7


  • Учителю
  • ҚАзақ тілінен 'Бақылау жұмысы '

ҚАзақ тілінен 'Бақылау жұмысы '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жақсы жолдас

Сурет сабағы еді. Асан дәптерін алдынат жайып, қарындаштарын шығарды да,мұғалім нің көрсетуімен сурет сызуға кірісті. Бір кезде қызыл қарындашын іздеп таба алмай қойды. Үйде қалдырып кеткен секілді. Қасында отырған балаға бұрылып:

  • Болат, қызыл қарындашымды үйде

қалдырып кетіппін, бере тұршы, - деп өтінді.

  • Өзіме керек ...

Келесі күні Болат:

  • Асан, таза дәптерің бар ма, бере тұршы - деп сұрады.

  • Қазір, менде болуы керек, - деп,

сумкасынан су жаңа дәптерді алып, Болатқа ұстатты.


1.Мазмұндау.

2.Мәтіннен төл сөзді табу

Мақтаншақ


Сарай маңындағы қоқыс төгетін сасық жәшіктің төңірегінде ұшып жүретін үлкен көк шыбын бір күні адасып күл -, ашық тұрған терезеден үйге кіріп кетті. Кең әрі жарық бөлменің ішін көргенде көзі жайнап, өзінің қайдан келгенін ұмытып:

  • Бұл - менің үйім! Менің үйім!- деп

мақтанып әрі - бері ызыңдап ұша бастады. Тіпті тыным таппай , бұрыш - бұрышты кезіп түгел шарлап шықты.

Оның ызыңынан үй иесі оянып кетті. Қолына сүлгіні алды да, мақтаншақ көк шыбынды далаға тырқыратып қуып шықты.

1. Мәтіннен тірек сөзді табу.

2. Мәтіннен құрмалас сөйемді табу.


Дән

Бір балапан жүгіріп жүріп, ауладан шашылған дән тауып алды. Балапан қайырымды еді. Ол ешқашан жалғыз өзі ештеңе жеген емес. Барлығын да бауырларымен бөліске салатын еді. Ол енді дәнге қарады да, ойланды.

«Дән өте кішкентай. Оны біреуіміз ғана жеу керек. Дәнді жерге көме тұрайын. Ал өзім тағы да дән іздейін. Сонда бәрімізге бірдей жетеді ».

Балапан әрлі -берлі жүгіріп, дән таба алмады. Бұны көрген Тауық ана былай деді:

  • Дәнің жерде қала берсін. Күзде байқайық,

одан не жасауға болады екен.

Күз де келді. Балапан дән көмген жерде ұзын бидайық өсіп тұр. Масағында көп - көп дәндер бар екен. Олар одан дәмді ботқа пісірді. Ағайынды балапандар тойғанынша жеді.

1.Жоспар құру.

2.Сұрақ дайындау

Қонақ таспақа


Кенет мектеп оқушылары бәрі бір жерге үйіле қалды. Бар оқушы сол топқа жинала бастады. Бұл не қызық деп мен де барып жеттім. Міне, қызық! Топ ортасында кіш-кентай ғана қоңыр тасбақа жүр. Керемет! Теледидардан, газет - журналдан көретін тасбақаны өз көзімізбен көріп тұрмыз. Бұл қызыққа аң -таң болған оқушылар бір -бірінен «Қайдан келген тасбақа?» деп сұрайды. Бұл сұраққа мен де жауап күтіп тұрмын. Ақыры тасбақаны Жамбыл облысынан Жамақов деген кісі қонаққа келерде ала келіпті. Сол тасбақаны Данаш Кеңесқызы оқушыларға көрсетуге мектепке әкеліпті. Бұл күн мектептегі бір ұмытылмайтын қызық күн болды. Өйткені тасбақаны көру біз үшін арман еді.


1.Сұрақ дайындау.

2.Тірек сөзді табу.

Нұрбектің батырлығы


Балалармен көрші үйдің жанында ойнап жүрген Нұрбек тығылмақ болып, байлаулы тұрған иттің алдына барып қалыпты. Нұрбек итті көрмей қалды. Ит ызаланып ар-р еткенде шошып кетті. Қашпақ болды. Нұрбектің оң қолы иттің ауызына ілігіпті. Қабаған ит тістерін батырған-ау, қолының терісі жалбырап тұр. Нұргүл оны аяп:

  • Ауырмай ма ?- деп сұрады.

