7


  • Учителю
  • Ашық сабақ: «Өнімдерге денсаулық сақтау органдары бекітетін талаптар. Қоршаған орта және ауылшаруашылығы »

Ашық сабақ: «Өнімдерге денсаулық сақтау органдары бекітетін талаптар. Қоршаған орта және ауылшаруашылығы »

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Көпсалалы «Ұгағат Қызылорда» колледжі





Келісемін:

Бекітемін:

Колледж әдіскері Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

______Альмердинова Ұ.М. ______Рахымжан А.Б.

«2» желтоқсан 2015жыл «2»желтоқсан 2015жыл











Ашық сабақ

жоспары

Тақырыбы: «Өнімдерге денсаулық сақтау органдары бекітетін талаптар.

Қоршаған орта және ауылшаруашылығы »

Пәні: «Тауартану»

Мамандық: 1503000 «Маркетинг»

Оқу тобы: М-21

Оқытушы: Мұсаева Қайыркүл Мұсақызы











Қаралды:

«Экономикалық-техникалық және арнайы» пәндер бірлестігінде

Хаттама №__ «__» ____ 2015жыл

Бірлестік төрайымы: ______Абдимомынова М.Ш.























Қызылорда 2015жы

Сабақ жоспары № 22

Мамандығы: 1503000 «Маркетинг»

Пән : «Тауартану»

Оқу тобы: М-21

Өткізілу уақыты: 8 желтоқсан 2015жыл

Өткізілетін орын: № 11 дәрісхана

Сабақтың тақырыбы: «Өнімдерге денсаулық сақтау органдары бекітетін талаптар. Қоршаған орта және ауылшаруашылығы »

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларды өмір сүру үшін ең қажетті тіршілік тірегі болатын негізгі ұғымдар туралы ой толғап, өзіндік пікірлерін тұжырымдадауға баулу, нормативтік құжаттармен жұмыс жасауға үйрету.

б) Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін дамыту. қосымша деректер арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорларын байыту, шығармашылық ізденіске бағыт беру.Олардың білімін жетілдіру, ой -өрісін, қиялын дамыту.

в) Тәрбиелік: Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, оларды шапшаңдылыққа, ынтымақшылдыққа, батылдыққа тәрбиелеу.Қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, оған үлес қосуға және жанашырлық танытуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білім мен білік дағдыларын қалыптастыру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдісі-тәсілдері: Ақпараттық, проблемалық., бинарлық, иллюстрациялық, сұрақ-жауап, баяндау, дискуссия, нұсқаушылық, жартылай ізденушілік, лекция, ойын, эврикалық, инсерт, онлайн әдістері т.б.

Көрнекіліктері: Флипчарт, презентация, нормативтік құжаттар, слайдтар, тірек сызбалар т.б

Техникалық көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютерлік техникалық құралдыр, мультимедия.

Пәнаралық байланыс: «Тауартану», «Стандарттау және сертификаттау», «Саланы ұйымдастыру», «Психология»

Күтілетін нәтеже: Оқушылар сапа талаптарын меңгеріп, сапаның адам өміріндегі мәнін түсіне отырып, оны сауда орындарында анықтауды, нормативтік құжаттармен жұмыс жасауды және пәнге деген қызығушылығын арттыру.



Сабақ өткізу барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі оқушылардың назарын сабаққа аудару - 2мин

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру - 15 мин

Үй тапсырмасын пысықтау үшін ойын «Не? Қашан? Қайда?» сұрақтары:

1.Сертификаттау дегеніміз не?

2.Сертификаттаудың жалпы талаптары қандай?

3.Тауарларды сертификаттаудың басты мақсаты неде?

4.Сыртқы сауда қызметін реттеу дегенді қалай түсінеміз?

5. Сыртқы сауда қызметін реттеудің тарифтік емес шаралар түрлері

6.Сертификаттауда басшылыққа алынады?

7.Сертификаттаудың түрлері және оның сипаттамасы қандай?

8.Сертификаттау объектісіне не жатады ?

9.Қай жылы "Стандарттау және сертификаттау" заңы бекітілді?

10.Сәйкестік белгісі қай уақытта қойлады?

11.Міндетті сертификаттау дегеніміз

12.Сертификаттаудың мақсаты қандай



ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы: «Өнімдерге денсаулық сақтау органдары бекітетін талаптар. Қоршаған орта және ауылшаруашылығы »

Оқытушының түсіндірмесі бойынша қаралатын сұрақтар : - 45-50 мин



  1. Өнімдерге денсаулық сақтау органдары белгілеген талаптардың нормативтік- құқтық негіздемелері.

  2. Өнімдерге денсаулық сақтау органдары бекіткен талаптардың қажеттілігі мен оның мемлекет тарапынан реттелуі.

  3. Қоршаған орта және ауылшаруашылығы.



1. Қазақстанда қалыптасқан нарықтық қатынастар жүйесі ел экономикасын әрі қарай дамуы тәуелді болып табылатын бірқатар жалпы мемлекеттік мәселелерді шешу қажеттігін туындатты. Бұл мәселелер кешенінің арасында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді атауға болады. Талдаулар көрсетіп отырғандай соңғы бес жыл ішінде Қазақстанда елдің экономикалық потенциалын айтарлықтай төмендететін және азық-түлік қауіпсіздігіне зиянын тигізетін жағымсыз сипаттағы тенденциялар байқалды.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету - өзінің ішкі және сыртқы саясаттарын жүргізуі кезінде кез-келген ел соқтығысуы мүмкін стратегиялық мәселе. Елдің тұрақты дамуы туралы ешқандай сөз болуы мүмкін емес, егер ол ел өз халқын негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың толыққұнды және жеткілікті деңгейімен қамтамасыз ете алмайтын және өзінің жеке сыртқы саясатын жүргізе алмайтын болса. Сонымен қатар, ел ішіндегі азық-түлік нарығы импортқа тәуелді болса.

Кез-келген мемлекет экономикалық дамудың белгілі бір кезеңінде өсу нүктесі болып табылатын саланы анықтайды. Сондай салалардың бірі Қазақстан-2030 стратегиясында көрсетілген тамақ өнеркәсібі болып табылады. Біз кіші шикізатқа бағдарланған ел болып қалмас үшін жеңіл және тамақ өнеркәсібін, мұнай және газ өңдеу инфрақұрылымдарын, химия және мұнай, химия, машина жасаудың жеке салаларын, соңғы ғылымсиымды өндірістерді, туризм мен қызмет көрсету сфераларын өте тез қарқынмен дамытуымыз керек.

Тамақ өнеркәсібі елдің экономика жүйесінде құқық бойынша стратегиялық маңызы зор салалар қатарына жатады. Өйткені ауылшаруашылық саласында тамақ өнімдерінің нарығы қалыптастырылады және азық-түліктің стратегиялық запастары құралады. Тамақ өнеркәсібінің даму деңгейі соңғы жылдары отандық тамақ өнімдерін шығару көлемінің қысқаруымен және азық-түлік импортының артуымен байланысты тоқтап қалған елдің азық-түлік қауіпсіздігінің басты индикатыры болып табылады.

2.Соңғы кездері сырттан келетін көптеген азық-түлік тауарларына қатаң тыйым салынды. Халықтың денсаулығын қамтамасыз етуде «Қазақстан - 2030» стратегиясының ұзақ мерзімді ерекшеліктерінің бірі болып табылатын тамақ өнеркәсібіне маңызды рөл жүктелген. Адам денсаулығына ең қажеттісі бәрінен бұрын дұрыс тамақтану сапалы азық-түліктерден тұратын отанымыздың азық-түлік өнеркәсібі салтымызға сай сапалы адам денсаулығына зиянсыз тауарлар шығару, синтетикалық бояуларсыз, жағымсыз иістер, химиялық заттары жоқ тауарлар шығару бойынша жақсы дәстүрлерге ие. Басты мәселе азық түлік дайындайтын өндірістерде. Дамуымыз бен нығаюымыздың бірінші факторы, бұл өзіміздің мемлекеттен шыққан тауарлар. Мұның басты мәселесі (өзімізден шыққан табиғи) ешқандай синтетикалық азық-түлік тауарлар бұның бәрі шетел компаниялары мен еліміздің инвесторларында компанияларының табиғи азық-түліктерді дамыған технологиялар арқылы өндіріп шығару.

Азық-түліктердің экономикалық жоспарлы көлемі еліміздің ережеге сай болуы керек.

Нарықтық экономикады азық-түлік тауарлардың қауіпсіздігі олардың бағасы және тұрғындардың көңілдерінен шығуы.

Реформалау кезеңіне дейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету тамақ өнімдерін дайындаушылардың көрсететін басты талаптары болғандығын айта кету керек. Бұл дәстүрдің дамуы мен нығаюы отандық өнімдердің бәсекегеқабілеттілігінің негізгі факторына айналуы керек.

Тамақ өнімдерінің жоғары сапалығы мен қауіпсіздігі мәселелері импортталатын тауарлардың сапасын бақылауды күшейту қажеттігімен байланысты ерекше өткірлене түсті. Бұл мәселенің маңызды бөлігі шетел компаниялары мен жекешелендірілген бірқатар кәсіпорындарда табиғи шикізаттарды ауыстырғыштарды және синтетикалық қоспаларды пайдалануымен байланысты көрініс тапты.

Тамақ өнімдері өндірісі көлемінің төмендеуі жоспарлы экономиканың салдарымен де, нарықтық экономиканы реформалау қателіктерімен де байланысты болып отыр.

Нарықтық эконмика жағдайында тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі қатарында төмен табысты халық категориялары үшін олардың бағаларының да қол жетімді болуы маңызды болып табылады. Ел тұрғындарының тұрмыс деңгейі тамақ рационына тікелей әсер етеді, өйткені олар азық-түлік тұтынудың ерекшеліктерін қалыптастырады. Елдің азық-түлік қауіпсіздігінің жағдайы тамақ сапасы мен нақты тұтынуына, отандық өндірістердің жеткіліктілігіне, халықтың жоғары табысына, импорттық тауарлар көлемінің аз болуына және жеткізудің сенімділігіне және т.б. тікелей байланысты.

3.Ауылшаруашылығының негізгі мақсаты - адам денсаулығына қауіпсіз тамақ өнімдерін қажетті көлемде, жеткілікті ассортиментте өндіру болып табылады. Қазақстан нарығында шетел өндірісінің тамақ өнімдерінің көптеген түрлері сатылады. Ол тамақ өнімдері өндірісте қолдануға және дамыған Еуропалық елдерде өткізілуге тыйым салынған компаненттерден тұрады. Азық-түліктің отандық нарығында шетелдіктер позициясының нығаюымен байланысты Қазақстан сапасыз және мерзімі өткен өнімдерді өткізу аймағына айналды. Сапасыз өнім әртүрлі аллергиялық, анкологиялық аурулардың пайда болуына әкеліп соғуда.

Сапасы төмен өнімдерден аллергиялық әртүрлі химиялық заттарды табуға болады. Тек, Павлодар облысындағы тексерісте нандардың арасынан Қытайдың Э центнерден асатын жоғары дәрежелі улы ашытқы табылған, құрамындағы қосылатын дәрежесіне 10-50 ел артық қосып жіберген. Оңтүстік астанда 4,4 т азық-түлік қайтарылды. Піспеген тамақтардың әсерінен көптеген қала тұрғындары медициналық көмекке жүктелетін болатын. Санитарлық қызметкерлердің берген мағлұматына сүйенсек Оңтүстік астаның тұрғындары дүкендердің, бутиктарда сатылған пирожкилардың, манты, қуырылған ет т.б азық-түліктерден 2 мың адам уланған, санитарлық қызметкерлердің айтуынша 90 пайыз азық-түліктің гигиеналық тарлығы сақталамайды деген болжам айтты, мұның бәрі тұрғындардың денсаулығына зиянын тигізеді.

Төлемисова өзінің: «26 пайыз балалардың азықтары халықтардың нормаға сай емес, әрбір екінші болған жағдай аллергиялық ауруға әкеледі, 42 пайызы қатерлі ісік т.б дұшар етеді. Қазақстан мемлекеті азық-түлікке деген бақылауы төмен мөлшерде сапасыз тауарлар келуде».

Ішкі нарықтың импорт тауарларымен тез толығуы азық-түлікке қол жетімділікті тездетті және сонымен қатар отандық агроөнеркәсіптік өндірістің тоқтап қалуының негізгі факторына айналды.

Азық-түлік ассортименті кең дамыған елдерден бізге арзан немесе сапасы төмен тауарлар келіп түседі. Олар біздің нарққа еніп арзан бағада сатылады. Импорттық өнімдердің көптеп келіп түсуі, ауылшаруашылық өнімдерінің сапасына бақылаудың жоқтығы қатты байқалуда. Республиканың көптеген аймақтарының тұрғындары бақыланбаған тамақ өнімдері нарығына кезігуде. Сауда саттыққа сапасыз, арзан өнімдердің көптеп түсуі жаппай инфекциялық, аллергиялық аурулардың өршуіне әкеліп соғуда.

Бұл мәселеге Ресей халқының ғалымдары да қатты қобалжулы. Соңғы 10 жылда елде негізгі ауылшаруашылық өнім түрлерін өндіру қысқарып кетті. В. Плотниковтың дәлелдеуінше шет елдің ет және ет өнімдерін әкелу 3,5 есе артып кетті, ал сүт өнімдері, күнбағыс майы, бидай өнімдері, қант т.б. көптеп әкелінуде. Әр жыл сайын импорт бойынша нарықта сапасы төмен азық-түліктер көбеюде.

Сонымен қатар, сапасыз өнімдерді пайдаланудан халық ауруларының деңгейінің көтеріліп бара жатқандығы туралы белгілер көптеп түсуде. Бұл, әсіресе Англия мен Еуропада және басқа мемлекеттерде «сиыр құтырмасы» атты ауруларының жаппай таралуымен байланысты түсінікті болды.

Сапасы төмен азық-түліктерден пайда болған бұл ауруларға байланысты Еурокомиссия шешіміне сәйкес Еуропа елдерінде 2 млн. басқа жуық ірі қара мал жойылды, оның 400 мыңы Германияда қырылып жатыр.

Соңғы уақытта «құс тұмауы» аурулары таралуда, бірақ оның адамның ішкі құрылысына зияны беймәлім. Тамақ өнімдерін тұтыну тақырыбын зерттей отырып А. Гордеев елдің өнім импортына тәуелді екендігіне көңіл аударды. «Жан басына шаққандағы витаминдік өнімдерді пайдалануда жеміс, бақша дақылдары сияқты өнімдерді пайдалануда жағымсыз тенденциялар байқалады». А.Гордеевтің айтуынша «Дәрумендер көкөністер елінде өткен жылы75 кгқұрса, одан кейін98 кг(80 пайыз) 1985 жылы».

Қазақстандық ғалымдар шетелдерден әкелінетін тауарлардың сапасының төмендігінің бірнеше себебін ажыратып көрсетеді. Біріншіден, бұл республиканың ауылшаруашылығының дағдарысымен байланысты. Екіншіден, сапасы бақыланбаған тамақ өнімдерінің жаппай импортталуымен байланысты. Үшіншіден, шенеуніктердің сапасыз өнімдердің импортталуына қолайлы жағдай жасауына байланысты. Төртіншіден, Қазақстанға өнім әкелетін импортер- елдердің өндіруші фирмаларының дотацияларының қысқару процесі үлкен әсер етіп отыр. Бұл өз кезегінде олардың сапасыз шикізатты пайдалануына, соның нәтижесінде Қазақстан халқының денсаулығына қауіп төндіретін өнімдердің әкелінуіне әкеліп соғады.

Елдің азық-түлік қауіпсіздігінің негізін ең бірінші агроөнекәсіптік кешеннің тұрақты әрекет етуі қалыптастырады. Сондықтан да оның негізін қалаушы рөлін сонымен қатар оны тұрақтандыруда және әрі қарай дамытуда мемлекеттік қолдаудың қажеттігін ескеру керек. Азық-түлікпен қамтамасыз ету қоғам дамуының ең маңызды жағы, сондықтан оны жеке қолға толығымен бере салуға болмайды, ал мемлекеттік қолдау көпаспектілі сипатты иемденуі мүмкін. Сонымен қатар өндірісті инвестициялау сферасын да дамыту керек. Реформалау жылдары ауылшаруашылығына инвестиция құю мүлдем тоқтап қалды.

Қазақстан Республикасы экономикасының сыртқы нарықтарға интеграция-лануы жағдайында отандық өндірістердің бәсекеге қабілетіліктерін көтеру аса маңызды мәселе балып табылады. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды фактор ауылшаруашылық шикізаттары мен азық-түлігінің мемлекеттің резервтік қорын қалыптастыру болып табылады. Қордың тізімі мен көлемі Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі және негізгі тауар өндірісі орындарында келісімге отыру негізінде қалыптасады. Сонымен қатар, азық-түлік қауіпсіздігінің негізін белсенді мемлекетік саясат жүргізу негізінде ғана қалыптастыру мүмкін болады.

Қазақстанның ғалымдары әртүрлі себептермен азық-түлік сапасы төмен екеннін дәлелдейді. Біріншіден бұл республикадағы ауыл шаруашылығының кризисі, еліміздегі шығарылатын тауарлар күдіктілікпен төмен бағада сатылуда. Екіншіден мемлекетіміздегі азық-түлік өнімдерін қатаң бақылауға алған. Үшіншіден шет елден келген тауарларға қатаң тәртіп қойылған.

ҚР экономикасындағы ішкі нарықты ерекше қажет жоғарғы сортты елімізге шығарылған тағамдармен тауарларды халыққа көптеп ұсынбақ. ҚР фонд тізімі бойынша келісім шартқа тауарлы өндірістермен жұмыс жасау. Біздің пікірімізше мына себептер қажет:

Біріншіден - егер мемлекет өзінің азық-түлікпен қамтамасыз ете алмаса, ол басқа елдермен саяси экономикалық мәдени тұрғыдан әлсірейді. Бұл жұмыстардың бәрі тауарды шектеуге, елге алып келуге гуманитарлық қызмет көрсетуде бас тартуға итереді.

Екіншіден - бұл мемлекет сыртқы сауда мен жұмыс істеп, отандық кәсіп орындары шектесе, онда өз мемлекеттерінде жұмыссыздық басым болады. Егер мемлекет ауыл-шаруашылығына тауар алатын болса, ол өз елімізге пайдасын тигізеді. Сатып алушы өзінің тауарын сапасын арзан бәсекеге қабілетті болуын қамтиды. Айырбас кезінде адамдар көп ұтылуы мүмкін. Орта және ішкі ұйымдарды әмбебап сауалдарының болмауынан оларды бастау немесе қамтамасыз ету дұрыс болмағандықтан аграрлық секторлардың жұмысқа деген қабілеті нашарлайды.

Үшіншіден - ең басты себеп Қазақстанда - бұл ең үлкен табиғи пайдалы қазбалар (барлық түсінік Менделеев кестесінде) өмірдің шамалы сараптамасы өндірістермен тікелей байланыста. Көптеген практикалық дәлелдер өзін-өзі қамтамасыз ету тауарлардың ұлттық қауіпсіздігі Қазақстанда қаралған.

Төртіншіден - Қазақстан үлкен зор энергетикалық тартылыс күшіне ие. Аграрлық сектор мемлекеттік экономикасының ең басты бөлігі. Соңғы жылдары аграрлық комплекспен ауыл-шаруашылық динамикасын энергиясын көздерін нығайту.

Бесіншіден - табиғат жер шарында үлкен зор антропогендік күш. Қазақстан - көп елдердің бірі емес, физикалық жағынан экологиясы таза дүркін - дүркін мемлекеттің бірі.

Шынайы ресурстық шектеулер жағыдайында адамзат энергия көздері мен шикізат материалдарының дәстүрлі де, дәстүрлі емес те түрлерін қолдануға, сондай-ақ табиғи ғана емес техногенді ресурстарды - өнеркәсіптік, құрлыс және ауылшаруашылық өндірістерінің қалдықтарын да қолдануға тырысады.

ІV. Бекіту Тест тапсырмаларын шешу - 7-10мин.

1. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау күні?

1. 21 ақпан

2. 7 сәуір

3. 5 маусым

2. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамассыз етуге жатады ?

1.Тамақ өнеркәсібіне қаржы бөлу

2.Қазақстанның азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

3.Сыртқы сауданы дамы

3. "Стандарттау және сертификаттау" заңы қашан қабылданды?

1. 1991

  1. 1992

  2. 1993

4.Н.Назарбаевтың "100 нақты қадам» 60-қадамында азық түліктің қай түрін дамыту үшін инвестиция тарту туралы айтылды

1. ет

2. сүт

3. бидай

5.Стандарттау саласындағы техникалық реттеудің негізгі мақсаттары

1.Сапасыз тауарларды өндірістен алып тастау

2.Экспорттқа шектеу қою

3. Отандық өнімнін қабілеттілігін арттыру



6."Тұтынушылардың құқығын қорғау" заңы қабылданды?

1. 2000жылы 7мамыр

2.2006жылы 6 маусым

3.2010жылы 4 мамыр

7."Қазақстан-2030" стратегиясында халықтың денсаулығын қамтамассыз ету үшін қай өнеркәсіпке ерекше мән берген:

1.Жеңіл өнеркәсібі

2.Тамақ өнеркәсібі

3. Машина жасау өнеркәсібі

8. Азық -түлік қауіпсіздігінің негізін ең бірінші тұрақты ету қай салаға байланысты:

1. Агроөнеркәсібі

2. Малшаруашылығы

3. Бизнеске

9. Тауарға қойылатын негізгі талаптар:

1.Әлеуметтік,функционалдық,техникалық,экологоя

2.Қаржылық, экономикалық, сәйкестік

3. Мемлекеттік, тұтынушылық, аралас

10. Егер тауардың кемшіліктері салдарынан тұтынушының өміріне, денсаулығына, мүлкіне келтірілетін залал анықталғанда сатушы :

1. Толық көлемде өтеуге;

2. Жартылай белгілі бір мөлшерде;

3. Өтеуге сатушы міндетті емес.

Ой сергіту (мақалдарды толықтыру) - 3-4 мин



Тісі ауырғанның көңілін ..................



Жас жігіттің жарасы

Жол жөнекей ...........



Сақинаны сәнге ...............

Тазалыққа таразы.



Сөз сүт болса ойдағы, мақал оның ............



Балықшы балықшыны ...................

Ішің ауырса аузыңды тый,көзің ауырса ...............



Жат елдің қаршығасынан,

Өз еліңнің .............. артық.

«Әркімнің өз үйі Мысыр .........»

Тоқ адамды ұйқы ........, аш адамнан ұйқы ................



V. Бағалау Белсенді қатысқан студенттерді бағалау- 2мин.

VІ. Үй тапсырмасы Оқулықтан «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне

қойылатын талаптармен» танысу



Пайдаланған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері

2.Замедлена Е.А Тауартану және тауарлар сараптамасы.Оқу құралы.

М: РИО 2005ж

3.Муравина И.Тауартану негіздері.ТВ.п/2007-224б

4.Ғаламтордан khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/13844-sapaly-unim-kashan-da-suranyska-ie</ материалдары

































































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал