- Учителю
- Нәтиже сабақ «Спорт – денсаулық кепілі» , «Сын есім».
Нәтиже сабақ «Спорт – денсаулық кепілі» , «Сын есім».
</
С а б а қ ж о с п а р ы
Сабақтың тақырыбы |
Нәтиже сабақ «Спорт - денсаулық кепілі» , «Сын есім». | |||
Мақсаты |
оқушылар сабақта өткен тақырыптар бойынша білімдерін бекітеді, спорт тақырыбы бойынша үйренген сөздерді қолданып эссе жазады, сын есім тақырыбына түрлі тапсырмалар , тест орындайды. | |||
Күтілетін нәтижелер |
Өткен тақырып бойынша шығармашылық жұмыс орындайды, сын есім тақырыбына түрлі тапсырмалар орындайды. | |||
Сабақ түрі |
бекіту сабағы | |||
Тапсырмалар |
жеке жұмыс . | |||
Керекті жабдықтар |
Дәптер , компьютер , интернет желісі (ЦБР) | |||
Сабақтың барысы: | ||||
Сабақ кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті | ||
Кіріспе |
Оқушылармен амандасу. Үй тапсырмасын тексеру Сөздікті жатқа айту Мәтінді мазмұндайды. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? Зат есім дегеніміз не? Сұрақтарың атаңдар. Сын есім дегеніміз не? Түрлерін атаңдар. |
Үй тапсырмасын мазмұндайды, сөздікті жатқа айтады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
| ||
Білім |
Жеке жұмыс Эссе Менің сүйікті спорттық ойыным (5 балл)
|
Оқушы өзінің сүйікті спорттық ойыны туралы эссе жазады.
| ||
Түсіну |
Интерактивті тақтамен жұмыс Бақылау сұрақтары 1.Спортпен айналысқан адам қандай болады?(1балл) 2.Ибн Сина сөзін жазыңдар. (1балл)
3.Ұлттық спорт түрлерін жазыңдар. (1балл)
|
Сұрақтарға жазбаша жауап береді. | ||
Қолдану |
ЦБР - да жұмыстанады. Грамматикалық тапсырма. №1 Берілген зат есімдерді туынды сын есімге айналдырып жазыңдар. Көктем, аудан, мемлекет, орман, тау, су, шөп, қала, ауыл. (3 балл) №2 Аудиожазбадан өлең жолдарын тыңдап, сын есімдерді теріп жазыңдар.
1.Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп, Ауылдың маңы - терең сай, Тасыған өзен күрілдеп. Қалың ағаш жапырағы Сыбырласып өзді - өзі. Көрінбей жердің топырағы, Құлпырған жасыл жер жүзі.(5 балл) 2. Көкірегі сезімді, тілі орамды Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.(2 балл) 3. Қызыл арай, сары алтын шатырына Күннің кешке кіргенін көрді көзім.(2балл) 4.Сұр бұлт түсі суық , қапатайды аспан. Күз болса , дымқыл тұман жерді басқан.(3балл)
|
зат есімдерді туынды сын есімге айналдырып жазады.
Өлең жолдарынан сын есімдерді теріп жазады. | ||
Талдау |
ЦБР - да жұмыстанады. Тест 1.Зат есімді табыңыз. А) қызыл В) көйлек С) жаңа (1балл) 2. Жалқы есімді табыңыз. А) қыз бала В) Ақылбек С) өзен (1балл) 3. Сын есімді табыңыз. А) тәтті В) бөлке С) пісіреді (1балл) 4.Сын есім сұрағын табыңыз. А) қашан? В) қалай? С) қандай? (1балл) 5. Сапалық сын есімді табыңыз. А) үлкен В) таулы С) мемлекеттік (1балл) 6. Күрделі сын есімді табыңыз. А) кең В) тап- таза С) ақшыл (1балл) 7. Қатыстық сын есімді табыңыз. А) баласыз В) қысқа С) көкшіл (1балл) 8. «Желсіз» сөзі сын есімнің қай түріне жатады. А) күрделі В) сапалық С) қатыстық (1балл) 9. Туынды сын есімді табыңыз. А) табиғат В) өзен С) таудай (1балл) 10. Дара сын есімді табыңыз. А) құстай В) ала қызыл С) қара ала (1балл) | |||
Сабақты бағалау |
Суммативті бағалау 33- 28 балл - «5» 27- 22 балл - «4» 21- 15 балл - «3» 14- 0 балл - «2» | |||
Үй тапсырмасы |
|