  • Ит менің қолымды тістеді. Ал мен оның

тілін тырнап алдым,- деді.


1.Тірек сөзді табу.

  1. Мазмұнын айту.

  2. Етістіктерді тауып, талда.

Алғашқы сапар


Ұшақпен Астана қаласының әуежайына келдік. Сарыарқаның самалы соғып тұр. Әуе жақтан кірер жолда биік мемориал тұр. Ол- саяси қуғын көрген адамдарға арналған ескрткіш. Ескерткішке гүл шоқтарын қойдық.

Біз «Турист» қонақүйіне орналастық. Қала Есіл өзенінің бойында екен. Зәулім үйлер салыныпты. Маған Парламент үйі қатты ұнады.

«Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясының ғимараты да ерекше үлгілі. Біз балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық сарайында өнер көрсеттік.

  1. Мәтінді аудару.

  2. Мәтін бойынша сұрақ әзірлеу.

  3. Тәуелдік жалғауы бар зат есімдерді табу.


Ғарыштың қос қыраны

ХХ ғасыр... Бұл ғасырдың соңғы жылдарындағы ірі оқиғалардың бірі - ғарышқа қос қазақ азаматының ұшуы.

Қазақ даласының перзенттері бүкіл әлемге жаңа қырынан танылды. Біз тарихқа осындай жаңа жол бастадық. Бұл жол - Қазақстан елі үшін мәңгілік жол. Бұл жол біздің елімізді, жерімізді бүкіл әлемге танытады. Ғарыш кемесімен шексіз кеңістікке жол ашқан - Тоқтар Әубәкіров пен Талғт Мұсабаев болды.

Біз бүгінгі таңда ғарышқа алғаш қазақ жерінен түрен салынғанын айлақтың аты «Байқоңыр» екенін қалай мақтан етсек, тұңғыш қазақ ғарышкері атанған Тоқтар Әубәкіров пен тұңғыш қазақ ғарыш кемесінің командирі Талғат Мұсабаевты солай мақтан тұтамыз.


1.Жоспар құру

2. Мәтіннен сын есімді табу.

Тиін мен қасқыр

Тиін бұтақтан бұтаққа секіріп жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне секіріп түсті. Қасқыр оянып кетті. Ол тиінді жемекші болды.

Тиін:

- Мені қоя бер!- деп жалынды.

Қасқыр:

- Мен сені қоя беремін, бірақ менің бір сұрағым бар соған жауап бер. Мен болсам көңілсізбін, сендер, тиіндер, неге ылғи көңілдісіңдер ?

Сонда тиін:

-Алдымен мені қоя бер. Мен сенен қорқамын. Сонан соң айтамын.

Қасқыр тиінді қоя береді. Тиін ағашқа шығып алды да:

- Саған көңілсіз болатыны сен қастандықты ғана ойлайсың. Ал біз көңілдіміз. Ешкімге қастандық ойламаймыз,- деді.


Түлкі мен құмыра


Тамақ іздеп жүрген түлкі бір құмыраға тап болды. Құмыраның ішінде сүт бар екен. Түлкі құмырадағы сүтті ішіп алды. Енді басын құмырадан шығарайын десе, шығара алмайды. Түлкі:

- Құмыра, құмыра, біраз ойнадың ғой, енді жібер, - дейді.

Құмыра түлкінің басын босататын емес.

Түлкі енді ашуланып:

- Егер басымды босатпайтын болсаң, менсені суға тұншық-тырамын, - дейді.

Түлкі өзенге келеді. Ол құмыраны тұншықтырамын деп жүріп, өзі суға кетеді.


1. Сөздік құру.

2. Зат есімдерді теріп жазу.


Жатып ішу


Баяғыда Сыр бойының бір қазағы Арқаға қыдырып барады. Онан жұрт:

- Сіздің елде тұрмыс, күнкөріс қалай ?- деп сұрайды.

- Біздің елдің тұрмыс жайының несін айтасың, онда адам тамақты жатып жейді, - деген екен.

Соған қызығып, Арқаның бір кедейі Сырға көшіп келеді. Онда диқаншылықпен айналысып, таңның атысы, күннің батысы жұмыс істейді. Әбден шаршап, титығы құриды.

Тамағын отырып ішуге шамасы келмей, жамбастап жатып ішетін болады.

Арқаның кедейі Сыр қазағы сөзінің мәнісін сонда түсінеді.

1. Сұрақ әзірлеу.

2. Антонимдерді табу.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал