламын,

Халқымның өз айтқанын қайталадым.

Күпі киген қазақтың қара өлеңін

Шекпен жауып өзіне қайтарамын, - деп жырлап өткен ақын артына өшпес мұра қалдырып кетті.

Мұқағали Мақатаев кім? Осы сұрақтың жауабын іздеп көрейік, Ақынның өз күнделігінен алынған мына бір сөздерге назар аударып көрейік;

«...мен өзім жаайлы мынаны айтам; Мен ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын. Бәлкім одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да...»

Міне, ақынның осы сөздеріне қарап, оның өскелең ұрпаққа деген өзіндік көзқарасын анық көре аламыз.

Ақын өлеңдері түүрлі тақырыптарға арналған. Оның өлеңдерін оқыған адам оның тіл шеберлігіне қызығуы сөзсіз. Сондай адамдардың бірі Әбділдә Тәжібаев ағамыз ақынға былайша көзқарас танытады:

«Ғажайып даналықтың бір көзі - Мұқағали поэзиясы. Бізде енді поэзия дәуірі басталады»

Осы іспеттес пікір танытқан атақты ақын Тұманбай Молдағалиев былай дейді:

«Мұқағали Мақатаев - адамдар арасындағы , өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жаршысы. Оның өлеңдері шын тебіреністен , шын шабыттан , шын күйзелістен, шын қуаныштан, шын сағыныштан туған».

Енді ақынның өмір жолымен танысайық

Дәптермен жұмыс: ақын жайлы хронологиялық кесте толтыру.


Хронологиялық кесте

Жылдар

Оқиғалар

1931 жыл

13 ақпан

М.Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келді.

1948 жыл

Ауыл мектебін үздік бітіріп, еш қиындықсыз Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультетіне түседі.

1949 жыл

«Советтік искра» газетінің редакциясында жұмыс істейді.

1950 жыл

Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне түседі.

1976 жыл

27-наурыз

Ақиық ақын денсаулығының нашарлауынан қайтыс болды.


Абай және Мұқағали

А.Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» деп баға берген ұлы Абайды Мұқағали да пір тұтқан. Мұның айғағы ретінде ақынның мына бір өлең жолдрына назар салайық:

Қуат алып Абайдың тіл күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге

Абай болып түңілем бір кісіден.

Өлмеу үшін, құлқынды жемдеу үшін,

Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін.

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін, - дейді.

Сөз құдіретін, сөз сарасын ақындық сезімімен қабылдап, өзі қазақ поэзиясында Абай салған соны соқпақ жолды жалғастырған Мұқағали Мақатаев қазақтың қара өлеңін ой ме сезімге байытып, оның құдіреттілігін таныта білді. Қазақтың қарапайым қара өлеңінің құпиясын ашу тау тұлғалы ақынның табиғи талантының құдіретінен болса керек.

Енді ақынның әр жылдарда жарық көрген жинақтарымен таныс болайық.

Ақынның әр жылдарда шыққан жинақтары

1964 жыл - «Ильич» атты тұңғыш жинағы шықты.

1966 жыл - «Армысыңдар, достарым»

1967 жыл - «Қарлығашым келдің бе?»

1969 жыл - «Мавр»

1974 жыл - «Аққулар ұйықтағанда»

1975 жыл - «Шуағым менің»

1976 жыл - «Өмірдастан»

Дамыту кезеңі: Мультимедиялық проектордың көмегімен электрондық оқулықтан ақынның «Қара өлең» өлеңін тыңдату. Өлеңнің мазмұнынан не түсінгендіктерін сұрау.

Оқулықпен жұмыс: Оқушыларға кезекпен тізбектей ақын өлеңін оқытып шығу. Оқу мәнеріне бақылау жүргізу. Өлеңнің құрылысына талдау жүргізу.

А-қын-мын деп // мен қа-лай // ай-та а-ла-мын, 12а

Хал-қым-ның // өз айт-қа-нын // қай-та-ла-дым. 11а

Кү-пі ки-ген // қа-зақ-тың // қа-ра ө-ле-ңін 12ә

Шек-пен жа-уып // ө-зі-не // қай-та-ра-мын. 11а

Бұл өлең төрт шумақтан, әр шумақ төрт тармақтан, тармақтар үш бунақ, он екі, он бір буыннан құрылған қара өлең ұйқасында жазылған.

Сонымен қатар ақын өлеңдері қазіргі кезде ел арасында эстрада жұлдыздарының орындауында ән болып самғап келеді. Атап айтар болсақ, «Аңса жаным», «Сенің көзің», «Сарыжайлау», «Жас қайың», «Көнеміз ғой», «Отыздан асып барамын», «Есіңе мені алғайсың» т.б. Соның бірі «Есіңе мені алғайсың» әнін орындап беруге рұқсат етіңдер(баянның сүйемелдеуімен орындау).


Қорытынды: Қорыта айтқанда Әкім Тарази ағамыз айтпақшы , «Қазақ даласының ең биігі - Нарынқол, ал қазақ поэзиясының Хантәңірі - Мұқағали» өзінің небары 45 жыл өмірінде қазақ әдебиеті тарихына өшпестей мұра қалдырып кетті. Ақын сөзімен айтар болсақ:

Жылап келіп, келмейді жылап кетім,

Ол ғұмырды келеді бір-ақ тепкім.

Жамандықты жақсартып, жақсылықты

Одан сайын келеді қуатты еткім.

Жылап келіп, келмейді жылап кеткім.


Жеңілді әкем өмрден, жеңілді анам,

Кейімеңдер, сендердің кегіңді алам.

Ғашықпын мен өмірге құшам оны

Көнсін мейлі көнбесін өмір маған.

Алайда өмірге ғашық ақын жарты ғасырға жуық өмір сүрді. Ол өмірден өткенімен артында өлмес өміршең өлеңдері қалды. «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,-деп ұлы Абай айқандай Мұқағали мәңгі жасай бермек. Поэзия Хантәңіріне айналған ақын Мұқағали аға ел есінде, жұртының тыныштығында халқымен қанаттанып, Қарасазымен санатталып мәңгі жасайды.

«Мұқағали» топтастыру







Үйге тапсырма:

  1. М.Мақатаев туралы деректер оқып келу.

  2. «Қара өлең» өлеңін жаттау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал