7


  • Учителю
  • Сан есім. Дара және күрделі сан есім

Сан есім. Дара және күрделі сан есім

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып: 6 «а»

Пәні:қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:Сан есім.Дара және күрделі сан есім.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік.Сан есім, дара және күрделі

сан есім туралы түсінік.Мәтіннен

дара, күрделі сан есімдерді таба білу.

2. Дамытушылық.Есте сақтау және ойлау қабілетін, дамыту, танымдық қызығушылықтарын арттыру. Сыни ойлау мен жазу арқылы тіл байлықтарын, ойлау ,өз беттерінше жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.3.Тәрбиелік: Топтық, жұптық жұмыс жасау барысында адамгершілік қасиеттерін дамыту, туған жерді сүюге, халықтың киелі сандарға қатысты ұғымдарынан тағылым алуға, инабаттылыққа баулу,уақыттың қадірін біліп,оны орынды жұмсай білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау мен жазуды дамыту стратегиялары /түртіп алу,жұптасып сурет салу стратегиялары, семантикалық карта/,сұрақ-жауап,жеке,жұппен,топпен жұмыс

Пәнаралық байланыс:тарих,әдебиет,сурет,

Сабақтың көрнекілігі:оқушылардың шығармашылық жұмыстары,сандар,үлестірмелі кәртішке,проектр

-Сәлеметсіңдер ме,балалар,отырыңдар!

-Сыныпта кім кезекші?

/Кезекші арқылы түгендеу/

Психологиялық дайындық.

-Балалар, зкранда ненің суреті шықты?

1-слайд - Күннің

- Балалар, күннің шуағын көргенде сендер не сезесіңдер?

- Көңілің көтеріледі. Күнге қуанамыз. Күн бізге жылу береді. Сәулесін төгеді. Күн шыққан кезде жарық болады.

-ОСЫ КҮННІҢ ШУАҒЫ БІЗГЕ ДЕ ТҮСІП ТІЛЕК ЖОЛДАПТЫ.

-СОНДЫҚТАН, бәрің бір-біріңіздің қолдарыңыздан ұстап, тақтада жазылған тілекті оқып шығыңдар.

2-слайд.

Қайырлы күн, достым,

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең «бестік» болсын!

-Бүгінгі сабағымыз ерекше,бізге қонақтар келіпті.

«Келгенше қонақ ұялады,

Келген соң үй иесі ұялады» демекші, біз ұятқа қалмауға тырысайық.Сендердің білімді де,зерек оқушы екендеріңе куә болсын!

-Мен де сендерге сәттілік тілеймін.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

-Ендеше,үй тапсырмасын тексеріп алайық,балалар!

-ҮЙГЕ НЕ БЕРІЛДІ?

Кезекшілер сөйлейді.

-Жақсы.Орындадық па?!

/Оқушылар жауабы/

-Олай болса,алдымен,мен 6-сыныпқа өткен тақырыптан теориялық білімдерін тексеру үшін мынадай үлестірмелі кәртішке бермекшімін.

-Таңдаңыздар! Бұл тапсырманы дәптерге бүгінгі күнді жазып, яғни « қарашаның жиырма сегізі,сынып жұмысы» деп

-Ал,мырзалар,алғаш сөз кезегі өздеріңізде.

/Оқушылар жауабы/

/"Еркін жазу "стратегиясы бойынша үй жұмысы сұралады./Бұл стратегия бойынша «Егер де мен ...» атты тақырыпта тұрақты тіркестерді қатыстырып шағын эссе жазу/

-Өте жақсы. «Арман - адамға қанат бітіреді» деп жатады,болашақта сендерден «ұлағатты ұстаз», «мейірімді дәрігер» «елімізді қорғаушы полицей қызметкері» шығады деп сенемін,оны жазған шығармаларыңнан аңғаруға болады.Және тұрақты тіркестерді дұрыс қолданып,ойларыңды жеткізе білдіңдер.

-Ал,осы тұрақты тіркестер дегеніміз не еді?

Оқушы жауабы

I. Қызығушылықты ояту кезеңі.

-Бүгін осы тұрақты тіркестер сияқты халық даналығының,көрегендігінің ,тіл байлығының алтын қазынасы боп саналатын мақал-мәтелдер туралы сөз болмақшы.Мақал-мәтелді,біз, сендермен әдебиет сабағынан танысқан болатынбыз.

-Олай болса,есімізге түсірейікші мақал-мәтел дегеніміз не?

Оқушы жауабы

II. Мағынаны тану кезеңі.

3-слайд/БББ/

- Біздің болжамымыз оқулықпен сәйкес келе ме екен?

- Оны білу үшін оқулықта берілген «Мақал-мәтел» мәтінін оқып көріп,өздеріне білетіндеріңді, білмейтіндеріңді анықтау жазып,жауаптарыңызды жазбаша орындайсыздар!

мақсатында маркировка кестесімен /БББ/ жұмыс жасайсыңдар.ДӘПТЕРЛЕРІҢДІ АШЫП,БҮГІНГІ КҮНДІ ,ЯҒНИ 28 ҚАРАША СЫНЫП ЖҰМЫСЫ ДЕП ЖАЗЫП,ДӘПТЕРГЕ ОРЫНДАЙСЫЗДАР!

-«МЫҢ ҚОСШЫҒА БІР БАСШЫ».Сондықтан жұмыс тобында топ басшысын сайлап алып,іске кірісіңіздер.Бұл айтылғандар 6-сынып сіздерге «алтын сырға».

2.Үй тапсырмасын тексеру
-Сіздердің жауаптарыңызды тыңдауға кезек ЖЕТТІ. Балалар көркем шығармадан сын есім қатысқан 4 сөйлемнен өздеріңе ұнаған бір сөйлемді оқып,талдап беріп,теориялық сұраққа жауап бересіздер.

- Кім бастайды?Кімнің батылдығы басым екен?

4-СЛАЙД/САНДАР/

I. Қызығушылықты ояту кезеңі. -Балалар,назарларыңды тағы да экранға аударыңдар,нені көріп тұрсыңдар?

7 3 40

9 12 13

-Оқушылар:-Сандарды?

Мұғалім:-Осы сандарға қатысты қандай халықтық ұғымдарды білесіңдер?

1-оқушы:-«Жеті» сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына,жеті күн,жеті жұрт,жеті жоқ,жеті жұт,жеті ғашық сөздері пайда болған.

2-оқушы:14 ғасырда өмірге келген Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» да жеті сөзінің қасиетіне,киелі жағына мән беруден туған болу керек.

3-оқушы:13жас отау иесі.

4-оқушы: «Тоғыз жолдың торабы»

3-оқушы: он екі айға арнайы жәндіктер мен хайуанаттардың аты берілген.

4-оқушы:3 арсыз,3 жұт

1-оқушы:-Иә,өлген адамның жетісін беру,жеті шелпек пісіріп,еске алу және «Жетіге келгенше

жерден таяқ жерсің», «Жеті атасын білмеген жетесіз» сияқты дәстүрлік сөздер мен мақал-мәтелдер бар.

2-оқушы: 40 санына байланысты «Қызға қырық үйден ,ұлға 30 үйден тыю» мақалы бар.

3-оқушы:Халқымыздың қасиет тұтатын -киелі сандар.

Мұғалім:-Дұрыс айтасыңдар,бұлар халқымыздың құрметтейтін сандары.

-«Білгенің бір тоғыз,білмегенің тоқсан тоғыз» демекші, осы сандар туралы білімімізді толықтыру үшін үйге шығармашылық тапсырма : білдіретін ұғымдарын толықтырып «киелі сандар» атты кітапша жасап әкелесіңдер.Орындау уақыты:1 апта.Тапсырма қиын емес пе?

II. Мағынаны тану кезеңі./мақсаты айтылады./

-Ал,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы осы сан есім, дара және күрделі сан есім туралы түсінік болмақ.Сабағымыздың мақсаты дара мен күрделі сан есімдердің ара-жігін ажырата алу. Бірақ бұл тақырыппен бастауыш сыныптан бері таныс болғандықтан,білімдеріңді тексеру мақсатында оқулықта берілген «Сан есім» және «Дара және күрделі сан есім» тақырыбын оқып, «Түртіп алу» /INSERT/стратегиясы бойынша анықтайсыңдар.Келістік пе?

«V» -білемін

«+» -білмеймін

«-»- мен үшін жаңа ақпарат

«?»- мені таң қалдырды

8-слайд /мақал-мәтел туралы/

-Ал,сіздердің жұмыс топтарыңыздан кім сөйлейді?

/Оқушылар жауабы БББ кестесі бойынша тыңдалады/

-Жақсы балалар,жазғандарыңды мұқият тыңдасам,бүгінгі жаңа сабақты білетіндеріңді аңғаруға болады.

-Мен сендерге де үйге шығармашылық тапсырма бергім келіп тұр. «Мақал-мәтелдер» жинағын жасап,оның ішіне ең қызықты, ең қысқа мақал мен мәтелдерДІ КІРІСТІРІҢДЕР!

9-слайд/суреттер/ СУРЕТПЕН ЖҰМЫС

- Мына суреттерге назар аударып, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, қандай мақал -мәтелдер айтуға болатындығын бірлесіп табыңдар.

Оқушылардың «түртіп алу» стратегиясы бойынша жауаптары тыңдалады.

-Сіздердің жұмыс топтарыңыздан кім сөйлейді?

-Рақмет,сіздердің де сан есімді жақсы білетіндеріңізді айтып отырсыздар,

-Сонымен,кейде сан есімдер зат есімсіз-ақ жұмсала береді.Ондайда сан есім әрі заттың санын,мөлшерін білдіріп тұрады.Мысалы,Тоқсаннан әрі кетті,жүзге де асты/Жамбыл/ деген сөйлемде тоқсаннан,жүзге деген сан есімдер әрі заттық ұғымды/тоқсан жастан және жүз жасау/,әрі оның мөлшерін,санын білдіріп тұр.

-«Кеңесіп пішкен тон келте болмас» дегендей,ал,қанекей жауаптарыңызды тыңдап көрелік.Мүмкін жаңа мақал-мәтел туып қалған шығар.

/Оқушылардың жауабы тыңдалады/

-Осы мақал-мәтелдер қосарлана айтылғанмен,бір-біріне туыс болғанмен өзара ерекшеліктері бар екенін айтып жатырмыз.Бүгінгі сабағымыздың мақсаты екеуінің өзара ерекшеліктерін пысықтау.Ендеше білімімізді пысықтау үшін жаттығу жұмысын орындасақ,қалай қарайсыздар?!

127-ЖАТТЫҒУ. Мақалдарды-бір бөлек, мәтелдерді бір бөлек көшіріп жазыңдар. «Ұжданы ақтың жүзі ақ» деген мақалдағы «ақ» сөзінің қандай мағыналарды білдіріп тұрғанын айтыңдар. /оқушылар жауабы/

/түсіндірме сөздік дәптермен жұмыс/Тақтамен жұмыс-дәптермен жұмыс/жазбаша-ауызша/

3.Қорытындылау.

-Жақсы ,балалар!енді сіздер, мақал мен мәтелдің ара-жігін ажырату білімдеріңді тексеру үшін «венн диаграммасымен»

III. Ойтолғаныс.

-Жаттығумен жұмысты бастайық.

158- жаттығу.Берілген тірек сөздерді қатыстырып,сан есімі бар сөйлемдерден тұратын мәтін құраңдар. Кітаппен жұмыс. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша жұмыс.

Сатылай кешенді талдау

-«Бір адам-самал.екі адам-амал,үш адам-жамал,төрт адам-қамал» демекші,сіздер,бұл жаттығуды«Жұптасып сурет салу» стратегиясы бойынша орындаңыздар.Және грамматикалық тапсырма:бір сан есімге сатылай кешенді талдау жүргізулерің керек.-Жұмыс тобы, іске сәт!

Топ басшысы жұмыс тобын құрып таныстырсын/жазушы,суретші,идея беруші,реттеуші/

,яғни мақал мен мәтелдің дара,ортақ қасиеттерін жазасыңдар.

-Алдымен,жеке, кейін топпен жұмыс жүргізесіңдер.

5-сынып оқушыларының жұмыс тобы шығып жауап береді.-Сері жігіттер,сөз кезегі өздеріңізде!

4.Бағалау.

-Рақмет,енді жұмыс тобының басшысы бағалау парағын негізге алып, топ мүшелерін бағаласын.Өйткені,бағалауға кезек келді.

5.Үйге тапсырма:-Күнделіктеріңе үй тапсырмасын жазып алыңдар.

125-жаттығу.

Оқушылардың жауабы тыңдалады.

159- ЖАТТЫҒУ.Мәтіннің құрамынан дара сан есімдерді бір бөлек, күрделі сан есімдерді бір бөлек екі баған етіп жазыңдар.

Кітаппен жұмыс.Дәптермен жұмыс.Тақтамен жұмыс.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша жұмыс.

Бүгінгі сабағымыздың қорытындысы ретінде «Семантикалық картамен» жұмыс жүргізесіздер.Алдымен,жеке, жұппен, кейін топпен жұмыс жүргізесіздер.

4.Бағалау.-Сөз кезегін жұмыс тобының басшысына береміз.

5.Үйге тапсырма. 161-жаттығу. «Еркін жазу» стратегиясы бойынша сан есімдерді қатыстырып, «Біздің сынып», «Біздің қала» және т.б. тақырыпта шағын шығарма жазып келу.Сан есімдерді құрамына қарай талдау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал